Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 18-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
132.61 Кб
Скачать

3. Маркетинг және нарықты сегменттеу.

Өзінің келешегін пайымдау – бұл кімдер үшін өндіру керектігін шешу деген сөз. Қазіргі кезде маманданудың күшеюі мен бәсекелестіктің артуында өз кәсіпорыныңа нарықты анықтау ғана маңызды емес, одан ең тар саланы жиірек іздеп табу қажет, яғни ешкім игермеген сондай «қуысты» немесе бәсекелестер толық қолданбаған жерді тапқан абзал.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның жұмысы нарықты өз сегментін іздеуден басталады немесе жоғарыда айтқандай, өз «қуысын» табу абзал.

«Қуысты» іздеу, сатып алушылардың сұранымын зерттеу деген сөз.

Сатып алушылар (тұтынушылар) белгісіне қарай топтарға бөлінуі мүмкін: географиялық, табиғи-климаттық, ұлттық, демографиялық, жас ерекшелігіне, кәсібіне, мүлікті иемденуіне және басқа да критерийлерге қарай.

Сегменттеудің нәтижесі – кәсіпорын өнімінің 60 % бастап 80 % дейінгісін алуға қабілетті әлеуетті сатып алушыларды (тұтынушыны, тұтынушыға кәсіпорын да (фирма) жатуы мүмкін) табуы болмақ, яғни кәсіпорын «жалпы» тұтынушыны емес, нақты тұтынушыны іздейді.

Табылған сегмент («қуысы») төмендегідей бағыттармен бағаланады:

  • сегменттің сандық параметрі анықталады, яғни оның бір тауар немесе тауарлар тобы арқылы көлемі және нарықтың осы сегменттегі тауар циклінің өміршеңдігі қаралады;

  • ары қарай таңдаған сегменттің маңыздылығы анықталады, яғни оның болашағы қандай, ол өсе ме әлде өспей ме, егер өссе, ұзақ мерзімге ме екен?

  • келесіде осы нарық сегментінде кәсіпорын жұмысы қаншалықты өтімді болатындығы анықталады;

  • келесі қадамда сегменттеудің негізгі бәсекелестер нарықтың тепе-теңдігін (қайшылықсыздығы) анықтау болмақ, яғни осы кәсіпорынның өнімі негізгі бәсекелестер мүддесіне қаншалықты әсер ететіндігін (тиісетіндігін) байқау;

  • ең соңында кәсіпорын мынаны анықтауы керек: таңдаған сегментте жұмыс істеуге қажетті ресурстар мен мамандар бар ма?

( 18-1 кестені қараңыз) .

18-1 кесте

Дербес компьютер нарығын

тұтынушылар тобы бойынша сегменттеу

Факторлары

Үй шаруашылығы

Мектептер

ЖОО

Копорациялар

Техникалық сипаттамасы

+

+

++

+++

Бағасы

+++

++

+

+

Жинақтылығы

0

0

+

+++

Шартты белгілеулер :

+++- өте маңызды фактор;

++- маңызды фактор

+- маңыздылығы аз фактор

  1. елеусіз фактор

Кестеде берілген сегменттеу мәліметтері бойынша компьютерді тұтынушылардың мүмкін болатын саны мен тұтынушыллардың осы өнімге қоятын талаптары туралы түйін жасауға болады.

Бұның барлығы компьютер өндіретін кәсіпорынға өзінің тауарын тұтынушылардың қандай талаптары бар екендігін білуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде кәсіпорын тауар немесе тауарлар тобын өндіру жоспарын жасауға кіріседі. Кәсіпорын (фирма) екі жоспарды – жылдық және перспективалы бес жылдықты жасайды. Жыл сайын бес жылдық жоспарды қайта қарайды және түзетеді. Себебі, фирмада үнемі көзделген өнімді іске асыратын өндірістің алдағы бес жылға жоспары болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]