Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.47 Кб
Скачать

50 Жетік техниканың дамуынан туындайтын ірі қалалардағы проблеманны шешу жолдарын көрсетіңіз

Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінің урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация – қалалану – латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді.Қазіргі жағдайларда адаманың қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалық тұрғындар саны өсуі – заңдылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдық байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамтамасыз ету; өндірістік және қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік – көлік пен байланыс, инфрақұрылымдарының өрістеуіне ықпал етуде.Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, кейбір қалалардың ауа бассейндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың шоғырлануы белгіленген нормативтерден бірнеше есе артады. Сондықтан адамның тіршілік етуіне қолайлы (оптимальды) орта тудыру жөнінде мәселе туындайды.Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалардың өсуі адамзат өркениеті дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 20-ғасырда миллион тұрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн. адам), Шанхай (26 млн. адам), Сан-Паулу (22 млн. адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11 %-дан 1989 жылы 46 %-ға дейін.Бұрынғы КСРО қарамағында болған біздің Республикада қалалық тұрғындар саны 1926 жылы – 18 %, 1940 жылы – 33,0 %, 1959 жылы – 48 %, 1986 – 66,0 % және 1989 жылы – 51,0 % құрады.Қазіргі урбанизация – біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдық үрдістердің бірі. Бұл өндіруші күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өндірістік қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи заңдылық үрдістері, бұл тұрғындар қайта өндірілуінің жаңа тәртібіне демографиялық өту, аз балалы жанұяға, төмен туушылыққа, тұрғындардың жас шамалық жаңа құрылымына өту.Осылайша, урбанизацияны қалалардың сандық өсуінің үрдісі емес, көрсеткіштер құрылымы мен урбанизацияның бағалануын қоғамдық санада заңдылықпен өзгеретін, өз дамуында фазасы бар үрдіс ретінде қарау керек.

Лист 2

1Тұрақты даму және оның критерийлеріне сипаттама.

Тұрақты даму ұғымының мағынасы « болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру». «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мҥмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.