Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

Жер асты суы

Қазақстанның өзендер аз жерлерінде еспе суы мен терең қабатаралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Дала аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады. Шөл мен шөлейтті жерлерде құдық – бірден-бір ауыз су көзі. Бұл жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген өскелең қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, ол – терең қабатаралық жер асты суы.

Республика территориясында жетпістен аса артезиан алаптары табылды. Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас жер асты «теңізінің» бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, тың жерлерді игеріп жатқан аудандардан да табылды. Алматы қаласы, облыстың орталығы, аудан орталықтары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен қамтамасыз етілді.

Қазақстанда жер астынан ыссы сулар табылған. Олар үйлерді, жылыжайларды, моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары да көп кездеседі. Олар температурасы мен құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан (хлорлы, калийлі, натрийлі, темірлі және т.б.) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипасы бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан сияқты емдік-сауықтыру орталықтары ашылған.

  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  1. Дала аймақтарында негізінен ............................ ........пайдаланады.

  2. Мұндай су көздері де табылды, ол –.............................................суы.

3.Қазақстанда жер астынан ............. ................ табылған.

4.Адам ағзасына шипасы бар..................................................................... сияқты емдік-сауықтыру орталықтары ашылған.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Гидрологияның зерттейтін обьектісі не?

  2. Су қорлары не үшін қажет?

  3. Қыста барлық сулар қандай күйге айналады?

  4. Гидрология неше салаға бөлінеді?

«Су – тіршілік көзі» тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

13-САБАҚ

Гидротехникалық ғимараттар

Қарсылықты қатынастардың берілуі

Мақсаты: Студенттерге гидротехникалық ғимартаттардың маңызы туралы мағлұмат бере отырып, сөздік қорларын байыту.

1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қандай су қоймаларын білесіздер?

2.Су қоймалары не үшін қажет?

3.Су қоймаларын салу табиғатқа зиян ба?

2.Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Табиғи су қорларын пайдалану немесе судың қоршаған ортаға зиянды әсерін жою яғни болдырмау үшін салынатын инженерлік ғимараттарды гидротехникалық ғимараттар деп атайды. Оларды жобалаумен, пайдаланумен және теориялық мәселелерді шешумен айналысатын ғылымды гидротехника дейді. Гидротехника сумен жабдықтау және суды әкету – су шаруашылық саласында су көздерін тиімді пайдаланумен, табиғи өзен ағынын реттеумен, жасанды су қорларын және су ағындарын жасаумен, лас, сарқынды суларды тазартумен, қоршаған ортаны , гидротехникалық құрылыстарды және өнеркәсіпті пайдаланудың зиянды әсерінен қорғаумен айналысады.

Осындай мәселелерді шешу үшін гидроторап және гидрожүйе гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынды. Гидроторап дегеніміз – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылығық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы. Гидроторапты орналасқан жеріне байланысты өзендік, каналдық, теңіздік, көлдік және тоғандық деп бөледі. Ал негізгі атқаратын міндеті бойынша энергетикалық (Қаршағай), су транспорттық (Бұқтырма, Өскемен), суландыру (Теріс-Ащыбұлақ) және өзен ағынын реттеп, әртүрлі мақсатқа пайдаланылатын деп бөлінеді.

Арнайы гидротехникалық ғимараттарға мелиоративтік (каналдар, насос станциялары, жерді суғаруға, суландыруға және құрғатуға арналған т. б. ғимараттар), су энергетикалық (гидроэнергетикалық үйлер, теңестіруші резервуарлар, деривациялық каналдар және т.б. су энергиясын пайдалануға арналған ғимараттар, су жол транспорттық (каналдар, шлюздер, кеме көтергіштер, молдар, толқын тосқындар, кемежай мен айлақтар), балық шаруашылығына арналған ғимараттар жатады.