
- •1. Менеджмент ғылым ретінде. Басқарушылық ойлар теориясының эволюциясы
- •2. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне көшудің объективті қажеттілігі мен заңдылығы
- •3. Менеджменттің мәні, әдістері мен қызметтері
- •Басқару ақпаратының қызметтік мақсаттары:
- •4. Кәсіпорын ( фирма) менеджері және басқарудың тиімділігі
- •5. Жоспарлау кәсіпорынды басқраудың жүйесі ретінде. Бизнес жоспар.
- •Ұғыну қажет терминдер:
Басқару ақпаратының қызметтік мақсаттары:
Кәсіпорынның функционалды бөлімшелері |
Басқарушылық |
Бағалау критериі |
Жалпы басқару |
Пайда |
Стратегиның орындалуы |
Кәсіпорын есеп-шоты |
Шығындар, өзіндік құн |
Шығынды төмендету |
Қаржылар |
Салымның қайтарымы |
Нарық үлесінің ұлғаюы |
Маркетинг |
Сату көлемі |
Нарық үлесінің ұлғаюы |
Персонал |
Басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру |
Ресурстарды тиімді пайдалану |
Өндіріс |
Технологиялық операцияның тиімділігі |
Ресурстарды тиімді пайдалану |
Зерттеулер мен жасалған жұмыстар |
Өнімді жаңалау |
Бәсекелестік өнімді жасау |
Менеджер микроәлеуметтік басқару жүйесі принциптерін өткереді :2
-өндірістік қатынастарды «гуманизациялау» принципі. Бұл әрбір жұмыскердің жеке әлеуметін максималды есептеуді талап етеді;
-«іскерлік әріптестік » принципі. Мұнда әртүрлі топтағы жұмыскерлер фирманың гүлденуі үшін ынтымақтасады;
-«Экономикалық децентрализм» принципі. Фирманың әрбір буыны әкімшілдік-шаруашылық шешім ұғымын өз бетінше жүзеге асыруы.
Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құрылады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.
Жалпы алғанда қазіргі менеджмент фирма мамандарын сараптауға, дайындауға және ынталандыруға ерекше мән береді.
Менеджменттің қазіргі теориялары адам жайлы, оның мақсатқа талпынысына, шығармашылдығына және өзін-өзі ұйымдастыратын тұлға болуына ( Д.Макгрегордың "V" теориясы) және оның мотивациялығына негізделген.
Еңбек табыс әкеліп, адам оған қанағаттанатын болса, онда адам денсаулығының психологиялық қабілеттілігі артады және оның белсенділігі ынталандырылады (Ф. Херцбергтің гигиеналық мотивция теориясы).
4. Кәсіпорын ( фирма) менеджері және басқарудың тиімділігі
Менеджер, ол кім? Басшылықтың мұндай атауы ағылшынның «manager» сөзінен шыққан. Ол басқарушы, меңгеруші, әкімшілдікті пайымдайды. Қазіргі жағдайда бұған жай басшылық деп қараудан гөрі көп мағына енгізілген.
Менеджер-бұл басқарушылық еңбек саласында ғылыми білімді меңгерген және қатаң бәсекелестік жағдайында барлық жұмыскерлерді фирма алдында тұрған міндеттерді өткеруге ұйымдастыру қабілеті бар адам.
Бұл басшы дәстүрлі емес, ғылыми әдістерді қолданады, және оның басқаруды ұйымдастыру стилі бағыныштыларын кәсіпорынның мақсатына қол жеткізуде қабылеттіліктерін аямай соған жұмсауға шақырады. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын болжай алатын, адамдарды ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.
Қайсы бір фирма жұмысына кірісетін келешектегі менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап алуы керек. Онда мына сауалдарға: не істеу? Қалай істеу? Қашан істеу керек? дегендерге нақты жауап болғаны жөн. Жоспарды жасау-бұл тек алғашқы қадам. Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлы және белсенді танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.
Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақсатты бағытта жұмыс жасауы мүмкін. Бұл жұмыстағы басты мақсат-әрбір жекелеген адамның «өз кілтін» таба білуде.Жетістікті бағалай отырып, оның белгілеген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтаны және творчестволық қалыпты барынша қолдауы қажет.
Жұмыс барысында менеджер өз ұжымындағы ресми емес лидерді табуға тиіс және оның іс-әрекетін зорлық-зомбылықсыз жалпы істің пайдасына бағыттауы қажет.
Нарық жағдайында менеджер нартәуекелдікке бел бууы және оны басқара білуі де керек. Менеджер үшін нартәуекел болатын саланы таба білу өте қажет, оның болатын мүмкіндігінің дәрежесін бағалап, алдын-ала шаралар қолдануы керек. Бұл жағдайда менеджерге мынадай сипаттар –батылдық, іс-қимылдың стандартты еместігі, тәуелсіздік, экспериментке жақындығы, парасатты есеп, көр қырлы қабілеттілік және жағдайды тез бағалап, оның өзгергендігіне жедел реакция жасау, түпкі нәтижені нақты бағалау-тән болғаны дұрыс.
Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді, яғни, кәсіпорын (фирма) жұмысының жоғарғы нәтижелілігіне, алдыменен пайда табу жағдайы ескеріледі.Нарық жағдайында пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты болып табылады.