
- •1. Менеджмент ғылым ретінде. Басқарушылық ойлар теориясының эволюциясы
- •2. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне көшудің объективті қажеттілігі мен заңдылығы
- •3. Менеджменттің мәні, әдістері мен қызметтері
- •Басқару ақпаратының қызметтік мақсаттары:
- •4. Кәсіпорын ( фирма) менеджері және басқарудың тиімділігі
- •5. Жоспарлау кәсіпорынды басқраудың жүйесі ретінде. Бизнес жоспар.
- •Ұғыну қажет терминдер:
5. Жоспарлау кәсіпорынды басқраудың жүйесі ретінде. Бизнес жоспар.
Менеджмент- кәсіпорынды басқаруда стратегиялық жоспарлауды ( перспективалы, ұзақ мерзімді 10-15 жылға) , орта мерзімді ( 5 жылға) және ағымдағы жоспарлауды (1 жыл) ұсынады.
Ағымдағы жоспарлау мен бизнес-жоспар үзіліссіз жоспарлаудың маңызды буыны болып табылады.
Бизнес -жоспар- бұл жаңа қаржыландыру көздерін анықтау және оған өқол жеткізу үшін, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың санын анықтау үін инвестицияны негіздеудің және инвестор тартудың негізгі құжаты.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның жұмысындағы қателіктердің алдын алудың жоспары.
Бизнес- жоспардың құрылымы.
1-бөлім. Мүмкіндіктері.
Бұл бөлім жоспардың барлық қалған бөлімдерін аяқтап болғаннан кейін солардың негізінде дайындалады.
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты-әлеуетті салымшыға жалпы сипатта осы бизнес-жоспардың негізінде бұл жобаға қаржы салуға болатындығын дәлелдеу,
2-бөлім. Өткізу нарығы.
Бұл бөлімде нарықтағы кәсіпорыннығ сегменті анықталады, аталған сегментте тауарды кім сатып алады, сегменттің көлемі қандай, сатылатын көлемнің мүмкіндігі .
3-бөлім. Бәсекелестік және бәсекеге қабылеттілік.
Бұл бөлімде тауардың жаңашылдығы ашып көрсетіледі, тауардың бәсекеге қабылеттілігінің жоғарылауы мен кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілік деңгейінің белгілі бәсекелес кәсіпоырндар жағдайында және осы кәсіпорыннңы өзінің өнімін өткізетін нарықтағы бәсеке сипаты.
4-бөлім. Маркетинг стратегиясы.
Аталған бөлімде өнімді тарату схемасы, баға белгілеу, жарнама, сатуды ынталандыру әдістері, сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыру сипатталады.
5-бөлім. Өндіріс жоспары.
-өндірілетін өнім көлемін анықтайды;
-қажет шикізат пен материалдың санын және оларды жеткізушілерді анықтайды;
жоспарланған өнім көлемін өндіру үшін қажет өндірістік қуаттылығын есепте шығарады;
-өндіріс шығындары мен нарықтағы жағдай өзгергенде оның өзгеруі мүмкіндіктері бағаланады.
6-бөлім. Қаржылық жоспар.
Бизнес -жоспардың бұл бөлімінде осыдан алдыңғы бөлімдерді жинақтап құндық шамалары анықталады.
Қаржылық жоспарға мыналар кіреді :
сату көлемінің болжамы
фирманың нарықтағы үлесі. Алдағы үш жылға болжам.
Ақша кірістері мен шығыстарының балансы.
Ұғыну қажет терминдер:
Менеджмент, менеджер, формальды емес лидер, басқару стилі, басқарушылық еңбек, басқару қызметі, басқару мектебі, кәсіпорын менеджменті, еңбек ресурстар менеджменті, қаржы менеджменті, шағын, орта және ірі бизнес менеджменті, муниципалды менеджмент, аймақтық менеджмент, маркетингтік менеджмент, халықаралық менеджмент, жалпы менеджмент, функционалдық менеджмент, жалпы менеджменттің деңгейі, бизнес -жоспар.
Сабақтың үлгі ретіндегі жоспары
Басқаруды ұйымдастырудың принциптері және қазіргі тенденциялары.
Нарық жағдайында экономиканың негізгі буынын басқару.
Менеджменттің теоретикалық негіздері мен қызметтері.
Мәнжазба, хабарлама мен баяндамалар тақырыптары
1. Менеджмент басқаруды ұйымдастырудың жүйесі ретінде.
2. Нарық жағдайында экономиканы басқарудың қызметтері.
3. Менеджмент теориясының негізін қалаушылар.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Экономиканы басқарудың дәстүрлі емес тәсілінен сізге не белгілі? Оны қолдану немен түсіндіріледі?
2. «Менеджмент»деген не, оның болуы мен қызметтері?
3. Сізге менеджменттің қандай түрлері белгілі және кәсіпорын менеджменттің мәні неде?
4. Бизнес-жоспар және оның кәсіпорынның басқару жүйесінде алатын орыны.
Әдебиеттер.
Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. ( 7- Ұзақ мерзімді басымдылық ) Казахстанская правда, 1997 жыл 11 қазан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы. « Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». 19 наурыз 2004 ж
Ахметов К.Г. Сағындықов Е.Н. Байжомартов У.С. Жүнісов Б.А. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал, 2005.
Бердалиев К.Н., Өмірзақов С.Ы. Менеджмент негіздері., Алматы, 1994.
Виханский О.С., Наумов А.И., Менеджмент.-М., Высшая школа, 1994.
Веснин В.Р. Барлығына арналған менеджмент. -М., Юристь, 1994.
Веснин В.Р. Менеджмент негіздері.- М.,Триада, ЛТД, 1996.
Герчикова Н.Н. Менеджмент.Оқулық. -М., Банки и биржи.ЮНИТИ, 1995.
Кабушкин Н.Н. Менеджмент негіздері. -Минск., БГЭК, 1996.
Капиталистік басқару : 80-ші жылдар сабақтары. А.Дынкиннің редакторлығымен. М., Экономика, 1991.
Козырев В.М. Қазіргі заманғы экономика.-М, Финансы и статистика, 2000.
Кохно П.А. , Микрюков В.А., Комаров С.Е., Менеджмент.,-М.Финансы и статистика., 1997.
Маккей Харви. Акулалар арасында қалай өмір сүру ? /Бенг Карлоф. Іскер стратегия. -Уфа, М.Экономика, 1993
Мескон М.Х. , Альберт М., Хедоури Ф. Менеджмент негіздері. -М.,Дело, 1992.
Нұрсейтов А.А.,Нұрсейтов Н.А. Қржы менджменті. Оқулық пособие. -Алматығ КазГАУ, 1996.
Менеджмент негіздері. Оқулық пособие. А.А.Рафутиннің редакторлығымен. М,Центр, 1997.
Оуэн Г. Ойындар теориясы. М., 1971.
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ.Шеденовтің редакторлығымен. Ақтөбе- А-Полиграфия, 2004.
Тейлор Ф.У.Менеджмент. -М.,Контроллинг, 1992.
Басқару -бұл ғылым мен өнер. Файоль А., Эмерсон Г., Тейлор Ф., Форд Г.-М., Республика, 1992.
Уткин Э.А. Менеджер мамандығы. -М., Экономика, 1992.
Уткин Э.А. Менеджмент курсы. -М.,Зерцало, 1998.
1 Кохно П.А. Микрюков В.А. Комаров С.Е. Менеджмент. -М.,1993, 10-11 бб.
2 Мамедов О. "Экономикс", "маркетинг", "менеджмент", -ж.Экономические науки, № 11,1991, 92 б.