Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.27 Mб
Скачать

Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу

Вариант №

Қорытынды бақылау

түрі

Бақылау түрі

Пайыз

1.

Емтихан

Қорытынды бақылау

100

Аралық бақылау

100

Ағымдық бақылау

100

Аралық бақылау нәтижелерін тапсыру мерзімі пәннің оқу үрдісінің күнтізбелік кестесімен анықталады. Ағымдық бақылау саны пәннің мазмұны мен оның көлеміне қарай белгіленеді.

Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі

«Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» пәні бойынша

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрлері

З 1

З 1

Р

З 2

З 2

Б

З 3

З 3

Р

З 4

Б

АБ

З 4

З 5

З 5

З 6

З 6

З 7

Б

З 7

АБ

Балдар

1

2

1

2

1

2

2

1

1

1

1

1

1

2

2

Ағымдық бақылау түрлері: З – зертханалық жұмыс, Б – бақылау жұмысы, Р – реферат;

АБ – аралық бақылау.

Студент қорытынды бақылауға сомалық рейтинг пайызы  50 болғанда ғана жіберіледі. Қорытынды бақылау 50 пайыз жинағанда тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды баға бағана бойынша анықталады.

Студенттер білімін бағалау

Баға

Әріптік

эквивалент

Рейтингтік балл

(процентпен, %)

Балл

Өте жақсы

А

95-100

4

А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D +

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттанғысыз

F

0-49

0

Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар тізімі

1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. Геофизикалық әдістердің ерекшеліктері.

  2. Қалыпты өріс деген не?

  3. Аномалиялы өріс деген не?

  4. Табиғи өріс деген не?

  5. Жасанды өріс деген не?

  6. Геофизикалық әдістерді ата.

  7. Таужыныстардың негізгі физикалық қасиеттері.

  8. Жердің магнит өрісі.

  9. Жер магнетизмі элементтері.

  10. Магниттік индукцияның өлшем бірлігі.

  11. Таужыныстардың негізгі магниттік сипаттамалары.

  12. Изодинамдар деген не?

  13. Далалық магниттік түсірулерде өлшенетін шамалар.

  14. Сапалық интерпретация.

  15. Сандық интерпретация.

  16. Жер бетіндегі магниттік түсірулердің түрлері.

  17. Магниттік барлауда қолданылатын магнитометрлер.

  18. Протонды магнитометрлердің жұмыс принципі.

  19. Нүктелік массаны қалай түсінесің?

  20. Геоид деген не?

  21. Гравитациялық барлаудағы өлщенетін негізгі шама.

  22. Таужыныстардың тығыздығының өлшем бірлігі.

  23. Ауырлық күшінің үдеуінің өлшем бірлігі.

  24. Гравиметриялық түсірулер түрлері.

  25. Маятниктің тербеліс периоды неге байланысты.

2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. Геоэлектрлік қима деген не?

  2. Электрлік барлаудың тура және кері есептері.

  3. Таужыныстардың негізгі электр қасиеттері.

  4. Полярлану қай формуламен есептеледі?

  5. Меншікті электр кедергісінің өлшем бірлігі.

  6. Электрлік профильдеуде қандай қондырғы қолданылады?

  7. Екі ортаның шекарасында орындалуы тиіс шарттар.

  8. Кедергілер әдісінде өлшенетін және есептелетін шамалар.

  9. Электрлік профильдеу әдісімен шешілетін геологилық міндеттер.

  10. Релей толқындары.

  11. Ауыспалы бұрыш қандай формуламен анықталады?

  12. Сейсмикалық толқын жылдамдығының дисперсиясы.

  13. Уақыт қимасы.

  14. Орташа жылдамдық.

  15. Сейсмикалық толқын годографы.

  16. Құрылымдық карта деген не?

  17. Статикалық түзету деген не?

  18. Ядролық геофизиканы қандай әдістерге бөледі?

  19. Таужыныстар радиоактивтілігі.

  20. Ядролық-геофизикалық зерттеулерде қолданылатын аспаптар.

  21. Радиометриядағы түсірулер түрлері.

  22. Жаяу гамма-түсірулер арқылы шешілетін геологиялық міндеттер.

  23. Ядролық шағылулар өрісінің спектрлық сипаттамасын өлшеу ерекшеліктері.

  24. Ядролық шағылулар өрісінің интегралдық сипаттамасын өлшеу ерекшеліктері.

  25. Радиометрияның физикалық-геологиялық негіздері.

Аралық аттестацияға дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Жер магнетизмі элементтері.

  2. Геомагниттік өріс. Жердің қалыпты өрісі туралы түсінік.

  3. Таужыныстардың магниттік қасиеттері.

  4. Магнит өрісін өлшейтін оптикалық-механикалық аспаптар.

  5. Криогенді магнитометрлер.

  6. Протонды магнитометрлер.

  7. Квантты магнитометрлер.

  8. Магнитометрлік түсірулер әдістемесі.

  9. Магниттік барлаудың тура және кері есептері.

  10. Тура есепті шешудің графиктік әдістері (Миков палеткасы).

  11. Тура есепті шешудің аналитикалық әдістері.

  12. Дене параметрлерін анықтаудың ерекше нүктелер тәсілі.

  13. Жанамалар тәсілі.

  14. Таңдау тәсілі.

  15. Кері есепті шешудің автоматтандырылған әдістері.

  16. Тартылыс күші және нүктелік массаның тартылыс потенциалы.

  17. Ауырлық күші және оның потенциалы. Ортадан тепкіш күш потенциалы.

  18. Жер бетіндегі ауырлық күшінің аномалиялы және қалыпты шамалары.

  19. Фай және Буге түзетулері мен аномалиялары.

  20. Дұрыс пішінді денелер үшін гравитациялық барлаудың тура есебін шешу.

  21. Табиғи пішінді дене үшін гравитациялық барлаудың тура есебін шешу.

  22. Аномалиялар картасын тік жазықтықта тұрғызу, олардың қолданылуы.

  23. Ауырлық күші потенциалының екінші туындысының физикалық мағынасы.

  24. Гравитациялық өріс шамаларын абсолютті және салыстырмалы өлшеу.

  25. Маятникті аспаптар, баллистикалық және шектік гравиметрлер.

  26. Кварцтелген астаикалық гравиметрлер. Оның құрылысы.