Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.47 Кб
Скачать
  1. Биосфера құрамына кіретін тірі және өзге заттарға анықтама беріңіз

Сырттай қарағанда тірі организмдер мен өлі табиғат, ресурстарында үлкен айырмашылық бар ғой деп ойлайсыз. Зеррттеп қараған кезде олардың бірінсіз – бірінің тіршілігі жоқ екенін көрсетеді. Қайта олар бір – бірімен жан – жақты және тығыз байланыста болатыны анықталды. Айналаны қоршаған өлі атмосфераның ресурсынсыз өмір сүре алмайды, себебі ол айналаны қоршаған ортаға да терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізеді. Тірі ағзалар (өсімдіктер қалдықтары) топырақтың қара шірігін құраушы, тіпті топырақтың негізін құрайтын негізігі фактор болы есептелінеді. Топырақ өлі дене емес. Ол тіршілік ортасы. Жерді қоршаған атмосфера, бір жағынан тіршілік ортасы болса, екіншіден, оның қазіргі физикалық құрамы тірі ағзалардың әрекеті арқылы пайда болады. Жер бетін мекендейтін бүкіл тірі организмдердің жиынтығы өмір сүретін ортасымен қосыла отырып, өзгеше қабат биосфераны құрайды. В. И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей келе биохимиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар», екінші тобы биогенді, үшіншісі – биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше категорияларға бөлді. Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт жататынын В. И. Верданский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі биоорганикалық қосылыстар жасап, көмірсулар, Жоғары молекулалы заттар – белоктар, нуклеин қышқылдары, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышықылы (РНҚ), липиттерді синтездейді.  Бұл химиялық қосылыстар биосферадағы тірі организмдердің негізгі құрамы тіршілік тірегі. В. И. Вернадский биосферадағы зат және энергия айналымдарының тұрақты өсіп – даму үрдісіндегі адамзат баласының ақыл ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе В. И. Вернадский өзінің өте маңызды теорияларының бірі – биогеохимиялық концепцияларын дүниеге келтірді. Сөйтіп, ноосфера ғылымының негізін қалады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы гипотезалар жасады.

  1. В. И.Вернадскийдің теориямен тірі заттың негізі биогеохимиялық функциясын талдаңыз

«Биосфера» түсінігің екі анықтамасы бар, оның бірі терминнің ғылымда п/б қатар белгілі. Ол биосфераны жердегі барлық тірі ағзалар жиыны ретінде қарастырады. Топырақ туралы ілімнің негізін салушы ғалым Докучаевтың шәкірті В.И.Вернадский тірі және өлі жүйелерді зерттегі келе тірі мен өлінің арасында үздіксіз байланыс барын көрсетіп, биосфера түсінігіне жаңаша көзбен қарады. Ол биосфераны тірі мен өлімнің бірігу сферасы ретінде қарастырды.Мұндай Вернадский тұжырымы жердегі өмірдің п/б мәселесіне деген көзқарасты анықтады. Жердегі өмірдің п/б жайлы төмендегідей тұжырымдар белгілі:1.      Өмір жер п/б дейін туындап соңынан жерге әкелінген.2.      Өмыр жер п/б кейін туындаған.3.      Өмір жермен бірге туындаған.Вернадский соңғы көзқарасты қолдады, яғни, биосфера жерде әрдайым болған.Вернадский биосфера деп барлық үрдістер тірі ағзалардың тікелей әсерімен өтетін жердің жұқа қабығын есептеді. Биосфера литосфера, атмосфера, гидросфера қиылысында орналасып 10 километр терең, 33 километр жерден жоғары диапазонды қамтиды.Сонымен қатар, биогеохимиямен айналысқан Вернадский Менделеев жүйесінің барлық элементтері тірі ағзалар жүйесінде кездеседі деді. Сонымен қатар, Вернадский энергияның тірі ағзалардағы маңызын атай келіп, оларды энергияна алмастырушы тетіктер д/а.Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен. «Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді. «Косный» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, «Биокосный» заттар кең таралған.  «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:1)Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.2)Қозғалыстың белсенділігі. 3)Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау. 4)Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).5)Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.6)Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.