Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

4. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыздар.

5. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, есте сақтаңыздар.

Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.

Гүлсіз болса жер мұңды,

Күлкісіз болса ел мұңды.

Сүйген адамыңа гүліңді сыйла,

Сыйлы қонағыңа сүріңді сыйла.

БӨЖ тапсырмалары.

6. Мәтінді оқыңыздар.

Жер бетінде алуан түрлі гүлдер бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән түр-түрі және бір-біріне ұқсамайтын иісі де болады. Әлемдегі барлық халықтар әсемдіктің белгісі гүл деп есептейді. Гүл сыйлау мәдениеттіліктің басты көрінісі деп есептелінеді.

«Сүйген адамыңа гүліңді сыйла, сыйлы қонағыңа сүріңді сыйла»,

«гүл – жердің көркі, қыз елдің көркі» деген халық даналық сөздерінде де аса зор мән бар. Әрбір гүлге байланысты айтылатын аңыздар қаншама?!

Биік таулы алқапта өсетін еңлікгүл (эдельвейс) мөлдір махаббаттың белгісі саналады. Бұл гүлді өсімдіктің латынша атауы – «леонтоподиум» - «арыстан табаны» деген ұғымды білдіреді. Шын мәнінде, бұл гүлдің сыртқы пішіні арыстан табанын көз алдыңызға елестетеді. Оның биік таулы алқапта өсетін түрі – альпі еңлікгүлі деп аталады. Тау халықтарының аңыздары бойынша қалыңдық өзіне еңлікгүлін сыйлаған жігітпен тұрмыс құрамын деп елге жар салыпты. Өйткені еңлікгүл екінің бірінің қолы жете бермейтін биік таудың шың құздарында өседі. Ал оны іздеп табу үшін жігіттен табандылық пен қаншама қажырлылықты қажет ететіндігін айтпаса да түсінікті. Қалыңдық мұндай ер жігіттің батыл әрі батыр болатынын сезген. Талайлар бұл жолда мерт болған. Ақырында бір ержүрек жігіт бар қиындықты жеңіп, гүлді сұлу қалыңдыққа алып келген кезде ол қартайып кемпір болған екен деген аңыздан көп нәрсені аңғаруға болады.

7. Сөйлемдерді аударып, жазыңыздар.

Нидерланды мемлекетінде гүл өсіруге және гүлдердің жаңа сұрыптарын сақтауға ерекше мән береді. Нидерланды гүл өсірушілері еліміздің жүрегі Астана қаласының 10 жылдық мерей тойы қарсаңында қызғалдақтың жаңа сұрпын шығарып, оған «Астана» деп атау берді. Осы гүлдің 120 000 данасын Астан қаласының гүлзарларына егу үшін арнайы сыйға тартты.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан жерінде қызғалдақтың қанша түрі кездеседі?

  2. Қызғалдақтар Отаны қай ел?

  3. Қызғалдақ пиязшықтары Қазақстаннан басқа елдерге қалай тараған?

  4. Неге Голландияны қызғалдақтар елі деп атайды?

Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинап, әкелу.

10-САБАҚ

Солтүстік Қазақстан аймағы

Құрмалас сөйлемдер

Мақсаты: Студенттерге еліміздің аймақтары туралы мәлімет беру арқылы елді, жерді құрметтеуге баулу, сөз байлықтарын молайту.