Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

3. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.

Есте сақтаңыздар!

Екі не одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара мыныдай жолдармен байланысады:

  1. Интонация арқылы: Жалғыз мен емес, елдің бәрі таңданды.

  2. Жалғаулық шылаулар арқылы: Ол Сарыарқадағы Нияз тауларынан бастау алады да, Астана қаласын кесіп өтеді.

  3. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, келесі сөйлеммен құрмаласа байланысады: Өңірдің оңтүстігі жазық дала болса, солтүстігінде ормандар көп.

4. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырып, жазыңыздар.

Бұл аймақтың жер бедері .................................................. егін егуге қолайлы.

Ақмола өңірі ......................................................................................... қамтиды.

Қарағандының Қарқаралы тауларынан бастау алатын ................................. ..................................................................................................ерекше сән береді.

Ақын С.Сейфуллин ........................................................қосып, жыр етіп төккен.

Қызылжар өңірінің ......................... шұғыл континентті. Өңірдің оңтүстігі ............. ............, солтүстік бөлігінде ормандар көп.

5.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлемдер құраңыздар.

Жазық дала, қарағайлы ормандар, егіс алқаптары, Қызылжар өңірі, пайдалы қазбалар, жер бедері, теңіз деңгейі.

БӨЖ тапсырмалары.

6. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Бурабай

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі – Бурабай. Ол – емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде теңіз деңгейінен 320,9 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 4,5 км, ені – 3,9 км, орташа тереңдігі – 4,5 м. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Бурабай көлін бұрынғылар Күміскөл деп атаған.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.

Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған Абылай алаңы, Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр деп аталатын табиғат ескерткіштері

бар. Оны көрген жан таңғалмай тұра алмайды.

7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Көкшетаудың ең әсем жері қалай аталады?

2.Бұрын көл қалай аталған?

3.Көкшетауда неше көл бар?

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Солтүстік Қазақстан аймағына қай өңірлер кіреді?

2.Халқының орташа тығыздығы қандай?

3.Бұл аймақтың жер бедері қандай және неге қолайлы?

4.Ақмола өңіріндегі ең үлкен көл?

5.Қостанай өңірі қайда орналасқан?

6.Майкөбеде қандай көмірлер бар?

7.Қызылжар өңірінің климаты қандай?

8.Көкше өңірі туралы қазақтың қай ақынының өлеңі бар?

«Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

11-САБАҚ

Оңтүстік Қазақстан аймағы

Болымды, болымсыздықтың берілуі

Мақсаты: Студенттерге еліміздің аймақтары туралы мәлімет беру арқылы елді, жерді құрметтеуге баулу, сөз байлықтарын молайту.

1. Ойтүрткі сұрақтар.

1.Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді?

2.Қай аймақта халық жиі орналасқан?

3.Қазақстандағы ең ыстық аймақ?

4.Оңтүстік Қазақстан аймағы тіршілікке қолайлы ма?