Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы

Бастауыш

Баяндауыш

Тұрлаусыз

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

4.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол ұлыстардың, тайпалардың тұрмыс-салтын баяндайды. Көне дәуірдегі түркілердің картасын жасады.

5. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Махмуд Қашқари – түркі ғалымы, әйгілі ..........................................................

атты еңбектің авторы. Туған жері – қазіргі .............................................. жағасындағы (кей деректердегі Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ол.............. өмір сүрген, бірақ туған, өлген жылы белгісіз. Сол кездегі бірқатар қаламгерлердің ........................................... жырларын, мақал-мәтелдерін береді.

БӨЖ тапсырмалары

6. Мәтінді оқыңыздар.

Асанқайғы

Асанқайғы –көріпкел философ, ақын, жырау. Шын есімі –Хасан. Еділ бойында дүниеге келген. 1445 жылы Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның ақылшысы болған.

Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтерулерін қолдамай, Керей мен Жәнібек хандарға қарсылық білдіргені көрінеді. Асанқайғының «Жерұйық» іздеуі туралы айтылған аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.

Ел етеңін ойлап, еңсесін көтеруді көздеген Асанқайғы ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төріне қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай болып өтеді.

Көнекөз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді. Ал Шоқан Уалиханов: «Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған» – деп жазады.

Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет күйші де болған. Көптеген күйлерінің тарихы әлі күнге дейін айтылып жүр. Алайда бүгінгі ұрпаққа «Ел айрылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» тәрізді санаулы күйлері жеткен.

7. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар:

............ бойында дүниеге келген. Ел етеңін ойлап, еңсесін көтеруді көздеген Асанқайғы ордадан бөлінген қазақ руларын .................................

..................................................................... қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай болып өтеді. Көнекөз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы ................................... дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді.

Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет ...................... болған.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.М.Қашқари кім?

2.Ол қай жерде туылған?

3. Ол кейіннен қайда тұрған?

4.Оны неге Қашқари деп атайды?

5.Асанқайғы қай ғасырда өмір сүрген?

6.Асанқайғының бізге қандай күйлері жеткен?

Асанқайғының «Жерұйықты» іздеуі туралы естіген аңыздарыңызды әңгімелеңіздер.

8-САБАҚ

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.

Жай сөйлемдер

Мақсаты: Студенттерді табиғатты сүюге, оның әдемілігін сезіне білуге баули отырып, өз ойларын дұрыс айта білуге үйрету.