Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

8. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қорғалатын табиғат объектілерінің арасында ........................................... көрнекті орын алады. Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен .................................................... хабар береді. Сонымен табиғат ескерткіштері - ғылыми, табиғи-тарихи, оқу-ағартушылық, мәдени-эстетикалық маңызына қарай қорғалатын .............................. объектілер. ................................... ......... әзірге үш табиғат ескерткішін: Ертістің оң жағасындағы Павлодар қаласының солтүстік-батысын ала «Қаздың қайтуы», Алматы облысындағы «Шынтүрген шыршалы орманы» және «Шарын аң үйеңкі саяжайын» жұртшылыққа жариялады.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы қандай қорықтар ерекше бақылауға алынған?

2. Елімізде ашылған алғашқы қорықты атаңыз?

3. 1931 жылы қай қорық ұйымдастырылды?

4. Наурызым қорығы қай жылы ұйымдастырылды?

5. Қорғалжын қорығы қай жерлерді қамтиды?

6.Қорғалжын мемлекеттік қорығы неліктен ЮНЕСКО белгілеген

халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына

жатқызылған?

7. Марқакөл қорығы қайда орналасқан?

8. Марқакөл қорығының аумағы қанша?

9. Барсакелмес қорығы қандай мақсатта құрылған?

«Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.

6-САБАҚ

Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік

шекаралары.

Сөз тіркестері

Мақсаты: ҚР-ның географиялық орны мен шекаралары туралы студенттердің білімдерін кеңейту, отансүйгіштік тәрбие беру.

1. Сөздік жұмысы:

жер аумағы – територия

Үнді мұхиты – Индийский океан

Тынық мұхит – Тихий океан

Құрлық – материк, суша; континент

қоңыржай белдеу – умеренно прохладный пояс

ойпат – низменность

шөлейт – полупустыннный

шөл – пустыня, голая (безводная) степь), жажда

ұланғайыр – необъятный (некончаемый), безпредельный

меже – рубеж

ендік – широта (геогр)

2. Ойтүрткі сұрақтар.

1.Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

2.ҚР-сы қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Қазақстанның территориясы үлкен бе, кіші ме?

4.Қазақстан табиғаты қандай?

3. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Қазақстан Еуразия құрлығының ішкі жағына орналасқан. Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттардан шалғай жатқандығы әрі территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді.

Республика жер аумағы жөнінен Еуразия құрлығындағы Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейінгі төртінші орында тұр. Жалпы аумағы – 2724,9 мың квадрат километр. Батысындағы Каспий ойпатынан шығысындағы Алтай тауларына дейін 3000 км және солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстігіндегі Тянь-Шань тауларына дейін 1700 км жерді алып жатыр.

Республиканың географиялық орны оның территориясының табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктеріне орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа жерлері қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа жерлері субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан территориясы құрғақ және шұғыл континенттік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан табиғатының бір шетінің екінші шетімен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстікте тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық болып, боран соғып тұрады. Географиялық орнына қарай еліміздің территориясында орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан.

Ұланғайыр аумақты алып жатқан еліміздің шекарасының ұзындығы – 15000 км. Оның 12000 километрі құрлықпен, 3000 километрі Каспий және Арал теңіздерімен өтеді. Солтүстік бастысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Қытай Халық республикасымен, Өзбекстанмен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Қазақстан шекарасының бірқатар бөлігі табиғи межелерден тұрады (Алтай, Тянь-Шань таулары, Каспий, Арал теңіздері).