Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810.5 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу-әдістемелік құралы

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультетінің деканы

Ш.Қ.Жарқынбекова

________________________

_________________2013 ж.

5В060800 – Экология, 5в060900 – География, 5в061000 – Гидрология

мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

_________PK(R)Ya 2206, PК(R)Ya 2225, PК(R)Ya 223 Кәсіби қазақ тілі

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

Астана, 2013

Силлабус

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Қарлығаш Асқарқызы.

Байланыс телефоны: 70-95-00, 32-233 (жұм.); karlygach askhar@mail.ru.

Ғылыми қызығушылығы: Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисі.

Ғылыми мектебі: Қазақ тілінің синтаксисі. Ф.ғ.д., професор З.Күзекованың жетекшілігімен «Антилогизм мәнді синтаксистік конструкциялар» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда.

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Код: PK(R)Ya 2206, PК(R)Ya 2225, PК(R)Ya 223. Пәннің атауы: Кәсіби қазақ тілі. Кредит саны 2.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны. 3 семестр; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 - негізгі стандарттан жоғары деңгей)

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей).

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1 Оқу пәнінің аты. Пән студенттің мамандығына қатысты кәсіби лексикасын қалыптастыруға, оны дамытуға бағытталған.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру;

- қазақ заңдары тарихынан танымдық-тәрбиелік мәлімет беру.

5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

- кәсіби мәтін түрлерімен, олардағы мамандыққа тікелей қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Кәсіби мәтін түрлерін талдауда мамандыққа қатысты сөздермен бірге өз мамандықтарымен байланысты танымдық материалдарды игеріп, оларды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде айта алатындай, сондай-ақ жазбаша жұмыстар жүргізетіндей дағдыларды қалыптастыру. Соның негізінде студенттердің кәсіби бейімін екі тілде жұмыс істеуге дағдыландыру.

тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

5.4.Оқу пәнінің мазмұны

- студенттердің кәсіби сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- болашақ мамандардың мемлекеттік тілде өз мамандығы бойынша мағлұмат алатындай деңгейге жеткізу, мәтінді еркін игеруге машықтандыру;

- кәсіби лексиканы игерту ауқымында салалық терминологиямен таныстыру.

5.5. Оқу пәнін оқыту жоспары

Апталар

Тақырып аты

Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары

БӨЖ үшін тапсырмалар

(БӨЖ)

1

Қоршаған орта және адам денсаулығы.

Етістіктің шақтары.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Таза ауа – тіршілік кепілі»

2.

Су - тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналар.

Етістіктің райлары.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Судың ластануына әсер ететін факторлар» тақырыбына реферат жазу.

3.

Географиялық қабық және биосфера

Шылаулардың түрлері

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Жер Ананы Аяла»

Эссе жазу.

4.

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

Үстеу, оның түрлері

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (2 сағ)

Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәлімет жинау.

5.

Қазақстан қорықтары:

Іс-әрекеттің өту сипаты.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазу.

6.

Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік шекаралары.

Сөз тіркестері

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Қазақстан – киелі мекен» эссе жазу.

7.

М.Қашқари – ұлы географ.

Сөйлем мүшелері.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Асанқайғының Жерұйықты іздеуі» туралы аңыздар.

Аралық бақылау

Коллоквиум

8.

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.

Жай сөйлемдер.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Үй маңына тал өсір, балама деп тағы өсір» сөзінің мағынасы туралы әңгіме.

9.

Әлемге таралған Қазақстан қызғалдағы

Жай сөйлем түрлері.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинастыру.

10.

Солтүстік Қазақстан аймағы.

Құрмалас сөйлем.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазу.

11.

Оңтүстік Қазақстан аймағы

Болымды, болымсыздықтың берілуі

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

Қазақстанның көне қалалары. Реферат жазу.

12.

Гидрология саласы

Мекендік қатынастардың берілуі.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

«Су – тіршілік көзі» Пікір алысу.

13.

Гидротехникалық ғимараттар

Қарсылықты қатынастардың берілуі.

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

Су қоймаларының маңызы туралы әңгіме.

14.

Қазақстанның жер бедері

Мезгілдік қатынастардың берілуі..

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

Таулы, орманды, өзенді аймақтар туралы әңгіме.

Аралық бақылау

Коллоквиум

15.

Ш.Уалиханов – зерттеуші ғалым

Қайталау сабағы

Практ. (2 сағ.)

БӨЖ (4 сағ)

Ш.Уалиханов еңбектерінің маңызы туралы әңгіме

Барлығы: 90 сағат, прак. – 30; БӨЖ – 60 сағат.