Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.27 Mб
Скачать

Гравиметриялық түсірулер әдістемесі.

Гравиметриялық түсірулер әдістемесі – нақты аппаратура, түсірудің жобалық дәлдігін, бақылау торы жиілігін, профильдер бағытын, мәліметтерді өңдеу жолын және нәтижелерді бейнелеуді белгілеуге арналған іс-шаралар жиынтығы.

Ең алдымен жүргізілетін жеріне байланысты жұмыс түрі белгіленеді. Оның жер бетінде, теңізде, ауада, жер астында және ұңғыда жүргізілетін түрлері бар. Масштабы жағынан 1:200 000, одан да майда масштабта аймақтық аномалияларды, өріс құрылымының жалпы заңдылықтарын анықтауға арналған түсірулер аймақтық деп аталады. Олар литосфераның тек төменгі тереңдіктегі құрылысынан мәліметтер береді. Аймақтық түсірулер нәтижесінде жекелеген ірі аномалиялық зоналарды бөлуге болады. Бөлінген зоналарда 1:100 000 - 1:50 000 масштабта пайдалы қазбалар кенорындарын іздеуге бағытталған іздеу түсірулері жүргізіледі.

Егер олар оң нәтиже берсе, ол ауданның іздеу жұмыстарын жүргізуге перспективалы екенін көрсетеді, онда 1:10 000, одан да ірі масштабтарда барлау түсірулері жүргізіледі.

Жердегі гравиметриялық түсірулер.

Жердегі гравиметриялық түсірулер, көбінесе жаяу, кейде автотранспортпен жүргізіледі. Ол уақыт үнемдеуге және өнімділікті, түсіру дәлдігін арттыруға көмектеседі. Өте сирек жағдайда майда масштабты түсірулерде авиатранспорт та қолданылады.

Әдетте, аудандық түсірулер қолданылады. Маршруттық түсірулер өріс құрылысы туралы толық мәліметтер бере алмайды, жекелеген профильдер бойынша алдын-ала (рекогносцировка) түсірулерде, іздеу жұмыстарында қолданылады.

Әдістеменің маңызды кезеңі түсірулер масштабын таңдау. Тор жиілігі (пикеттер мен профильдер арасындағы қашықтық) масштабқа байланысты. Профильдер ара қашықтығы картада түсірулер масштабы бойынша 1 см-ден аспау керек. Мысалы, барлау мақсатындағы масштабы 1:10 000 түсірулерде профильдер арасы 100 метрден аспайды. Профиль бойынша түсіру қадамы (пикеттер немесе бақылау нүктелері арасы) (т.е. расстояние между точками профиля) профильдер арасындағы қашықтыққа тең немесе 5 есеге дейін аз. Профильдер аномалиялы тығыздықтағы объектінің болжанған созылу бағытына перпендикуляр бағытта жүргізіледі, ұзындығы дененің енінен 5-10 есе ұзын. Тіректік тордың (онда алынған шамалар) дәлдігі орта квадраттық қателікпен εоп сипатталады. Ол қайта бақылаулар нәтижесінде анықталады:

(8.1)

мұндағы  - өлшенген шамалар дәлсіздіктері (жалпы және қайта өлшеулер кезіндегі мәндердің айырмашылығы), m – барлық бақылаулар саны, қайта бақылауларды қоса, n – қайта түсірулер жүргізілген нүктелер саны.

Жалпы түсірулер алдында гравиметрлерді жұмысқа дайындайды. Ол кезде гравиметрдің нуль-пунктінің өзгеруі тексеріледі, өзгерістің уақытпен сызықтық байланыста болатын аралығы анықталады. Жалпы түсірулер кезінде осы уақыт аралығы өткен сайын (1-2 сағат) тіректік пунктте қайта өлшеу алынады. Жалпы түсірулер дәлдігін анықтау үшін оның 5-10%-де қайта түсірулер жүргізеді.

(8.2)

мұндағы n – қайта түсірулер нүктелерінің саны.

Гравиметриялық түсірулер, сонымен қатар, теңіздегі, әуелік, жер асты, ұңғылық болады. Түсірулердің вариометриялық және градиентометриялық та түрлері бар.

Әдебиет

12 нег. [57-103], 1 нег. [98-162], [171-174], 2 нег. [82-139], 3 нег. [59-82],

4 қос. [3-56], [307-317].

Бақылау сұрақтары

  1. Ауырлық күші және оның потенциалы?

  2. Геоид деген не?

  3. Ауырлық күші редукциясы.

  4. Буге редукциясы.

  5. Ауырлық күші градиентінің өлшем бірлігі.

  6. Таужыныстар тығыздығының өлшем бірлігі.

  7. Ауырлық күшін абсолютті өлшеу.

  8. Ауырлық күшін салыстырмалы өлшеу.

  9. Ауырлық күшін өлшейтін маятникті аспап.

  10. Гравитациялық барлауда өлшенетін параметрлер.