Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 20.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.57 Кб
Скачать

20- тақырып. Жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы және дамуы.

1. Мемлекеттік меншік қатынастарының эволюциясы

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен кәсіпкердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және қауымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін экономикалық түрде ымыраластыра алады.

Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Бұл жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушына билеп төсеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келеді.

Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемдігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.

Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша айтудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің революция-реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек пайдалануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекетсіздендіру» мен «жекешелендіруді» бір – біріне теңестіріп қарайды. Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметіналып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.

Ал «жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Меншікке құқық экономиканы мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті азаматтарға беру жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру жолдары, әдістері мен түрлері

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің әлемдік тәжірибесі жекешелендірудің екі нұсқасы болуы мүмкін екендігін көрсетеді."қатал" форсталған жекешелендіру және "жұмсақ" біртіндеп жекешелендіру

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті жеке меншікке өзгерту ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Европада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбританияда, Францияда, Германия мен АҚШ-та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдердеәртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.

АҚШ-та мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін)төлем жалпы төленетін сомасының 20%-нан аспауы керек.ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылады.

Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алады. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіп орының тапқан пайдасы менбанк нисиелеріқолданылады.

Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукционы арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қажысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендіріледі. Сондай-ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады.Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айрбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты-мемлекетік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болады. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалады.

Осыны жүеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді береді.Олардың әрқайсының құны 1000 рубль болады. Иегерлері оны еркін қолданыла алады; ваучерді сатуға, жекешелендірілген объект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600-дай жекешелендіру қорының кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Европа елдерінде, «үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылады. Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Турция, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.

«Жұмсақ» жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс-шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттік сақтауы арқылы жүзеге асады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырды.

Ұлтық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізілді:

-бірінші кезең 1991-1992 жылдар:

-екінші кезең 1993-1995 жылдар:

-үшінші кезең 1996-шы жылдан 1998-ші жылға дейін созылды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

-шаруашылық субьектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

бәсекелестік ортаны құрып, өндірістік монополиясыздандыру қамтамасыз ету;

-шағын және орта бизнесті дамыту;

-шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық – шаруашылық құрлымды қалыптастыру;

-бағалы қағаздар нарығының субьектісі ретінде инвестициялық құрлым жүйесін дамыту және нығайту.

Қазақстан Республикасының ерекше меншік обьектілері жекешелендіруге жатпайды .Олар – жер, онең байлағы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүнйесі , елдің тарихи және мәдени құндылықтар.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді:бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпеидйтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып,үйлерді (пәтерді) жекешелендіру жүзеге асты: екінші кезеңде тұрғындар қайтарлмайтын жекешелендіру купонын алды.Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоы арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды.Ондай қор Қазақстанда 120-дай болды.

Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ,тек қана оны инвестицялық қорына сала алады.Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.

Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам-шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 % мемлекетке жатты.

Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акцоинерлік қоғамға қатысуы айтарлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімдерін үйлестірумен және пайдалы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.

Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, сондай-ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсугежетуді көздейді:

-ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;

-мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат – тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;

-бәсекелестік нарықтық орта жасау.

Экономиканы әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Практика көрсеткендей, меншікті мемлекеттендірудің басты екі олқылығы болды:

а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді;

ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп, экономиканың артықшылығы тапталады.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік меншік 30 – 40% болғанда, нарық өзінінң экономикалық тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастайды. Сондақтан Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасуы көп укладты экономиканың дамуын қарастырады. Мемлекеттік меншікті меншіктің басқа түріне өзгерту мен реттеу жүзеге асты. Меншік құқығы эканомиканы мемлекеттен алу мен жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға беріледі.

Мемлекеттен алу мен жекешелендіруге мемлекет меншік объектілері кәсіпорын,бірлестік, ұйымдар және олардың бөлімшелері, сондай-ақ, әлеуметтік аяның мәдени қызмет көрсету объектілері, мемлекеттік тұрғын-үй қоры және басқа да құндылықтар жатады. Мемлекеттен толық алу кәсіпорынның бақылау цифры мен міндетті мемлекеттік тапсырысының, материалдық ресурсқа лимиттер тұтынушыны әкелушіге және бағаны орталықтан бекітуге жоғарғы ұйымға бағыну институтын жоюды талап етеді. әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастар келісім негізінде құрылады.

Мемлекеттен меншікті алу – жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекетік емес меншік түрінің саласына ауысуын қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекетен меншікті алудың мақсаты -әртүрлі мешік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің және әлюметтік-бағытталған нарықтық эканомиканың дамуына бірдей жағдай жасау.

Мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын меншік объектілері :

-кәсіпорындар,бірлестіктер, ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ мәдени -тұрмыстық объектілер, әлеуметтік сала, мемлекеттік тұрғын үй қоры және өзге де құндылықтар.

Толық жекешелендіру кәсіпорындардың жоғары тұрған басшы бағыныштылық институтының тарауын, бақылау сандары мен міндетті мемлекеттік тапсырыстарды, материалдық қорларға лимиттерді, тұтынушылардың жеткізушілерге бекітіліп берілуі, бағаны орталықтандырып белгілеуді жоюды талап етеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концепсияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.

Бұл құбылыс агроөнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асырылды:

-совхоз бен басқада ауылшаруашылық кәсіпорындары фермерлік және шаруа қожалықтары, шағын кәсіпорын мен олардың ассоциациялары және басқа мемлеттік емес шаруашылық түрлері ретінде қайта құрылды;

-ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды құру;-құс фабрикасы мен кешендерін, теплица комбинаты акционерлік шаруашылық қоғамы немесе серіктестігі етіп қайта құру;

-рентабелді емес мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін заңды және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату. 1997 жылдың 1 қаңтарында 2400 кеңшар (совхоз) мен ұжымшар (колхоз) қайта құрылып 47000 шаруашылық субъектілері, оның ішінде 3200 шаруа қожалығы құрылды.

Меншікті мемлекеттен алу мен меншікті жекешелендіру тығыз байланыста болады.

Мемлекеттік меншікке жататын барлық халық шаруашылық салалары-кәсіпорын, мекемелер немесе ұйымдар жекешелендіру объектісі болып табылады.Жекешелендірілген объект жеке тұлғаға жеке меншік ретінде сатылуы мүмкін, ал топтасқан адамдарға-жалпы меншік үлесін бөлу негізінде жүргізілді.

Жекешелендірудің төмендегідей тәсілі қолданылды:

а)аукциондык,жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылды;

ә)конкурстық-таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетілді;

б)кәсіпорын акциасын ересек тұрғындарға беру;

в) купондық тәсіл.

Қазақстан Республикасы 1993 жылы қараша айынан бастап жаппай жекешелендіруге көшті. Мақсаты-тезірек меншіккерлер тобын қалыптастыру.Тұрғындарға бірдей мүмкіндіктер жасау үшін инвестициалық жекешелендіру купондары берілді. Қазақстандық моделдің негізгі ерекшелігі мынада:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]