Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұңғыларды бұрғылау УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.19 Mб
Скачать

7 Дәріс. Алмасты коронкалармен бұрғылау

Қазіргі кезде қатты және берік тау жыныстарын бұрғылауда алмаспен бұрғылау кең қолданылып жүр.

Бұрғылау аспабының құрамы қатты қорытпамен бұрғылаудағы аспаптың жабдықталуына ұқсас. Аспаптың ерекшеліктеріне келесілер жатады.:

- тау жыныстарын талқандау алмас коронкалармен жүзеге асады;

- коронка мен колонкалық құбыр арасындағы аспаптың жабдығына кеңейткіштер енгізілген.

Алмас коронкалар үш түрлі болады:бір қабатты, көп қабатты және импрегнирленген. Соңғы жылдары тек бір қабатты және импрегнирленген алмас коронкалар шығарылады және қолданылады.

Алмас коронка конструкциясының жалпы сұлбасы 10 суретте кескінделген.

Алмас коронка болат корпустан 1, кей кездері оны короналық сақина деп те атайды, алмасты матрицадан 2, көлемді алмастардан 5, перифериялық 4 және кесілген алмастардан 3 тұрады.

Матрица металлокерамикалық ұнтақтан жасалады, арнайы формада алмастарды орналастырғаннан кейін пеште пісіріледі де қажетті қаттылыққа жетеді.қаттылығы бойынша матрицалар бес топқа бөлінеді: жұмсақ, орта, қатты, өте қатты. Шетел компанияларында матрицалар 9 классқа бөлінуі мүмкін. Коронка түрін белгілеу үшін келесі индекстерді пайдаланады: А – бір қабатты, М – көп қабатты, И – импрегнирленген.

Бір қабатты коронкалар негізінен құрамында кварц бар біркелкі құрылымды монолит, бұрғыланғыштық категориялары VI-X тау жыныстарын бұрғылау үшін қолданылады. Көп қабатты коронкалар абразивті және жарықшақты, бұрғыланғыштық категориялары IX-XI тау жыныстарын бұрғылауға арналған.

Импрегнирленген коронкалар аса абразивті, жарықшақты және қатты бұрғыланғыштық категориялары IX-XII тау жыныстарын бұрғылауға арналған.

Алмас коронкалардың өлшемдері төмендегі кестеде келтірілген.

6 кесте. Алмас қашаулардың өлшемдері

Сыртқы диаметр, мм

Ішкі диаметр, мм

Корпустың сыртқы диаметрі, мм

Корпустың ішкі диаметрі, мм

Коронка биіктігі

26

14

24,5

15

55

36

22

34,0

23

55

46

31

44,0

33

55

59

42

57,0

44

55

76

58

73,0

60

55

93

73

90,0

76

65

112

82

109,0

95

65

Коронкаларды белгілеу үшін индексация жүйесі қолданылады. Оған сәйкес әр коронканың түрі мен маркасын сипаттайтын, оның қысқаша техникалық сипаттамасын беретін, зауыттағы номерін және өндіруші зауыт номерін көрсететін индексі болуы тиіс.

Мысалы, коронка корпусында келесі маркировка жазылған: 03ИБ, Д150, К30, 125740АИ. Мұндағы 03 коронка конструкциясының реттік номері, индекстің бірінші әрпі И коронканың конструктивтік түрін (импрегнирленген) көрсетеді, , 5 саны коронканың матрицасы аса қатты екенін көрсетеді, Д әрпі көлемдік алмастардың үгітілгенін көрсетеді, 150 саны көлемдік алмастардың түйіршікті екенін көрсетеді, К- кескіш алмастардың сортын, 30 кескіш алмастардың түіршіектелгенін көрсетеді. Содан кейін коронка номері мен өндіруші зауыттың тауарлық белгісі белгіленген.

Алмас коронкалардың түйіршіктігі – бұл 1 караттағы алмас түйіршіктерінің саны.

Кеңейткіштер. Ұңғы бұрғылау кезінде коронкалар өзінің шеттерімен ғана емес, сонымен қатар бүкіл диаметрі бойынша да тозады. Коронканың диаметрі бойынша тозуы ұңғы оқпанының конусталуы деп аталатын ұңғы диаметрінің кішірейюіне алып келеді. Бұл құбылыс бұрғылау кезінде кері әсер етеді, өйткені бұл қажағыш материалдарды аса шығындайды, яғни бұрғылау үрдісі қымбаттайды деген сөз.

Бұл құбылыстың алдын алу үшін бұрғылау аспабының жабдығына, колонкалық құбыр мен коронка арасына ұңғы оқпанының кішірейген аймақтарын кеңейтетін алмас кеңейткіштер енгізеді.