
- •I.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері:
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Білімді бақылау және бағалау.
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
- •Студенттер білімін бағалау
- •Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар тізімі
- •Курстың саясаты пен процедурасы
- •Берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •1 Дәріс. Кіріспе. Геофизика, оның тақырыбы (зерттеу объектісі) және әдістері.
- •2 Дәріс. Магниттік барлау. Магниттік барлаудың физикалық, геологиялық негіздері.
- •Магнитті дипольдің өрісі.
- •Ядролық-прецессиялық (протонды) магнитометрлер.
- •Квантты магнитометрлер.
- •4 Дәріс. Магниттік барлаудың қолданылуы
- •Ауырлық күшінің қалыпты мәні.
- •Ауырлық күші редукциясы.
- •Ауырлық күшінің аномалиясы.
- •5 Дәріс. Таужыныстардың тығыздығы.
- •Гравитациялық барлауда өлшенетін параметрлер.
- •Гравиметриялық түсірулер әдістемесі.
- •Жердегі гравиметриялық түсірулер.
- •6 Дәріс. Гравиметриялық түсірулер мәліметтерін өңдеу.
- •7 Дәріс. Электрлік барлау. Электрлік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
- •8 Дәріс. Тұрақты ток өрісіне негізделген электрлік барлау әдістері.
- •9 Дәріс. Сейсмикалық барлау.
- •Геологиялық ортада серпінді толқындардың тарауының теориясы негіздері. Серпінділік теориясы негіздері.
- •Серпінді толқындар.
- •Геометриялық сейсмика негіздері.
- •5. Сейсмикалық сәуле ұғымы.
- •10 Дәріс. Сейсмикалық толқындардың типтері.
- •Сейсмикалық орта мен шекаралар.
- •Сейсмикалық барлаудың аппаратурасы және жүргізу әдістемесі. Сейсмикалық барлаудың аппаратурасының жалпы сипаттамасы.
- •Серіппелі толқындар көздері.
- •Жазу мен қайта шығару арналары.
- •Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау түрлерін жүргізу әдістемесі.
- •12 Дәріс. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу, интерпретациялау. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу. Оның мағынасы және нәтижелері.
- •Сейсмикалық барлау мәліметтерін сандық интерпретациялау. Сандық интерпретациялаудың мағынасы мен қорытынды нәтижелері.
- •Белгілі шағылдырушы және сындырушы шекаралар үстіндегі көп қабатты қатқабаттарда толқындардың жылдамдықтарын анықтау.
- •Сейсмикалық барлаудың қолданылатын облыстары.
- •Инженерлік-гидрогеологиялық сейсмикалық барлау.
- •13 Дәріс. Радиометрия ядролық геофизика Ядролық геофизиканың физикалық-химиялық және геологиялық негіздері.
- •Радиоактивтілік туралы жалпы мәліметтер. Табиғи радиоактивтілік.
- •Ядролық-физикалық қасиеттердің жалпы сипаттамасы.
- •Таужыныстар мен орталардың негізгі нейтрондық қасиеттері ретінде олардың нейтрондарды жұту және шашырату қабілеттері саналады. Таужыныстар мен рудалардың радиоактивтілігі.
- •14 Дәріс. Радиометрияның жалпы сипаттамасы.
- •Барлаудың радиометриялық әдістері оларды жүргізу әдістемесі. Түсіру нәтижелерін бейнелеу.
- •2. 3 Зертханалық жұмыстар жоспары.
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (соөн) шеңберіндегі сабақтар жоспары
- •3. Тапсырма. Дұрыс геометриялық пішінді магниттелген денелерге арналған тура есепті шешу.
- •10. Тапсырма. Таужыныстарда серпінді толқындардың тарау жылдамдықтары.
- •13. Тапсырма. Ядролық геофизиканың аппаратурасы мен әдістері..
- •14. Тапсырма. Үңгілердің қабырғаларын және таужыныстар үлгілерін радиометриялық зерттеу.
- •15. Тапсырма. Гамма-түсірулермен шешілетін міндеттер.
- •Дұрыс жауаптар кодтары
- •2.7 Өткен материалдар бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
2.8 Глоссарий
АВТОГАММА-ТҮСІРУЛЕР – машинаға орнатылған радиометр көмегімен гамма-сәулеленуді автоматты түрде тіркейтін радиометриялық әдістердің бірі.
МАГНИТ АЗИМУТЫ – магниттік меридианнан өлшенетін бұрыш.
АЛЬФА-СӘУЛЕЛЕР – ядрролық сәулеленудің бір түрі, α–бөлшектерден тұратын, гелийдің оң зарядталған ядролары.
АМПЛИТУДА – қалыпты шамадан ең көп ауытқыған шама.
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ АНОМАЛИЯ – нақты өріс көздеріне байланысты геофизикалық өрістердің қалыпты шамадан ауытқуы.
АУЫРЛЫҚ КҮШІ АНОМАЛИЯСЫ – белгілі бір нүктеде бақыланған ауырлық күші мәнінің сол нүкте үшін қалыпты мәннен ауытқыған шамасы.
ЭЛЕКТРЛІК АНОМАЛИЯ – белгілі бір нүктеде бақыланған электр өрісі мәнінің сол нүкте үшін қалыпты мәннен ауытқыған шамасы.
БЕТА-СӘУЛЕЛЕР – (β-сәуле, β-бөлшектер) – атомдар ядроларының β-ыдырау кезінде түрлі жылдамдықтармен шығаратын электрондар (е-) мен позитрондар (е+).
МАГНИТТІК ДАУЫЛДАР – Жердің магнит өрісінің үлкен интенсивтілікпен ерекшеленетін апериодтық ауытқулары.
МАГНИТТІК ВАРИАЦИЯЛАР – Жердің магнит өрісінің уақыт бойынша өзгеруі.
СЕЙСМИКАЛЫҚ ТОЛҚЫНДАР – Жерсілкініс, жарылыс, соққы әсерлерінен пайда болатын, Жерде басылатын тербелістер күйінде тарайтын серпінді толқындар.
ГАЛ – ауырлық күші үдеуінің өлшем бірлігі, денелердің еркін құлауын зерттеген ГАЛИЛЕЙ (1564-1642) құрметіне аталған,; 1 Гал = 1000 мгл.
ГАММА (γ) – магнит өрісі кернеулігінің туынды өлшем бірлігі, (1γ = 10-5 эрстед).
ГАММА-СӘУЛЕЛЕР (γ-сәулелер) – табиғи және жасанды радиоактивті элементтер ядролары шығаратын қысқа толқынды электрлік-магниттік сәулелену.
ГИСТОГРАММА – декарт координаталары жазықтығында абсцисса осі бойынша бақылаулар тобы, ордината осінде бақылаулар саны байланысы арқылы алынған фигура. БАРЛАУ ГЕОФИЗИКАСЫ – геологиялық мақсаттағы геофизика.
ГОДОГРАФ – сейсмикалық толқындардың келу уақыты мен бақылау нүктелері координаталары арасындағы байланыс графигі.
ГРАВИМЕТРИЯ – [лат.gravis - ауыр + metreo - өлшеймін] – планеталар мен олардың серіктері бетінде әр түрлі нүктелерде ауырлық күшін өлшеуге арналған ғылым.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ АНОМАЛИЯ – [гр.а - теріске шығару, nomos - заң] – массаның біркелкі орналаспауынан ауырлық күшінің өлшенген шамаларының теориялық есептелген шамалардан ауытқуы.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨРІС - планета қойнауындағы массаның тарауын көрсетеді, Жердің пішінімен тығыз байланысты.
ДЕНСИТОМЕТР – таужыныстардың тығыздығын анықтайтын аспап. ДИЭЛЕКТРЛІК ТҰРАҚТЫ – материалдың электр өрісі әсер еткенде электр зарядын сақтау қабілетінің өлшемі.
ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫ – толқынның көрші төбесі мен ойыстарының ара қашықтығы.
РАДИОАКТИВТІЛІК БІРЛІГІ – радиоактивті элементтердің препараттар мен түрлі ортадағы активтілігінің өлшем бірлігі.
ТОЛҚЫННЫҢ АРТҚЫ ШЕБІ – ортаның қайтымды деформациялар болып жатқан және деформация өткен бөліктерінің шекаралық жазықтығы.
ГУК ЗАҢЫ – кернеулік пен ол тудыратын деформация арсындағы байланысты көрсететін заң.
ИЗОГОНДАР – магниттік бұрылу бұрыштарының тең мәндерін қосатын сызықтар.
ИЗОПОРЛАР – жер магнетизмі элементтерінің ғасырлық өзгерістернің бірдей мәндерін қосатын сызықтар.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – геофизикалық мәліметтерді геологиялық түсіндіру.
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ КАРТАЛАР – геофизикалық түсірулер нәтижелері график түрінде бейнеленген карталар.
МАГНИТТІК ИІЛУ – [гр.Magnetis - магнит] – магнит нұсқарының горизонтқа иілуін көрсететін 00 - 900 арасындағы бұрыш.
МАГНИТ ӨРІСІ – Жер ортасына гигант стержень магнитті оның айналу осінен 110 ауытқытқанда пайда болатын өріске ұқсас өріс.
МАГНИТТІК БҰРЫЛУ – магниттік нұсқар (магниттік меридиан) мен географиялық меридиан арасындағы бұрыш.
МАГНИТТІК МОМЕНТ – дененің магниттелуін сипаттайтын және осы денеден пайда болатын магнит өрісін анықтайтын шама.
МАГНИТТЕУ – материалдардың магниттелуін орындайтын прцесс.
ҚАЛДЫҚ МАГНИТТЕЛУ – ферромагнетиктерде өріс әсер тоқтағаннан кейін де сақталатын, осы магнит өрісінен пайда болған магниттелу.
ШАҒЫЛДЫРУШЫ ШЕКАРА – толқын жылдамдығы мен орта тығыздығының көбейтіндісіне тең толқындық кедергілері әр түрлі орталар арасындағы шекара. ТЫҒЫЗДЫҚ – көлем бірлігінің массасына тең таужыныстың физикалық параметрі.
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ӨРІС – Жердің физикалық өрісі.
СУПЕРПОЗИЦИЯ ПРИНЦИПІ –геофизикада толқындардың қабаттасу принципі. Егер ортада әр түрлі себептерден тербелістер болса, олардың әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз тарайды.
СЕЙСМИКАЛЫҚ ПРОФИЛЬ – бойымен сеймикалық қабылдағыштар қойылға Жер бетіндегі түзу, сирегірек сынық, сызықтар.
РАДИОАКТИВТІЛІК – тұрақсыз атом ядроларының басқа элементтер ядроларына өз бетімен альфа-, бета-бөлшектер, гамма-кванттар шығара отырып айналуы. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ҚИМАЛАР – геофизикалық зерттеулермен анықталған белгілі бір бағытта тік (вертикаль) жазықтықта тұрғызылған графиктік бейнелеу. АУЫРЛЫҚ КҮШІНІҢ РЕДУКЦИЯСЫ – ауырлық күшінің шамаларын бақылау жағдайына келтіретін түзетулер.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЕЙСМИКА – таужыныстар пластарының орналасу элементтерінің сандық анықталуы негізделетін сейсмикалық толқындардың тарау заңдарының жинағы.
СЕЙСМОГРАММА – бірнеше сейсмикалық қабылдағыштардың тербелістерінің автоматты түрдегі жазбасы.
СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАҒЫШ – жердің сезілген механикалық тербелістерін электрлік сигналға айналдыратын электрліқ-химиялық аспап.
СЕЙСМИКАЛЫҚ ШЕКАРА – Екі геологиялық ортаның онда серпінді қасиеттер күрт өзгеретін бөлуші жазықтығы.
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ТҮСІРУЛЕР – геофизикалық карта жасаумен бітетін, Жердің физикалық өрістерін жүйелі өлшеу.
ЖЫЛУ ӨРІСІ – ішкі және сыртқы қөздерден пайда болады. Негізгі өріс көздері: сыртқы энергияның – күн сәулесі, ішкі жылу – элементтердің радиоактивті ыдырауы, заттардың гравитациялық дифференциация энергиясы, планета құрылу кезінен сақталған қалдық жылу.
СЕРПІНДІЛІК – заттардың механикалық әсерлерден көлемі мен пішіні өзгеруіне ішкі энергиясының өсуімен қарсыласуы.
АУЫРЛЫҚ КҮШІ ҮДЕУІ – еркін құлайтын дененің ауырлық күші әсерімен үдеуі; саны жағынан бірлік массаға әсер ететін ауырлық күші.
ЭЛЕКТРЛІК ПРОФИЛЬДЕУ – белгілі бір түзу сызықты маршрутта (профильде) өзара тұрақты қашықтықта орналасқан, түсіру қадамы бойынша жылжитын ток беруші мен өлшеуші электродтардың арасындағы меншікті кедергіні өлшеуге негізделген электрлік барлау әдісі.
ЭТАЛОНДАУ – таужыныстардың физикалық қасиеттерін өлшеу кезінде аспап көрсеткішін стандартты бірліктермен көрсету.
Шығару мәліметтері
СП ОӘК «Геофизика» кафедрасының
мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ___ «___»___________2008 ж.
СП ОӘК Геологиялық барлау
институтының оқу-әдістемелік
кеңесінде мақұлданған.
Хаттама №____ «___»__________2008 ж.
СТУДЕНТ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» пәні бойынша
«050706 – Геология және пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау» мамандығы үшін
Шарапатов Әбіш, «Геофизика» кафедрасының аға оқытушысы
Аблесенова Зухра Нығметжанқызы, «Геофизика» кафедрасының оқытушысы
_________________________________________________________________________
Басуға «__»_____200 ж. қол қойылды Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі__,__ес.-б.т. Таралымы ____дана. Тапсырыс №____ __________________________________________________________________________
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспасы типографиясында басылған.
Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32