Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ОМ 11.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.74 Кб
Скачать

Орындай алуға тиісті:

  • қауіпсіздік техникасының ережелерін химиялық зертханалардағы жұмыстың барысында қолдану, медициналық тәжірибеге қажетті химиялық ыдысты, негізгі құралдарды және физикалы-химиялық өлшеу әдістерін пайдалану;

  • ерітіндінің молярлық, моляльдық концентрациясын, эквиваленттің молярлық концентрациясын, еріген заттың массалық үлесін, титрін және химиялық реакциялардың жылу эффектлерін есептеу;

  • рН-ты потенциометриялық өлшеу, хроматографиялық сараптама жүргізу;

  • адсорбция шамасын, коагуляция қадамын, биополимерлердің ісіну дәрежесін, төмен молекулалық заттардың салыстырмалы молекулалық массасын криометриялық және ЖМҚ вискозиметрлік деректер бойынша анықтау;

  • коллоидтық ерітінділер алу және олардың қасиеттерін зерттеу;

  • органикалық қосылыстарды көміртегілік қаңқаның құрылысы және функционалдық топтардың табиғаты бойынша жіктеу;

  • химиялық қосылыстардың номенклатура ережелерін пайдалану;

  • органикалық молекулалардың биологиялық қызметтерін олардың құрылысы және әрекеттесу қабылетімен байланыстыру;

  • қанықпаған қосылыстарды, амин қышқылдарын, моносахаридтерді, молекуладағы пептидтік байланысты, функционалдық топтарды сапалық анықтау;

  • органикалық химияның теорилық негіздеріне сүйеніп, органикалық қосылыстардың химиялық тәртібін қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында болжау;

Дағдыларды меңгеруге тиісті:

  • нақты концентрациялы ерітінділер дайындау, ерітінділердің тығыздығын және рН-ын анықтау;

  • рН шамасы нақты буферлік ерітінділер дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау;

  • биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына, сол сияқты органикалық қосылыстардың маңызды функционалдық топтарына сапалық реакциялар жүргізу.

Алғы реквизиттер: химия, физика, математика, биологиядан мектеп курсы.

Кейінгі реквизиттер: молекулалық биология, биохимия, фармакология, физиология, жалпыгигиена.

Пәннің қысқаша мазмұны.

Химиялық термодинамиканың негіздері. Химиялық реакциялардың кинетикасы. Ерітінділер туралы ілім. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Буферлік ерітінділер. Химиялық байланыс. Комплекстік қосылыстар. Биогенді элементтер. Тотығу-тотықсыздану процестері. Беткейлік құбылыстар. Дисперстік жүйелердің физикалы-химиялық қасиеттері. Жоғары молекулалық қосылыстар. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Спирттер, аминдер, азо- және диазоқосылыстар. Оксоқосылыстар. Гетерофункционалдық органикалық қосылыстар. Амин қышқылдары. Белоктар. Көмірсулар. Гетероциклдық қосылыстар. Нуклеин қышқылдары. Липидтер.

Тақырыптық жоспар

Дәрістердің тақырыптық жоспары.

Тақырыптың аттары

Жүргізілу түрі

Ұзақтығы

1.

Ерітінділер туралы ілім. Буферлік ерітінділер.

Проблемалық дәріс

1

2.

Жоғары молекулалық қосылыстар.

Проблемалық дәріс

1

3.

Амин қышқылдары. Пептидтер.Белоктар.

Проблемалық дәріс

1

4.

Көмірсулар.

Проблемалық дәріс

1

5.

Гетероциклдық қосылыстар Нуклеин қышқылдары..

Проблемалық дәріс

1

6.

Липидтер.

Проблемалық дәріс

1

Барлығы

6