Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.27 Mб
Скачать

Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Жұмыс ауданы анықталғаннан кейін, бақылау жүйесі, өрісті алу тәсілі белгіленеді, ары қарай далалық жұмыстарды ұйымдастырады.

Сейсмикалық барлау алдында аппаратураны өлшеу жұмыстарына дайындайды. Көп арналы тіркеуші аппаратураға арналардың біркелкі жұмыс істеу талабы қойылады. Бірдей сигналдар жазбасы барлық арналарда бірдей болуы керек. Аппаратураны жұмысқа дайындауда осыған қол жеткізілуі тиіс. Өлшеу жұмыстары алдында профильдер жүйесін белгілейді. Әр профильге толқын таратушы пункт пен сейсмикалық қабылдағыштар орнатады. Сейсмикалық қабылдағыштар тік (вертикаль) орнатылғанда, негізінен, қума толқындарды, горизонталь орнатылғанда көлденең толқындарды тіркейді. Профиль бойымен сейсмикалық бұрама сымдар (сейсмическая коса) таратады. Олар сейсмикалық қабылдағыштар мен күшейткіштер блогына жалғанады. Сигналдар қабылдағыштардан радио арқылы да беріледі. Бұл кезде қабылдағыштарға шағын сигнал таратушы, станцияға көп каналды радиоқабылдағыш орнатылады. Сонан соң станцияның барлық тораптары дұрыстығы тексеріледі, толқын таратушы пунктпен телефон немесе радио байланысы орнатылады. Толқынның қабылдағышқа жету уақытын дәл санау үшін оның пайда болған уақытын дәл тіркеу қажет. Жарылыс арқылы толқын тарату кезінде зарядқа сым орайды, Ол батарея мен кедергі арқылы сейсмикалық арналардың біріне қосылады. Жарылыс кезінде тізбек үзіледі де пайда болған импульс жарылыс сәті белгісі ретінде сейсмограммаға жазылады. Жарылыссыз өріс көзін пайдалану кезінде соққы жасалған сәтте бір арнағ электр импульсі беріледі.

Аппаратура мен қондырғы жұысқа дайын болған кезде станция операторы өріс (жарылыс) жасауға команда береді де аппаратураны іске қосады. Қабылдағышқа келетін толқындар жазбасы бірнеше, кейде ондаған секунд ішінде автоматты түрде жүргізіледі.Нәтижесінде сейсмограмма немесе магнитограмма алынады.

Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау түрлерін жүргізу әдістемесі.

Далалық сейсмикалық барлаудан басқа акваториялық (мұхиттағы, теңіздегі, көлдегі, өзендегі түсрулер – жалпы атауы теңіздік), ұңғылық, ұңғы маңындағы, жерасты сияқты түрлері бар. Олар арныайы сейсмикалық станциялармен орындалады.

Акваториялық сейсмикалық барлауда жарылысты өріс көзі ретінде қолдануға, фаунаны қорғау мақсатында, тиым салынған. Оның орнына электр ұшқынды өріс көздері, газ жарылысы қондырғысы және пневмвтикалық сәулелендірушілер қолданылады. Бұнда толқындар шебіндегі амплитуда мен қысым төмен болады, соның себептен фаунаға қауіпсіз болады. Түсірулер жекелеген профильдер (галс) бойынша, теңіз полигондарында аудан бойынша жүргізіледі.

Сейсмикалық барлау акваторияларда сейсмикалық станция орнатылған корабль қозғалысы кезінде автоматты жүргізіле алады. Жұмыстар шағылған және сынған толқындар тәсілдерімен көп арналы, үздіксіз сейсмикалық профильдеу тәсілімен бір, екі арналы станцияларда жүргізіледі. Толқындарды тарату бірнеше секунд сайын жүргізіледі. Серпінді тербелістер су бетіндегі сейсмикалық бұрама сымдар арқылы тіркеліп, автоматты түрде тіркеледі.

Теңіздік сейсмикалық станциялар жұмысты автоматты жүргізумен қатар, материалдарды ЭЕМ көмегімен автоматты өңдеуге мүмкіндік береді.

Ұңғылық, жерасты сейсмикалық зерттеулердің тәсілдері ретінде вертикаль сейсмикалық профильдеу, акустикалық каротаж, сейсмикалық жарықтандыруды келтіруге болады.

Вертикаль сейсмикалық профильдеутолқындар жер бетінде пайда болып, өтпелі толқындарды тіркеу ұңғыларда орындалатын сейсмикалық барлау тәсілі. Бұл тәсіл түрлі толқындар табиғатын, олардың тарау жылдамдықтарын анықтауға арналған.

Сейсмикалық акустикалық каротаж ұңғы маңындағы таужыныстардағы толқынның тарау жылдамдықтарын анықтауға арналған.

Сейсмикалық акустикалық жарықтандыру әдісінде толқындар ұңғыда немесе тау кені орындарында импульстік немесе үздіксіз тербелістерден алынады. Ал 100 метрге дейінгі көрші ұңғыларда массивтер арқылы өткен толқындар зерттеледі. Жылдамдығы мен толқындардың басылуына қарай акустикалық «көлеңке» жасайтын (бұзылымдар мен карсталған аймағы) немесе акустикалық қатаңдық бойынша ерекшеленетін (массивті рудалық кірікпелер) объектілер анықталады.

Әдебиеттер

12 нег. [128-182], 1 нег. [404-519], 2 нег. [216-278], 3 нег. [140-165],

1 қос. [144-223].

Бақылау сұрақтары.

  1. Сейсмикалық барлау түрлері.

  2. Вертикаль сейсмикалық профильдеу.

  3. Сейсмикалық акустикалық каротаж.

  4. Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

  5. Сейсмикалық барлау жұмыстарының түрлері.