Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

10. Мәтінді оқып түсінігін айтыңыздар.

ЕХРО – 2017

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ Астана қаласын дамыту жүйесінде елеулі архитектуралық мәнге ие. Ол қаланың ең заманауи және айрықша ғимараттары орналасқан жаңа әкімшілік орталығында, Мыңжылдық аллеясына жақын жерде орналаспақ.

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ шығыс жағынан айналма жолмен, оңтүстік жағынан қалалық мәндегі жолмен және батыс пен солтүстік жағынан қала көшелерімен шектеледі.

ЕХРО – 2017 көрме кешені қолайлы жерде орналаспақ. Әуежай, теміржол вокзалы, автобус станциялары мен қоғамдық көлік бағдарларымен қосылады.

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ 113 гектар жерді алып жатыр, олардың ішінде 25 гектар көрме кешеніне арналған. ЕХРО – 2017аумағының 40%-дан астамы түрлі құрылымдарға, қалған бөлігі ашық қоғамдық орындарға арналған. Көрме кешені 100 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

11. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ЕХРО – 2017 көрмесі қайда өтеді?

2. ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ қанша жерді алып жатыр?

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1.Қазақстан қайда орналасқан?

2.Ол қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Қазақстан табиғатының ерекшелігі қандай?

4.Қазақстанның жер аумағы қанша?

5.Қазақстанның астанасында 2017 жылы қандай көрме өткізілмек?

«Қазақстан киелі мекен» эссе жазыңыздар.

7-САБАҚ

Махмұд Қашқари - ұлы географ

Сөйлем мүшелері

Мақсаты: Қазақтың ғұлама ғалымдары туралы мәлімет бере отырып, ғалым еңбектерімен таныстыру, сөздік қорын байыту.

1. Сөздік жұмысы.

дәріс – урок

білімдар – ученный

ғұлама - ученный

2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Махмуд Қашқари – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні - Махмұд ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректердегі Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүр бойынша «Қашқариді» тіркеудің мәнісі де содан.

Ол ХІ ғасырда өмір сүрген, бірақ туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеңе айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін ары қарай дамыту мақсатымен Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болып, түркі тілдерінен бөлек араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмуд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды. Сол кездегі бірқатар қаламгерлердің аттары мен өмірбаяндарын, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.