Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 18-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
132.61 Кб
Скачать

4.Тауардың өміршеңдігінің кезеңі

Тауардың өміршеңдігі циклы- оның нарықтағы өммірінің ұзақтығын білдіреді.

Өнімді жоспарлау процесінде жаңа тауардың нарықта пайда болуын анықтау өте маңызды. Мұны анықтауға тауардың циклдық өміршеңдігі көмектеседі.

Тауардың циклдық өміршеңдігіне сатушының әрбір төрт фазадағы (стадия) пайда деңгейі тікелей тәуелді: а) нарыққа тауарды ендіру; ә) сату көлемінің өсуі; б) жетілу фазасы; в) құлдырау фазасы. Тауардың циклдық өміршеңдігінің типтік моделі график түрінде төмендегі суретте бейнеленген:

Q

Cату Сауда мен пайда көлемі тұрақтанады

көлемі

Сату көлемінің азаюы және

пайданың төмендеуі

1-ші ендіру 2-ші өсу фазасы 3-ші жетілу фазасы 4-ші құлдырау фазасы фазасы

Ендіру фазасы – бұл нарықта пайда болу кезеңі. Тауар жаңалық болып, оның өткерілу көлемі әлі аздау. Оның сату көлемін жайлап ұлғайту үшін кәдімгідей уақыт қажет және көптеген ақшалай қаржы керек болады.

Өсу фазасы – бұл тауардың нарықта мойындалу кезеңі. Оған сұраным кәдімгідей өсе түседі. Нарықтың шеңбері ұлғаяды. Жарнамалаудың арқасында жаңа тауардың әйгілігі мен бедел-сипаты өсіп, қайтадан және көбірек сатып алудың көлемі мен саны өседі.

Жетілу фазасы – сату көлемінде өсу қарқынының тұрақты төмендеу кезеңі. Бұл кезде тауарды көптеген сатып алушылар мойындайды. Жетілу фазасы енуінің басты белгісі – нарықтың толып қалуы. Бұл фаза басқаларына қарағанда ұзақтау болады. Осы фаза мүмкіндіктерді іздестіру мен модификация, жаңалау мақсаттарын анықтау және бар тауарды жан-жақты жетілдіру кезеңі ретінде сипатталады. Егер бар тауардың 50 % өткерілсе, онда нарықта болған болып есептелінеді.

Құлдырау фазасы – бұл сату көлемінің тез төмендеу кезеңі. Төменгі деңгейде өткізу тұрақтап, ол ұзақ уақыт сақталады немесе өткізу мүлде тоқтауы мүмкін. Тауар өзінің циклдық өміршеңдігін тоқтатады, себебі жаңа әрі перспективалы тауардың кезектесе нарыққа келуі оны ығыстырады.

Тауардың циклдық өміршеңдігін бағалаудың негізгі критерийі – сатудан түсетін табыстың көлемі болмақ. Себебі, ол тауарды өндіруге және өткеруге кеткен шығындарды қамтамасыз етіп, пайда әкеледі.

Маркетинг элементтерін қолдану кәсіпорынға нарықта тиімді қызмет жасауына көмектеседі. жекелеген талпыныстары бар: сұранымды, жарнаманы қалыптастыру, тауар сапасы мен ассортиментінің дамуы тұжырымдамасын жасау. Маркетинг бұл іскерлік операциялардың өзіндік методологиясы болып табылады. Сондықтан, қазіргі әлемде маркетингті қолдану объективті қажеттілікке айналды.

Сонымен маркетингтің арқасында кәсіпорынның сұранымға және оның сипатына әсер етуге, тұтынушы нарығына жұмыс істеуге, нақты тұтынушының талаптарын орындауға мүмкіндік туды. Кәсіпорын осыны ескере отырып, өзінің нарықтық маркетинг тұжырымдамасын жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]