Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.47 Кб
Скачать

29. Озон қалқанының тірі организмдер үшін маңызын қалай түсінесіз және оған антопогендік әсерді сипаттаңыз.

жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған.

Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек ( ) молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде ( ) пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады

30 . Қала жасыл желектерінің маңызын дәлелдеңіз

Елді мекендерді гигиеналық көзқарас бойынша жасыл желектердің маңызы зор. Жасыл желектер микроклимат жағдайын жақсартады, жағымсыз факторлар әсерін барынша әлсіретіп, адам организміне, оның жүйке жүйесіне қолайлы әсер етеді. Жасыл желектер ортасында жылу алмасу процестері ашық жерлерге қарағанда жылу реттеу аппаратына аз күш түсумен өтеді. Жасыл өсімдіктердің тозаңды ұстап қалу рөлдері де жоғары, олар қалқымалы тозаңның 72 % күкіртті газдың 60 % ұстап қала алады. Орманда жазда ауа температурасы қалаға қарағанда 3 градустан төмен, ал ылғалдылық 15 – 20 % жоғары болады. Қыста керісінше теректер арасы ашық кеңістікке қарағанда жылылау. Жасыл желектердің желден қорғау қасиетінің де маңызы зор.

Парктерде, скверлерде желдің жылдамдығының қала алаңдарына қарағанда екі есе аз екендігі белгіленген.

Жасыл желектер қалалық шуды барынша әлсіретеді. Жасыл желектердің иісі, түсі, жапырақ сыбдыры, көлеңкесі адамға эстетикалық әсер етеді. Елді мекенді архитектуралық жағынан көркемдеумен қатар, халықтың жақсы демалыс орны болып табылады.

Жасыл желектердің ғылыми негізделген нормалары әзірге жоқ. Тұрғын аудандардың құрылыс орнынан, алаңдардан, тротуарлардан бос басқа жерлердің бәрін көгалдандыру қарастырылуда., яғни шамамен тұрғын ауданның 40 – 50 % құрайды.

31. Урбанизациялаудың бүкіл дүниежүзілік елдерге тән үш ортақ белгісін талдаңыз

Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр. Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».

32 . Осыдан 25 жыл бұрын, 1986 жылы сәуірдің 26-сы күні Чернобыльдің төртінші реакторында жарылыс болып, оның радиациясы аймаққа қатты тараған еді. Чернобыльдегі ядролық апаттың радиациялық қою түтіні Беларусь пен Ресейге дейін жеткен. Жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапты, кейін мыңдаған тұрғын радиациядан уланып қайтыс болды. Чернобыль апаты құрбандарының нақты саны қанша екені әлі күнге дейін анық емес.

33. Қалалық экожүйе (Городская экосистема) — қала аумағы және оның тұрғындары (адам және басқа тірі организмдер). Қалалық экожүйе — бұл гетеротрофты антропогенді экожүйе.В.Мазинг бойынша қалалық экожүйеде үш ерекшелік бар: 1) тәуелділік, яғни, ресурстар мен энергияның тұрақты түсіп түру қажетгілігі; 2) теңсіздік, яғни, экологиялық тепетеңдікке жетудің мүмкін еместігі; 3) қатты заттектің қалалық экожүйеге шеттен әкелінуі оның шетке шығарылуынан артық болуы есебінен оның тұрақты шоғырлануы. Ю.Одумның бейнелеп айтуынша, қала "биосфера паразиті" болып табылады. Өйткені, қала өттектің, судың және т.б. ресурстың көп мөлшерін пайдаланып, тек көмірқышқыл газын шығарып, қоршаған ортаны ластайды. Қалалық экожүйенің биосфераға зардапты ықпалын азайту және қалалық экожүйе ішіндегі адам тіршілігінің жағдайының жақсарту мүмкіндіктерін қалалық экологиязерттейді.