
- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанушы) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
Студентке тапсырма: пациентке босанудан кейінгі контрацепция туралы кеңес беру. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Оқытушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Пациентті мейіріммен қарсы алыңыз. Ыңғайлы орналасып алуын сұраңыз. Өзіңізді таныстырыңыз. Алынған мәліметтердің құпия сақталатындығын пациентке түсіндіріңіз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациенттен келесі босануларын қашан жоспарлайтындығын немесе жоспарламайтындығы туралы сұрастырыңыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Пациенттің жалпы және репродуктивті анамнезін жинастырыңыз: жасы және тұрмыстық жағдайын, жүктілік және босанулар санын, тірі балаларының санын, олардың жасы мен жынысын, жанұяны жоспарлауда бұрын қандай әдістер қолданғаны жайлы, қолдану ұзақтығын, тоқтату себептері, қиындықтары жайлы сұрастырыңыз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Барлық контрацепция жайлы қысқаша мәлімет беріңіз, олардың сипаттамасын, тиімділігі және жағымсыз көрсеткіштері жайлы ақпарат беріңіз. Есте сақтайтын шарт, контрацепция әдісін таңдау әрқашанда әйелдің өз құзырында. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Әйелдің соматикалық статусын бағалап, жүктілікті жоққа шығарыңыз. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Егер пациент белгілі бір контрацепция әдісін таңдаса, одан бұл әдіс жайлы не білетіндігі туралы сұраңыз: қате немесе нақты емес ақпаратты түзеңіз. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Үрейлі сигналдар кезінде дәрігерге бару қажет екендігі туралы пациентке нұсқау берініңіз: ұзақ қабылдағаннан кейін етеккірдің кешігуі, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну, көп қан кету, жиі кездесетін бас аурулары, бас сақинасы, көру қабілетінің нашарлауы және т.б. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Нұсқауларды дұрыс меңгергендігіне көз жеткізу үшін пациенттен оларды қайталап беруін сұраңыз. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Пациенттен қандай да бір сұрақтары немесе күмәндары бар-жоқтығын сұрап біліңіз және оларға жауап беріңіз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Қайталап жолығудың күнін белгілеңіз. Егер пациентте бір мәселе туындаған жағдайда немесе сұрақтары пайда болғанда дәрігерге әр уақытта келуге болатындығын айтыңыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
Студентке тапсырма: пациенттен анамнез жинастырыңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Пациентті мейіріммен және ілтипатпен қарсы аламыз. Өзімізді таныстырамыз. Алынған ақпарат құпия күйінде сақалатындығын түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
|
2 |
Паспорттық мәліметтерін жинастырамыз: аты-жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, отбасылық жағдайы. |
1 |
0,5 |
0 |
|
3 |
Негізгі шағымдарын сұрастырып анықтаймыз, шағымдардың пайда болу себептерін нақтылаймыз, олардың күшею немесе басылуына әкелетін жағдайларды анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
|
4 |
Ауру анамнезін анықтаңыз: етеккір циклының нешінші күнінде ауру белгілері пайда болды, симптомдардың пайда болу реттілігі, жүргізілген емі. |
1 |
0,5 |
0 |
|
5 |
Арнайы анамнезін анықтау: етеккір қызметі (менархе уақыты, етеккір циклының тұрақтануы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы), жыныстық өмірі (неше жасынан, некеде/некеден тыс); бала туу қызметі (барлық алдыңғы жүктіліктерінің ағымына және нәтижесіне көңіл бөлу). |
1 |
0,5 |
0 |
|
6 |
Өмірбаяндық анамнезін анықтау: отбасында нешінші бала, туған кездегі салмағы, пубертатты және постпубертатты кезеңнің ағымы. Жалпы ауырған ауруларын анықтау, гепатит, туберкулез, туберкулезбен ауырғандармен қатынаста болуы, жыныстық жолмен жұғатын аурулары. |
1 |
0,5 |
0 |
|
7 |
Қолданған контрацепция әдістерін анықтау, олардың нәтижелілігі; ауырған гинекологиялық аурулары, емдеу әдістері, соның ішінде антибиотиктермен емдеу. |
1 |
0,5 |
0 |
|
8 |
Аллергиялық анамнезін анықтау, тұқымқуалаушылық аурулары. |
1 |
0,5 |
0 |
|
9 |
Анамнезіндегі гемотрансфузия операциясын белгілеу. |
1 |
0,5 |
0 |
|
10 |
Алынған мәліметтер негізінде өзіндік қорытынды жасау. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10