Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мэп-срс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.38 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Концессиялық келісім шарт түрлері

2. Объектілерді концессияға беру

3. Концессия шарты

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Концессия (латын сөзі concessio – рұқсат, жеңілдік беру) - концессия шарты бойынша мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жақсарту және тиiмдi пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ мұндай объектiлердi одан әрi пайдалануы үшiн концессионерге оны иелену, пайдалану құқықтарын беру арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қолдауды ұсыну арқылы не онсыз кейiннен мұндай объектiлердi мемлекетке бере отырып, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шартымен жаңа объектiлер құру (салу) құқықтарын беру. Басқа сөзбен айтқанда, концессия – әдетте мемлекет ұсынатын қызметтерді немесе мемлекеттің меншігін тиімді басқаруға жекеменшік секторын тарту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің бір нысаны. Көбінесе, жекешелендірілмейтін әлеуметтік маңызы бар нысандар, мәселен, аэродромдар, теміржол жолдары, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандары, қоғамдық көлік жүйелері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдени және спорт инфрақұрылымдар концессиялық келісімнің нысандары болып табылады. Жалпы, концессияның пәні болып келесілер есептеледі:

  1. Жер қойнауы, су, ормандар, жерлер, т.б. мемлекеттің меншігі;

  2. ҚР заңнамасымен тек мемлекетке тиесілі айрықша құқыққа жататын жеке қызметтер түрлері.

Концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шартын айқындайтын жазбаша келiсiм. Концессия бойынша концедент (мемлекет) табиғи ресурстарды, инфрақұрылым нысандарын, кәсіпорындарды, құрал-жабдықтарды пайдалануға беру құқығын концессионерге береді. Концедент оның есесіне бір реттік (паушалды) немесе роялти төлемдері түрінде сыйақы алады. Ал концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектiсiне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда).

Әлемдік экономикада концессияның рөлі артуда. Егер ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да нысандары концессияға беріле бастады. Ал Қазақстан Республикасына келетін болсақ, жабық экономикадан ашық экономика түріне көшу, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, ұлттық экономиканың сапалы инфрақұрылымды қажетсінуі, инфрақұрылым нысандарының елеулі тозуы осы проблеманы шешуде мемлекет пен жеке бизнес арасындағы серіктестікті қажет етеді. Мемлекет өнімділігі төмен шаруашылық жүргізу нысандарынан бас тартып, осы қызметті жеке секторға бөледі. Ал жеке сектор, өз алдына, мемлекеттік кепілдіктерді қолдана отырып, өндіріске ұйымдастырушылық тәжірибе, білім, ноу-хау енгізіп, инвестицияларды іске асырып, кәсіпкерлік қызметтегі қатерлерді азайтады. Осы ретте мемлекеттің қарамағында баға қалыптастыру стратегиясы, тарифтік саясат, қауіпсіздік, т.б. болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Концессиялық келісім шарт түрлері

Концессиялық келісім шарттын негізгі мына түрлері ажыратылады:

  1. Толық концессионды келісім – концессионер үшін оның өндірген тауары үшін меншік құқығының сақталуы. Басқа да шарттар келісімде көрсетілмесе, концессионер заңда көрсетілген барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуі қажет.

  2. Өнімді бөлу туралы келісім бұл – концессионер өндірген өнім концессионер және мемлекет арасында белгілі көлемде, белгілі келісім арқылы бөлінетін келісімшарт түрі болып табылады.

  3. Қызмет көресету туралы (жұмысты орындау) келісім бұл - өндірілген өнімді иемдену құқығы толығымен мемлекетке беріледі, ал концессионерге атқарған қызметі үшін сыйақы берілетін келісім түрі. Егер келісім тәуекелмен бірге жүретін болса, концессионерге сыйақы тек келісімшартта көрсетілген шарттар орындалған жағдайда ғана беріледі. Егер келісімде тәуекел жоқ болатын болса, концессионерге сыйақы келісім нәтижесіне тәуелсіз беріледі.

  1. Объектiлердi концессияға беру

Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:

-іріктелген ұсыныстардың тізілімін дайындау;

-тізбені қалыптастыру;

-концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;

-концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.

1 - кезеңде      ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын; концессиялық жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ салада орын алған проблемаларды шешуді; концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды; концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды; концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалауды қоса алғанда, салалық сараптаманы негізге ала отырып, жеке бастама тәртібімен жеке немесе заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескеріп қалыптастырады. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.       Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін іріктеліп алынған ұсыныстардың тізілімін қалыптастырады.

     2 – кезеңде тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады: 1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері; 2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.       Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.

     3 – кезеңде концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.     

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта ықтимал концессионерлермен кездесу өткiзуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздерi көрсетiлмеген конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге жiберiледi. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекiтедi. Конкурс өткiзу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау мiндеттi болып табылады. Конкурс өткiзу туралы ақпарат концессия объектiлерi туралы, конкурсты ұйымдастырушыға табыс ету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы мәлiметтердi, конкурс жарияланған объектiнiң сипатына қарай ықтимал қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуға тиiс. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде міндетті түрде жариялайды.

      4 кезеңде концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу жүзеге асырылаы. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешiмi негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады. Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспауға тиiс.

      Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.