Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать
  1. Сөздікпен жұмыс.

Жерасты суы – подземная вода

өзен торы – сеть реки

су көздері – источники воды

суармалы – поливной, орошаемый

құрлық – материк

құдық – колодец

минералды су – минеральная вода

тұщы су – пресная вода

ауыз су – питьевая вода

су тапшылығы – нехватка воды

2. Мәтінді оқыңыздар.

Су ресурстары

Қазақстанның су ресурстарына беткі судан (өзен, көл) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен торы онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы ресурстарын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, су тапшы аудандағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты сауықтыру орындары осы су арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан территориясының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су ресурстарының маңызы арта түседі. Себебі құрғақ климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе, суармалы егістерді өркендету үшін су ресурстары басты орын алмақ.

Су ресурстарын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды дұрыс пайдалана білсе, тиімділігі арта түсер еді. Өзендерге су техникалық қондырғыларын салмақшы болған жағдайда жергілікті табиғат ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген жөн.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Су ресурстарына не жатады?

2.Жер асты суларын пайдаланудың қандай маңызы бар?

3. Неліктен жерасты суларын пайдаланамыз?

4.Мал шаруашылығын шөл және шөлейт жерлерде өркендету үшін қандай

құдықтарды пайдаланады?

5.Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін қалай арттыруға болар еді?

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Шөл және шөлейттер

Қазақстанның шөл зонасы Қазақстан оңтүстігінің, орталығы мен батысының көп жерлерін алып жатыр. Шөлді жерлер Каспий теңізі жағалауларынан бастап, шығысын Жетісу Алатауына дейін және оңтүстік шығысында Тянь-Шань тауларына дейін жетеді. Ол жалпы республика территориясының 44 пайызын құрайды. Шөлді зонаның теріскей жиектері солтүстік ендіктер (47 және 48 градус) бойымен өтеді. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең таралған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, олар тек шағын учаскелерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Шөлді зонада далалы зонадағыдай өсімдік қалың өспейді. Өсімдік көбіне құмды төбелер аралықтары мен олардың баурайларында ғана кездеседі. Ағаш тұқымдастардан мұнда өсетіні – ақ сексеуіл мен қара сексеуіл. Олардың арасында қоянсүйек, жыңғыл, жүзген, шеркез, қандым болады.

Сексеуіл республикадағы барлық орман алабы аумағының тең жартысынан астамын алып жатыр. Қара сексеуіл Бетпақдаланың батыс бөлігіне тегіс, Сарысу бойының орталығына, Іле өзенінің сағалық оң жақ жағалауына және Шу өзені мен Мойынқұм аралығына тараған.

Қара сексеуілдің биіктігі өсуге қолайлы жағдайда 6-8 метрге жетеді. Оның діңі өте тығыз, ауыр болады.

Ақ сексеуілді тоғайлар Қарақұмда, Қызылқұмда, Балқаш төңірегі мен Мойынқұмда кездеседі.

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық территориясының 14 пайызын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48 градус ендікпен өтеді.

Шөлейттің климаты құрғақ, тым континенттік. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180 мм-ден 300 мм аралығында. Шөлейт зоналарда жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Бұл зонада 3 мыңнан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы ащы болады.

Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қызғылт топырақ. Оның құрамында шірінді аз болады. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі.

Таулы-төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның бірі. Онда қарағай ормандары өседі.

Шөлейт те қой мен жылқы шаруашылығы басым дамыған. Кей жерлерінде көкеніс пен бақша өнімдері өсіріледі.

Есте сақтаңыздар!

Қазақ тілінде етістіктің райлары сөйлеушінің іс-әрекетке қарым-қатынасын білдіреді. Олар ашық рай, қалау рай, бұйрық рай және шартты рай болып бөлінеді.

Іс-әрекеттің мезгілін үш шақта анық көрсетіп, үш жақта айтылатын етістіктің түрі ашық рай деп аталады.

Мысалы: Ол бізді концертке шақырды.

Іс-әрекет, қимылды істеуге сөйлеушінің қалау, тілек ниетін білдіретін етістіктер қалау рай деп аталады.

Мысалы: Киноға барғым келеді.

Іс-әрекетті, қимыл- амалды орындау жұмысы біреуге міндеттей, бұйыра айтылатын етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Мысалы: Ертең жиналысқа қатысыңдар.

Іс-қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орындалуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсететін етістіктің түрі шартты рай деп аталады.

Мысалы: Университетке оқуға түссем екен.