
- •I.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері:
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Білімді бақылау және бағалау.
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
- •Студенттер білімін бағалау
- •Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар тізімі
- •Курстың саясаты пен процедурасы
- •Берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •1 Дәріс. Кіріспе. Геофизика, оның тақырыбы (зерттеу объектісі) және әдістері.
- •2 Дәріс. Магниттік барлау. Магниттік барлаудың физикалық, геологиялық негіздері.
- •Магнитті дипольдің өрісі.
- •Ядролық-прецессиялық (протонды) магнитометрлер.
- •Квантты магнитометрлер.
- •4 Дәріс. Магниттік барлаудың қолданылуы
- •Ауырлық күшінің қалыпты мәні.
- •Ауырлық күші редукциясы.
- •Ауырлық күшінің аномалиясы.
- •5 Дәріс. Таужыныстардың тығыздығы.
- •Гравитациялық барлауда өлшенетін параметрлер.
- •Гравиметриялық түсірулер әдістемесі.
- •Жердегі гравиметриялық түсірулер.
- •6 Дәріс. Гравиметриялық түсірулер мәліметтерін өңдеу.
- •7 Дәріс. Электрлік барлау. Электрлік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері.
- •8 Дәріс. Тұрақты ток өрісіне негізделген электрлік барлау әдістері.
- •9 Дәріс. Сейсмикалық барлау.
- •Геологиялық ортада серпінді толқындардың тарауының теориясы негіздері. Серпінділік теориясы негіздері.
- •Серпінді толқындар.
- •Геометриялық сейсмика негіздері.
- •5. Сейсмикалық сәуле ұғымы.
- •10 Дәріс. Сейсмикалық толқындардың типтері.
- •Сейсмикалық орта мен шекаралар.
- •Сейсмикалық барлаудың аппаратурасы және жүргізу әдістемесі. Сейсмикалық барлаудың аппаратурасының жалпы сипаттамасы.
- •Серіппелі толқындар көздері.
- •Жазу мен қайта шығару арналары.
- •Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау түрлерін жүргізу әдістемесі.
- •12 Дәріс. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу, интерпретациялау. Сейсмикалық барлаудың мәліметтерін өңдеу. Оның мағынасы және нәтижелері.
- •Сейсмикалық барлау мәліметтерін сандық интерпретациялау. Сандық интерпретациялаудың мағынасы мен қорытынды нәтижелері.
- •Белгілі шағылдырушы және сындырушы шекаралар үстіндегі көп қабатты қатқабаттарда толқындардың жылдамдықтарын анықтау.
- •Сейсмикалық барлаудың қолданылатын облыстары.
- •Инженерлік-гидрогеологиялық сейсмикалық барлау.
- •13 Дәріс. Радиометрия ядролық геофизика Ядролық геофизиканың физикалық-химиялық және геологиялық негіздері.
- •Радиоактивтілік туралы жалпы мәліметтер. Табиғи радиоактивтілік.
- •Ядролық-физикалық қасиеттердің жалпы сипаттамасы.
- •Таужыныстар мен орталардың негізгі нейтрондық қасиеттері ретінде олардың нейтрондарды жұту және шашырату қабілеттері саналады. Таужыныстар мен рудалардың радиоактивтілігі.
- •14 Дәріс. Радиометрияның жалпы сипаттамасы.
- •Барлаудың радиометриялық әдістері оларды жүргізу әдістемесі. Түсіру нәтижелерін бейнелеу.
- •2. 3 Зертханалық жұмыстар жоспары.
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (соөн) шеңберіндегі сабақтар жоспары
- •3. Тапсырма. Дұрыс геометриялық пішінді магниттелген денелерге арналған тура есепті шешу.
- •10. Тапсырма. Таужыныстарда серпінді толқындардың тарау жылдамдықтары.
- •13. Тапсырма. Ядролық геофизиканың аппаратурасы мен әдістері..
- •14. Тапсырма. Үңгілердің қабырғаларын және таужыныстар үлгілерін радиометриялық зерттеу.
- •15. Тапсырма. Гамма-түсірулермен шешілетін міндеттер.
- •Дұрыс жауаптар кодтары
- •2.7 Өткен материалдар бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
Серпінді толқындар.
Серпінді толқын пайда болғаннан кейін геологиялық ортада серпінді бөлшектердің жылжуы, ауытқуы пайда болады, толқындық процесс жүреді. Өріс көзі маңында пайда болған процесс біртіндеп ортаның басқа бөліктеріне бөлшектердің серпінді байланысымен деформация және кернеу күйінде беріледі. Нәтижесінде ортада өріс көзіне тәуелсіз көлемдік және беттік толқындар пайда болады. Сейсмикалық барлауда көлемдік толқындар көп қолданылады: қума немесе бойлық (Р-толқындар) мен көлденең толқындар (S-толқындар). Vp Vs-тен әрқашан да жоғары. Оларға қоса Рэлей (R) және Ляв (L) толқындары деп аталатын беттік толқындар белгілі.
Серпінділік коэффициенттері арқылы қума және көлденең толқындар келесі формулалармен есептеледі:
|
(15.1) |
мұндағы σ - таужыныстар тығыздығы.
Геометриялық сейсмика негіздері.
Серпінді (сейсмикалық) толқындар тарауының кинематикалық заңдары геометриялық сейсмика немесе геометриялық оптика принциптеріне сүйенеді.
Кеңістіктің белгілі бір нүктесінде жарылыс немесе соққы болса, онда серпінді (сейсмикалық) толқын пайда болады. Оның тарау жылдамдығы ортаның серпінділік қасиеттеріне байланысты. Толқын өткенде таужыныс бөлшектері тербелісте болады. Бөлшектер тербелген облыс пен толқын әсері жетпеген облысты бөліп тұрған жазықтық толқын шебі деп аталады. Шепке перпендикуляр сызықтар сейсмикалық сәуле деп аталады. Сәуле бойымен серпінді толқындардың энергиясы тасымалданады. Өріс көзі маңында толқындар шебі сфералық пішінде, қашықта – жазық күйінде болады.
Бір жиіліктегі әрбір монохромды толқынды оның ұзындығы (λ), периоды (T), жиілігі (f = 1/T) арқылы сипаттауға болады. Олар фазалық жылдамдықпен (V) байланысты:
λ = TV = V/f (15.2)
Толқындардың таужыныстарда тарау заңдары геометриялық оптиканың негізгі принциптері - Гюйгенса - Ферма принциптерінен алынады. Гюйгенс принципіне сәйкес толқын шебінің әрбір нүктесін тербелістердің дербес қарапайым көздері деп қарастыруға болады. Демек белгілі бір уақыттағы толқын шебінің орны бойынша келесі бір уақыттағы орнын қарапайым сфера шептерге айналма тұрғызу арқылы анықтауға болады. Ферма принципі былайша баяндалады: толқын екі нүкте арасында ең аз уақыт кететін жолмен тарайды. Осы принциптің салдары: изотропты ортада барлық бағытта толқынның тарау жылдамдығы тұрақты және тік сызықпен тарайды.
Геометриялық сейсмиканың маңызды принципі - суперпозиция принципі. Оған сәйкес, бірнеше толқын қабаттасқанда (интерференция) олардың тарауын, бір-біріне әсерін есепке алмай, әрқайсын бөлек зерттеуге болады.
Геометриялық сейсмиканың негізгі заңы – сыну-шағылу заңы. Ол келесі ережелерді қамтиды:
1) құлаушы, шағылған және сынған сәулелер толқындардың тарау жылдамдықтары әр түрлі орталардың шекарасына нормаль жазықтыққа сәйкес жазықтықта жатады;
2) шекараға перпендикулярдан есептелетін толқынның құлау бұрышы және оның жылдамдығы V1 сыну бұрышы β2 және жылдамдықпен V2 ара қатынасы: sin α1/sin β2 = V1/V2;
3) құлау (α1) және шағылған (γ1) бұрыштар да осындай қатынаста: sin α1/sin γ1 = Va/Vγ;
Бір типтегі толқындардың, мысалы қума, Vα = Vγ , бұдан α1= γ1 болатын шығады.
Сейсмикалық барлауда геометриялық оптика заңдарына ауыспалы толқындардың шағылуы мен сыну заңдары қосылады: кез-келген құлаушы толқын - қума (P) немесе көлденең (S) – шекарада екі шағылған (P1 и S1) және екі сынған (P2 и S2) толқындар тудырады.
Олар Снеллиус заңымен байланысқан:
|
(15.3) |
Әдебиет
12 нег. [128-182], 1 нег [404-519], 2 нег [216-278], 3 нег [140-165],
1 қос [13-59].
Бақылау сұрақтары.
Сейсмикалық барлаудың негізгі әдістері.
Таужыныстардың серпінділік параметрлері.
Гюйгенс-Френель принципі.
4.Толқын шебі ұғымы.