
Ф КГМУ 4/3-03/02
ПП КГМУ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
СИЛЛАБУС
«Химия» пәні бойынша
5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығына арналған
Оқу сағаттарының көлемі 90 сағат
Курс 1
Семестр 1,2
ҚараҒандЫ 2011
Силлабус «Химия» пәні бойынша 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін 12.11.2008ж. бекітілшен жүмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Силлабус химия курсының мәжілісінде қарастырылып, бекітілді.
29. 08 . 2011ж. Хаттама № 1
Курсқа жауапты ___________Л.М. Власова
Оқытушылар туралы мәлімет
Ф.И.О. |
Дәрежесі |
қызметі |
Педагоги-калық стажы |
Ғылыми қызығушылығы |
|
Ногаева Айнагуль Ногаевна |
- |
оқытушы |
6 жыл |
Биологиялық белсенді заттардың фармакологиялық қасиеттерін тану.
|
|
Сарсенбекова Акмарал Жакановна |
магистр |
оқытушы |
3 жыл |
Құрамына феилпропаргилоксибензол кіретін сұйық кристалдардың кеңістігін оқу. |
|
|
- |
оқытушы |
2 жыл |
Химиялық реакциялардың энергетикалық айналымын зерттеу |
|
Реметова Назигуль сериеовна |
- |
оқытушы |
4 жыл |
Потенциометриялық титрлеу әдістерін зерттеу |
Байланыс ақпараты: Ерубаев көш., 18, корпус 1
Пәннің саясаты:
Аталған пән бойынша саясат «Химия» пәнінен бағдарламалық материалды терең меңгеруге бағытталған. Студенттер пәнді оқу барысында дәрістер курсына, зертханалы-практикалық сабақтарға, оқытушымен өздік жұмыстарға міндетті түрде қатысулары керек. Босатылған сағаттар компьютерлік орталықта тест түрінде қайтадан тапсырылады. Студенттер пән бойынша тарауларды бағдарламалық материалға сәйкес 4 аралық бақылау және 1 қорытынды бақылау тапсырады. Пәнді меңгеру студенттердің ауызша емтихан және тест тапсыруымен аяқталады. Егер студент пәнді толық өтпесе және төмен рейтинг алса, қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмейді.
Кіріспе
Аталған силлабус ҚММУ «Жалпы медицина » мамандығына арналған. Дәрістер мен практикалық сабақтардың тақырыптары аталған мамандық бойынша мамандар дайындау сипатына сәйкес таңдалған.
Қазіргі кезде жоғары білімнің міндетті талабына оқытудың негізділігі жататындығы баршаға белгілі. Химия жанды жүйелердегі процестерді зерттеудің және меңгерудің негізгі ғылымы және қуатты құралы болып есептеледі. Сондықтан, медициналық мамандықтардың студенттері бұл ғылымның негізгі түсініктерін, заңдарын және әдістерін жақсы меңгерулері керек. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық химия курсының аса маңызды тақырыптарын қарастыру көзделген.
«Химия» пәні биохимияның, молекулалық биологияның, физиологияның, фармакологияның, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеру үшін қажетті теориялық қорды дайындайды және медициналы-биологиялық, клиникалық пәндерді оқыту барысында негізі ғылымдардан алынған ғылыми көз-қарасты және жаңаша зерттеу әдістерін кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді.
Студенттерді адам ағзасында молекулалық және жасушалық деңгейде жүретін процестердің физикалы-химиялық табиғатын және механизмін қарастыру барысында қолдануға болатын және осы процестерге қажетті есептеулерді орындау үшін керекті біліммен жасақтау керек.
Пәннің мақсаты:
Студенттердің адам ағзасын зертеудегі тұтас физикалы-химиялық, табиғи-ғылыми көз-қарасын, сол сияқты жанды ағзада орын алатын маңызды биохимиялық процестердің және сан-алуан тепе-теңдік түрлерінің химиялық және физикалы-химиялық дәйектемесін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
химиялық термодинамиканың негіздері туралы түсініктемені қалыптастыру және химиялық энергияның басқа энергия түрлерімен байланысын жанды жүйелерге қатысты айқындау;
табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылысы мен химиялық қасиеттерінің арасындағы өзара байланыс туралы түсініктерді қалыптастыру;
физикалы-химиялық заңдылықтарды ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін пайдалануға үйрету;
заттардың, оның ішінде жанды ағзалардың органикалық компонентері мен дәрілік препараттарының химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;
әдебиетпен және деректердің электрондық қорымен жұмыс дағдыларына үйрету.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуге тиісті:
химиялық термодинамиканың маңызды теориялық қағидаларын, термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;
ерітіндінің құрамын бейнелеудің басты әдістерін;
ерітнділердің коллигативтік қасиеттерін, олардың ағзадағы маңызын;
атомдар мен молекулалардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия түсінігін, биогенді элементтердің химиясын;
қышқылды-негіздік тепе-теңдіктің табиғатын және ағзаның буферлік жүйелерінің қызметін;
тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;
беткейлік құбылыстардың физикалы-химиялық заңдылықтарын, жанды ағзаның биологиялық мембраналары мен дисперстік жүйелерінің құрылымы мен қасиеттерін;
жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) мен биополимерлердің табиғаты мен физикалы-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін;
органикалық қосылыстардың жіктелу және номенклатуралық ережелерін;
химиялық реакциялардың түрлерін және механизмдерін;
органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалдық топтарының мүмкін деген өзгеру жолдарын;
органикалық қосылыстардың құрылысындағы және химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктері мен олардың биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланысты;
биореттегіштер мен биополимерлердің тіршілік процестеріндегі маңызын.