
- •I.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері:
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Білімді бақылау және бағалау.
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
- •Студенттер білімін бағалау
- •Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар тізімі
- •Курстың саясаты пен процедурасы
- •Берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •1 Дәріс. Кіріспе. Геофизика, оның тақырыбы (зерттеу объектісі) және әдістері.
- •2 Дәріс. Магниттік барлау. Магниттік барлаудың физикалық, геологиялық негіздері.
- •Магнитті дипольдің өрісі.
- •Ядролық-прецессиялық (протонды) магнитометрлер.
- •Квантты магнитометрлер.
- •4 Дәріс. Магниттік барлаудың қолданылуы
- •Ауырлық күшінің қалыпты мәні.
- •Ауырлық күші редукциясы.
- •Ауырлық күшінің аномалиясы.
- •5 Дәріс. Таужыныстардың тығыздығы.
- •Гравитациялық барлауда өлшенетін параметрлер.
- •Гравиметриялық түсірулер әдістемесі.
- •Жердегі гравиметриялық түсірулер.
- •6 Дәріс. Гравиметриялық түсірулер мәліметтерін өңдеу.
- •7 Дәріс. Электрлік барлау. Электрлік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
- •8 Дәріс. Тұрақты ток өрісіне негізделген электрлік барлау әдістері.
- •9 Дәріс. Сейсмикалық барлау.
- •Геологиялық ортада серпінді толқындардың тарауының теориясы негіздері. Серпінділік теориясы негіздері.
- •Серпінді толқындар.
- •Геометриялық сейсмика негіздері.
- •5. Сейсмикалық сәуле ұғымы.
- •10 Дәріс. Сейсмикалық толқындардың типтері.
- •Сейсмикалық орта мен шекаралар.
- •Сейсмикалық барлаудың аппаратурасы және жүргізу әдістемесі. Сейсмикалық барлаудың аппаратурасының жалпы сипаттамасы.
- •Серіппелі толқындар көздері.
- •Жазу мен қайта шығару арналары.
- •Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау түрлерін жүргізу әдістемесі.
- •12 Дәріс. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу, интерпретациялау. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу. Оның мағынасы және нәтижелері.
- •Сейсмикалық барлау мәліметтерін сандық интерпретациялау. Сандық интерпретациялаудың мағынасы мен қорытынды нәтижелері.
- •Белгілі шағылдырушы және сындырушы шекаралар үстіндегі көп қабатты қатқабаттарда толқындардың жылдамдықтарын анықтау.
- •Сейсмикалық барлаудың қолданылатын облыстары.
- •Инженерлік-гидрогеологиялық сейсмикалық барлау.
- •13 Дәріс. Радиометрия ядролық геофизика Ядролық геофизиканың физикалық-химиялық және геологиялық негіздері.
- •Радиоактивтілік туралы жалпы мәліметтер. Табиғи радиоактивтілік.
- •Ядролық-физикалық қасиеттердің жалпы сипаттамасы.
- •Таужыныстар мен орталардың негізгі нейтрондық қасиеттері ретінде олардың нейтрондарды жұту және шашырату қабілеттері саналады. Таужыныстар мен рудалардың радиоактивтілігі.
- •14 Дәріс. Радиометрияның жалпы сипаттамасы.
- •Барлаудың радиометриялық әдістері оларды жүргізу әдістемесі. Түсіру нәтижелерін бейнелеу.
- •2. 3 Зертханалық жұмыстар жоспары.
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (соөн) шеңберіндегі сабақтар жоспары
- •3. Тапсырма. Дұрыс геометриялық пішінді магниттелген денелерге арналған тура есепті шешу.
- •10. Тапсырма. Таужыныстарда серпінді толқындардың тарау жылдамдықтары.
- •13. Тапсырма. Ядролық геофизиканың аппаратурасы мен әдістері..
- •14. Тапсырма. Үңгілердің қабырғаларын және таужыныстар үлгілерін радиометриялық зерттеу.
- •15. Тапсырма. Гамма-түсірулермен шешілетін міндеттер.
- •Дұрыс жауаптар кодтары
- •2.7 Өткен материалдар бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
Ядролық-прецессиялық (протонды) магнитометрлер.
Сыртқы өріспен әсерлесетін зат – жұмыс элементі – ретінде протонды магнитометрлерде протонға бай су, ацетон, спирт сияқты сұйықтықтар қолданады. Сұйықтық толтырылған ыдысты полярлаушы катушка ішіне орналастырады. Өлшеу кезінде сыртқы өріс әсерінен пайда болған сұйықтықтағы прецессия жиілігі – f тіркеледі, оның шамасы қайта есептеліп, бақылау таблосынан өріс кернеулігінің толық векторының – Т шамасы көрсетіледі. Осы принципте МПП-203, М-61 т.б. магнитометрлер, МСС-214 аэромагнитометрі, ММП-3 гидромагнитометрі жұмыс істейді. Өлшеу дәлдіктері ±1 нТл.
Квантты магнитометрлер.
Аталған
магнитометрлерде Зееман
эффектісін
қолдана отырып магнит өрісі индукциясының
модулінің
абсолюттік
мәнін өлшейді. Зееман
эффектісі: кейбір заттардың атомдары
әр түрлі энергетикалық деңгейде болады,
осы деңгейлер сыртқы өріс әсерінен одан
да майда деңгейлерге бөлініп кетеді.
Бөлшектердің бір энергетикалық деңгейден
келесісіне өту жиілігін f жаяу
тасымалданатын квантты магнитометрлер
М-33, ММП-303 гидромагнитометр КМ-8,
аэромагнитометр КАМ-28 т.б. тіркейді. f
шамасы сыртқы өріс кернеулігінің толық
векторына
пропорционалды. Өлшеу дәлдігі
±1
нТл.
Магниттік түсірулерді жүргізу әдістемесі.
Магниттік барлаудың әдістемесі – далалық өлшеу, өңдеу, нәтижелерді бейнелеу жұмыстарының жүргізу тәсілдері – түсіру түрін, оның масштабын, профиль (өлшеу сызықтары) бағытын, өлшеу нүктелерінің (пикеттердің) жиілігін, өлшеу дәлдігін және нәтижелерді бейнелеу тәсілін таңдаумен анықталады.
Магниттік түсірулер профильдік және аудандық болып келеді. Жеке профильдер бойынша түсірулер аномалиялы өрістердің жалпы заңдылықтарын анықтау мақсатындағы алдын-ала зерттеулерде қолданылады. Кейде интерпретациялық профильдер де аудандық түсірулер арқылы анықталған аномалияларға перпендикуляр бағытта жүргізіледі. Түсірулердің негізгі түрі параллель профильдер жүйесімен орындалатын аудандық түсірулер. Профильдер ара қашықтығын болжанған аномалия құраушы дене ұзындығынан 3-5 есе, пикеттер арасын (түсіру қадамы)дененің енінен 3-5 есе аз алады. Түсіру қадамын әдістемені жүйелеу (стандартқа келтіру) үшін 1, 5,10, 20, 25, 50 немесе 100 м етіп таңдайды. Дененің ықтимал бағытына перпендикуляр профильдердің ара қашықтығы қадамға тең немесе одан 2-3 есе артық болады. Түсіру дәлдігін бағалау үшін барлық пикеттер санының 5 - 10%-де қайта өлшеулер жүргізіліп,
,
(5.1)
мұндағы δi – і-ші нүктедегі жалпы және қайта өлшеулер айырмашылығы, n – қайта өлшенген нүктелер саны. Дәлдікке қойылатын талап түсіру масштабына, өріс кернеулігі амплитудасына байланысты. Әлсіз өрістерде орта квадраттық дәлдік жоғары болуы керек: майда масштабта <10γ, ірі масштабта <5γ.
Далалық өлшеу жұмыстарына магнит вариациясын өлшейтін аспаптар да қатысады. Олар Твар, Zвар шамаларын кез-келген t уақыт үшін анықтауға қажет. Вариация мәндерін алғашқы жүздеген км-ге дейінгі обсерваториялардан да алуға болады.
Өлшенген мәліметтерді өңдеу.
Түсірулер қорытындысы бойынша өлшенген элементтердің (T, ∆T, ∆Z) аномалиялы шамалары (Tа, ∆Tа, ∆Zа) анықталады:
Та = Т – ТН – Твар, ∆Та = ∆Т – ∆Твар, ∆Za = ∆Z – ∆Zвар, (5.2)
Мұндағы TН –қалыпты өріс, Твар, ∆Твар, ∆Zвар - t өлшеу уақытындағы T, ∆T, ∆Z шамаларының вариациясы. ∆Ta, ∆Za формулаларында T0 және Z0 мәндері тіректік пунктте нольге тең деп алынады. Бұл шартты бірнеше ондаған шаршы километрге дейінгі зерттеу аудандары үшін қолдануға болады. Үлкен территориядағы түсірулер үшін T0 мен Z0 шамаларын білу қажет, ол үшін тіректік пункттердің магниттік карталардағы орны белгілі болу керек.
Магниттік барлау нәтижелерін бейнелеу
Магниттік түсірулер нәтижелері Та, ∆Та, ∆Za графиктер және изодинамдар карталарымен бейнеленеді. Графиктерде горизонталь ось бойынша пикеттер, вертикаль ось бойынша магнит өрісі аномалиялары салынады. Изодинамдар карталарында әр өлшеу нүктелеріне тән шамалар көрсетіліп, бірдей (изо) мәндер сызықтармен біріктіріледі. Изосызықтар қимасы аномалияны анықтау дәлдігінен 2-3 есе артық болуы қажет.
Жасалған геомагниттік карталар сапасы бақылау торы жиілігімен (профильдер ара қашықтығы карта масштабының 1 см-і) және түсіру дәлдігімен бағаланады.
Изодинам мен графиктер карталарындағы оң таңбалы мәндер көк, теріс таңбалы мәндер қызыл түспен боялады.
Магниттік аномалиялар интерпретациясы.
Магниттік барлауда, басқа да геофизикалық әдістердегідей, тура және кері есептер шешіледі. Геологиялық объектінің пішінін, көлемін, орналасу элементтерін, магниттелу сипатын біле отырып, оның магнит өрісін теориялық формулалар арқылы есептеуге болады. Геологиялық дененің берілген параметрлері бойынша оның өрісін анықтау тура есепті шешу, ал өлшенген магнит өрісі мәндері бойынша дененің пішінін, өлшемін, орналасу элементтерін, магниттелу шамасын анықтау кері есепті шешу деп аталады.
Магниттік барлау нәтижелерінің интерпретациясы бір-бірімен тығыз байланысқан геофизикалық және геологиялық түсіндірулерден тұрады. Оның 1 кезеңі – сапалық интерпретация. Бұл кезеңде магниттік қасиеті әр түрлі таужыныстардың орналасуына баға беріледі. 2 кезең - сандық интерпретация немесе магниттік барлаудың кері есебін шешу. Бұл кезеңде барланатын геологиялық объектілердің сандық параметрлері анықталады.
Магниттік барлау материалдарының сапалық интерпретациясы
Zа графиктерін, графиктер және изодинамдар карталарын сапалық интерпретациялау кезінде оны көзбен сипаттайды және геологиялық қималар мен картлармен салыстырады. Ол магнит аномалиясын геологиялық денелермен байланыстыруға, олардың ортасы (центр) мен осінің орнын анықтауға, пішінін, кеңістіктегі орнын, жобамен құлау бұрышын және созылу бағытын бағалауға мүмкіндік береді.
Графиктер және изодинамдар карталарында бір объектіге тән аномалиялар анықталады және корреляцияланады, түрлі таужыныстардың, құрылымдардың немесе қосылымдардың жанасу (контакт) шекаралары белгіленеді. Zа-тің изометриялы аномалиясына изометриялы, созылыңқы изодинамдарға созылыңқы пішіндегі геологиялық денелер сәйкес келеді.
Егер дененің төменгі тереңдігі үстіңгі беткей тереңдігінен аз айырмашылықта болса, оның жоғарғы полюске байланысты аномалиясының маңында төменгі полюске байланысты басқа таңбадағы әлсіз аномалия бақыланады. Дененің құлау бағытын әлсіз аномалиялардың ауданы үлкен жағы көрсетеді.
Сапалық интерпретация кезінде ауданның құрылымдық-тектоникалық құрылысына байланысты аймақтық, ірі аномалиялар және магниттік қасиеті жоғары рудаларға, жекелеген қабаттарға байланысты жергілікті аномалиялар анықталады. Жалпы және іздеу түсірулерінің сапалық интерпретация нәтижелері сандық интерпретацияға ұласатын нақты түсірулердің негізі ретінде, геофизикалық және геологиялық зерттеулерді ұтымды жоспарлауға қолданылады.
Сандық интерпретация және магниттік барлаудың кері есептерін шешу тәсілдері
1. Сандық интерпретацияның жалпы сипаттамасы. Сандық (санау) интерпретацияның немесе магниттік барлаудың кері есептерін шешудегі басқы мақсат – магнит аномалиясын тудырған геологиялық денелердің тереңдігін, өлшемдерін, дәл орнын, құлау бұрышын анықтау. Математикалық жағынан кері есеп көп шешімді, себебі ұқсас аномалияларды пішіні, өлшемі, магниттелуі әр түрлі денелер беруі мүмкін. Магниттік аномалияның бір шешімді интерпретациясына қол жеткізу (мысалы, дене өлшемдерін дәл анықтау) үшін магнит қабылдағыштық χ пен Жер өрісі кернеулігі Т арқылы анықталатын дененің магниттелуін J
(J ≈ χ ·T) білу, оған қоса дененің пішіні т.б. қосымша геологиялық деректер жинау керек.
Магниттік түсірулердің мәліметтерінің интерпретациясы келесі тәсілдермен жүргізіле алады:
1) аналитикалық формулалармен есептеу арқылы;
2) арнайы палеткалар мен номограммалар көмегімен;
3) дайын теориялық қисықтармен салыстыру арқылы;
4) тікелей интегралдық әдістермен.
Геологиялық құрылымдар мен денелердің пішіні геометриялық қарапайым модельдерге жақын болған сайын интерпретация дәл болады. Осы кезде зерттеу ауданы бойынша геологиялық ақпараттардың неғұрлым кең қолданылуы магнитті денелердің соғұрлым дәл моделін жасауға мүмкіндік береді.
Магниттік барлаудың мәліметтерін сандық интерпретациясына тікелей және жанама әдістер қолданылады. Тікелей интерпретация әдістерінің ішінде аналитикалық (ерекше нүктелер әдісі) және палеткалық (салыстыру әдісі) әдістер жиі қолданылады. Жанама әдістерде бақыланған аномалиялар тура есепті шешу арқылы есептелген аномалиялармен сәйкес келгенше дене параметрлерін таңдау әдісі қолданылады. Бұл әдістер ЭЕМ-ді қолдануға негізделген.
Сандық интерпретация дененің орнын, созылуын, пішінін, тереңдігін анықтаудан басталады. Ары қарай аномалия құраушы объект қарапайым геометриялық пішіндегі денелермен аппроксимацияланады. Ол үшін аномалия пішіні, таңбасы және зерттелетін аудандағы магниттелген денелердің ықтимал пішіні туралы бүкіл априорлық ақпараттар қолданылады.
2. Ерекше нүктелер әдісі. Ерекше нүктелер әдісінің мағынасы – Za пен Та графиктерінің (қисықтарының) ерекше нүктелері бойынша геологиялық дененің орналасу тереңдігін, өлшемдерін анықтауға, магниттелуін бағалауда. Өзара Za пен Та қисықтары магниттік иілу бұрышы артқан сайын дәл келе береді.
Ерекше нүктелер әдісін қолданудың 1 кезеңі Za карталарынан жеке (моногенді) аномалияны бөліп алудан, оның көзін (геологиялық денені) пішіні жағынан қарапайым геометриялық пішіндермен (тік бағана, шар, тік қат, көлденең цилиндр және т.б.) салыстырудан тұрады. Аталған пішіндер үшін тура есеп шешілген болу керек.
Сандық интерпретацияны орындау үшін аномалияның ортасы арқылы оның созылу бағытына перпендикуляр бағытта Za интерпретация графигін тұрғызады. Дененің ортасы негізгі (үлкен) экстремум ортасының астында орналасады (әдетте Zа max). Тек кемер Za min мен Za max арасында орналасады. Дененің эпицентрінің абсциссасы координата басы болып есептеледі. Одан оңға, солға қарай келесі ерекше нүктелер абсциссалары орналасады:
1) x ½ , бір таңбалы аномалиялар үшін, мұнда Za = ½ Za max;
2) xo, екі таңбалы аномалиялар үшін, мұнда Za = 0 (басқа да ерекше нүктелерді алуға болады, мысалы ¼ Za max абсциссасы х¼).
Көрсетілген x1/2 и x0 біле отырып, дененің үстіңгі беткейіне дейінгі тереңдікті h немесе кеңістікте шектелген денелердің ортасына дейінгі тереңдікті Н анықтауға болады. Магниттелу интенсивтілігін (J ≈ æT) біле отырып, магниттелген денелердің өлшемдерін табуға болады. Ерекше нүктелер әдісінің тереңдікті анықтаудағы орташа салыстырмалы қателігі 10 - 30%.
3.ЭЕМ-ді қолданатын интерпретация әдістері. ЭЕМ көмегімен магниттік барлау мәліметтерін өңдеу мен интерпретациялаудың түрлі алгоритмдері мен бағдарламалары бар. Мысалы, магниттік аномалиялар карталарын жасау, аномалия ортасы арқылы өтетін интерпретация графигін салу, өлшенген өрістерді жоғарғы,төменгі жартылай кеңістіктерге қайта есептеу т.б. бағдарламалары бар. Дегенмен, ЭЕМ-нің ең маңызды қолданылуы интерпретацияны таңдау әдісімен орындау кезінде көрінеді. Бірақ, интерпретацияның қай әдісі қолданылса да геологиялық және т.б. ақпараттарды пайдаланбай кері есептің дұрыс және жалғыз шешімін табу мүмкін емес.