
- •1.Маркетингтің мәні және қызметтері.
- •2. Кәсіпорынды ( фирманы) басқару жүйесіндегі маркетингтің тұжырымдамасы.
- •3. Маркетинг және нарықты сегменттеу.
- •4.Тауардың өміршеңдігінің кезеңі
- •5. Маркетинг нарыққа әсер ететін белсенді жүйе ретінде, әрекеттегі сұраным мен ұсыымның қалыптасуы
- •Маркетингтің сұранымы, міндеті және түрлері
- •6. Сатудан соңғы сервис.
6. Сатудан соңғы сервис.
Әдетте, бастыс елдерінің ірі табысты болып келе жатқан фирмалары өздерінің тауарлары мен қызметтерін сатып алған тұтынушылары туралы қам жейді. Олар, сатудан соғңғы сервиске жұмсалатын шығын түк емес деп есептейді. Бұл фирмалар тұтынушылардың талап тілегін үнемі зерттеп отырады, оған арнайы сауалнама жүргізеді, оның көмегімен мынадай жағдайларды анықтады :
- тұтынушылар өздерінің сатып алған тауарлары мен қызметтеріне сенімді болғанды қалайды, тыныштық пен қауіпсіздікті қалайды;
- олар өздеріне тауарлары мен қызметін ұсынған фирмалардан өздері шеше алмайтын проблемаларға қатысты қамқорлық күтеді;
олар осы фирмалармен ешқандай делдалдарсыз хабар алысуды күтеді;
- олар ,егер өздері сатып алған тауар көңілінен шықпаса қайтарып беруге үміттенеді;
олар ,егер тауардың жарамсыздығы байқалса, ұзақ және күрделі нұсқаулықтарды жақтырмайды,;
- олар әрқашан осы фирма өкілдері өздерінің қанағаттанбаған сұранмдарына жауап беруге әзір болуын күтеді.
Осы зерттеулердің негізінде, фирма дайындаушылар тұтынушылары риза болуы үшін өздеріне байланыстының барлығын жасайды, сатудан соңғы сервисті жоғарылата береді. Ол, өз кезегінде өндіруші фирма үшін жақсы жарнама болады.
Ұғыну қажет терминдер :
Маркетинг, дифференцияланбаған маркетинг, дифференцияланған маркетинг, шоғырланған маркетинг, интергацияланған маркетинг, конверсиондық маркетинг, ырықтандырушы маркетинг, дамушы маркетинг, ремаркетинг, синхромаркетинг, қолдаушы мракетинг, қарсы әсер етуші маркетинг, мақсатты маркетинг, стратегиялық маркетинг, нарық сегменті, нарықтық қуыс, тауар циклның өміршеңдігі, маркетинг тұжырымдамасы.
Сабақтың үлгі ретіндегі жоспары
Маркетингтің мән-жайы мен қызметі.
Маркетингтің негізгі түрлері және оның мақсаттық орындары
Нарықпен жұмстың маркетингтік әдістері
Маркетингі басқару теориясы.
Мәнжазбалар, хабарлама мен баяндама тақырыптары
Маркетинг бизнес философиясы ретінде.
Стратегиялық маркетинг және перспективалы жоспарлар ортақтығы мен оларға тән ерекшеліктері.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға
арналған сұрақтар.
Маркетинг дегеніміз не? Маркетинг не үшін керек ?
Кәсіпорынның нарықтағы өз орнын, өз сегментін, өз қуысын табуы үшін маркетинг жүйесінің қандай әдістерін қолданады ?
Нарықты сегменттеу дегеніміз не, ол қандай критерийлер бойынша жүзеге асады ?
Тауардың циклдық өміршеңдігі деген не ? Ол нені зерттейді.
Әдебиеттер.
Абрамова Г.П. Маркетинг : сұрақтар мен жауаптар. -М., Агропромиздат, 1991.
Войтов А.Г. Экономика. Жалпы курс.Оқулық. М.,2001.
Жизнин С.Г. Маркетинг әліппесі. -М.,1990.
Завьялов П.С. Демидов В.Е. Табыс формуласы : маркетинг. -М.,Халықаралық қатынастар, 1991.
"Маркетинг негіздері" курсы бойынша лекциялардан қысқаша конспект. Алматы, Мирас, 1995.
Котлер Ф. Маркетинг негіздері. -М.,Прогресс, 1992.
Табысқа қалай жетуге болады. Іскер адамдарға тәжірибелік кеңес. В.Е.Хруцкийдің ред. -М.,Республика, 1992, 92-122 б.б.
Марджаро С.Халықаралық маркетинг.-М., Халықаралық қатынастар, 1979.
Маркетинг. А.Н.Романовтың ред. -М,Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.
Маккей Харви. Акулалар арасында қалай тірі қалуға болады. -М.,Экономика, 1993.
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.К.Шеденовтің ред. Ақтөбе, А-полгирафия, 2004.
Қазіргі заманғы маркетинг. В.Е.Хруцкийдің ред. -М.,Финансы и статистика, 1991.
Хожаназаров К. Маркетинг негіздері.- Алматы, Экономика, 1996.
Эванс Дж.Р.,Берман Б.Маркетинг.-М.,Экономика, 1993.
1 Котлер Ф. Маркетингті басқару. Ағылш.тілінен аударма. -М.,Прогресс, 1990, 54 б.
2 Эванс Дж.Р. ,Берман Б. Маркетинг.-М.,Экономика,1990 17 б.
3 Қазіргі заманғы маркетинг. / В.Е.Хруцкий ред. М,Финансы и статистика. 1991,27 б.