Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.47 Кб
Скачать
  1. Мұхит, теңіз, көл суларының ластануынан (мұнай, тұздану, пестецидтер, ауыр металдар т.Б.) су биоценозының бұзылуын әсерін көрсетіңіз

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл  мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды: *биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; *химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; *физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз  су  сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті  көрсеткішпен анықталады.Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: *тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; *өнеркәсіп орындары; *ауыл шаруашылығын химияландыру: *халық шаруашылығының басқа да салалары.Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.Лас  сулардың ішінде  тұрмыстық сарқынды  суларда органикалық  заттар 58%, минералдық  заттар 42 тей  болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын  заттармен  сулардың  ластануы өте  қауіпті. Бұлар –химиялық  ластану  көздері. Соның  ішінде сулы  экожүйелердің пестицид, гербицид және  басқа  да химиялық  улы  препараттармен ластануы Қазақстанда  кең  етек алған. Мәселен, мақта  мен  күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне   қарсы бұрынғы Кеңес  үкіметі кезеңінде өте  көп  химиялық  заттар  пайдаланылған Нәтижесінде, су  ластанып,  оның  сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз  кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары  азық –түлікпен  адам организмін кері  әсерін  тигізді.

Қазіргі  кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар  жер  асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен  және еріген зиянды заттармен  ластанып  отыр.

  1. Тұщы судың антропогенді эвтрофикациялануы (биогенді заттар – азот, фосфор, жуғыш заттар, малшаруашылығының қалдығы т.Б.)

Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1] Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр. Ағзалардың тіршілік процесіне қажетті азот, фосфор, кремний және басқа элементтердің қосындылары жатады. Сол себепті оларды биогенді заттар деп атайды. Олардың мөлшері әр текше метр суға шаққанда миллиграммен (мг/м3) өлшенеді, яғни тұздылыққа қарағанда, миллион есе бөлшек бірлікпен өлшенеді. Бұл заттар судың физикалық қасиеттеріне әсер етпейді, ал олардың мөлшері жөне арақатынастары тіршілік- тегі биохимиялық процестермен анықталады.