Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

1. Сөздік жұмысы.

тірі ағза – живой организм

бұта – куст; кустарник

жануар – животное

ғалам – вселенная

қарағай – сосна

шырша – ель

емен – дуб

қайың – береза

терек – тополь

буландыру – испарять, превращать в пар

аңызақ – горячий ветер

шаң-тозаң – пыль

тұту – держание, задерживание

2.Ойтүрткі сұрақтар.

1.Орманның қандай пайдасы бар?

2.Қазақстанның қай жерлерінде орман көп кесдеседі?

3.Орманның ауасы қандай болады?

4.Орманда не өседі?

5.Сіздің туған жеріңізде орман бар ма?

3. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі

Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат. Орманда ағаштар, бұталар, шөптектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі – ағаш. Ағаш – тірі, ол тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және «өледі».

Орман – ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс. Ол құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Орманның аты онда өсетін ағаш түрлеріне байланысты қойылады: қарағайлы, шыршалы, еменді, қайыңды және аралас орман және т.б. Орман адамдарға ғана емес, жер бетінде тіршілік ететін бүкіл тірі ағзаларға қажет. Сондықтан да орман – біздің бағасыз байлығымыз.

Ағаш өспеген жерде температура өте төмен болса да, өте ыстық болса да, адам оны тез сезеді. Үлкен қалалардағы тас үйлер микроклиматқа зиянды әсер етеді. Ағаш көп, жиі өскен жерде өсімдіктер суды көп буландырып, ауаны тазартып тұрады. Аптап ыстықта орманның арасы өте салқын, құрғақшылықта ауа ылғалды болады. Күннің ыстығы бұтақтарына жайыла таралып кетеді де, біразы жапырақтарына сіңеді. Егістік жерлердің айналасына ағаштарды отырғызып, егінді аңызақ желден қорғайды.

Атмосфераны зиянды газдардан жасыл өсімдіктер тазартады. Ағаштар ауадағы шаңды 42 пайызға дейін азайтады. Жалпақ жапырақты ағаштардың (терек, қайың, емен және т.б.) жапырақтарына шаң-тозаң өте көп жиналады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Мысалы , 20 жылдық 1 га жердегі қарағайлы орман жыл сайын 9,35 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 7,25 тонна оттек бөледі. Шаң-тозаңдардың құрамында ауыр металдар мен қорғасын, темір, титан, мыс, цинк, никель, кобальт, марганецтің микроэлементтері болады. Бұл элементтер, әсіресе, кәсіпорындардың аумағында көп кездеседі. Ауыр металдарды көп тұтатындар қарағай, шырша ағаштары болғандықтан кәсіпорындардың айналасына осы ағаштарды отырғызады.

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Орманда нелер тіршілік етеді?

2.Атмосфераны зиянды газдардан не тазартады?

3.Қандай ағаштардың жапырақтарына шаң-тозаңдар көп жиналады?

4.Ағаштар қандай газды сіңіреді?

5.Шаң-тозаңдардың құрамында қандай микроэлементтер болады?

6.Кәсіпорындардың айналасына неліктен қарағай, шырша ағаштарын отырғызады?

5. Мәтіннен 5 жай сөйлемді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

Үлгі:

Орманда ағаштар, бұталар, шөп тектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді.

Жай сөйлем

Жай сөйлем бір ғана ойды білдіреді. Жай сөйлем құрамы мен құрлысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаулы мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөйлем: Ағаш өседі.

Жайылма сөйлем: Ағаш ауаны тазартады.

Жай сөйлемдер бастауыштың болу, болмауына қарай жақты, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.

Жақты сөйлем: Ағаштар оттегін бөліп шығарады.

Жақсыз сөйлем: Оларға сенуге болмайды.

Сөйлемде ойды білдіруге қажет сөйлем мүшелерінің қатысу, қатыспауына байланысты толымды, толымсыз болып бөлінді.

Толымды сөйлем: Біз көптен бері қалада тұрамыз.

Толымсыз сөйлем: Содан бері осындамын.