Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
97.28 Кб
Скачать

2. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне көшудің объективті қажеттілігі мен заңдылығы

Шет елдердің дәстүрлі емес және ғылыми басқару жүйесіне көшудің кезеңмен жүзеге асуы көптеген себептермен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде осы көптегендердің ішінен ерекше оқшауланған бір ғана себеп-адамзат қоғамның интустриалдықтан постундустриалдыққа және ақпараттық қоғамға көшуі. Осы өсу құбылысындағы алдағы кездегі байқалатын басты нәрсе-болашақ технологиясы санатын компьютерді, гендік инженерия және т.б. кеңінен ендіру болып табылады.

Әлемдік қауымдастыққа енетін елдерде 80-ші жылдары басқарушылық ойдағы қалыптасқан көзқарасы жоюға қарқынды күш-жігер жұмсалды.

Әлемдік нарықта бәсекелестіктің тез күшеюі және технологиялық ұйымдық жаңалықтарының жиелігі мен көлемінің ұлғаюы кезінде алғы шепте өз жағдайын сынай берген әрі олқылығының дұрыс есептелген фирма басшылары артықшылыққа ие болады. Олар басқарудағы тиімді саналатын бұрынғы көптеген көзқарастарды жоюға және өз ұйымының, ондағы жұмыскерлерінің келекшекте жақсы болуы тұрмысынан қайта қарайды.

Біздің қоғамдағы дәстүрлі емес басқаруды қолдауы қажеттілігі басқа сипатқа өтумен туындайды: жоспарлы, мемлекеттіктен аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға өту және әкімшілдіктен экономикалық басқару тәсіліне өту.

Нарықтық жағдайда әкімшілік-әміршілдік басқарудан экономикалық тәсілге өту басқару жүйесіне басқаша әдістерді қолдануды талап етеді.

Басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі мыналардың көмегімен тікелей басқарылатыны белгілі :

  • тапсыру;

  • өкім;

  • шешім;

  • қаулы;

  • бұйрық;

  • жарлық;

  • директива;

Басқарудың экономикалық әдісі мыналардың жанама көмегімен атқарылады:

-салықтар;

-баж салығы;

-пайыздық ставкалар;

-еңбек ақыны реттеу;

-жеңілдіктер;

лицензиялар;

-квоталар;

-несиелер.

Басқарудың аралас нысандары тікелей де, жанама да басқару әдістерінің қолданылуымен жүзеге асырылады. Алайда, басқарудың дәстүрлі әдістері ғылыми басқарудың өнері мен технологиясына ештеңе де қоспайды.

Менеджменттер жүйесі- бұл ғылыми басқарудың өнері мен технологиясы, әлемнің индустриалды дамыған елдеріндегі кәсіпорындарында кеңінен қолданылады.

Нарық-бұл кәсіпорынның өзінше жұмыс жасауы, сондықтан да барлық жоспарлы-экономикалық шешімдер кәсіпорын иығына жүктеледі:

-ақпараттың қағаздық легі қысқарады: барлық керекті ақпаратты нақты коньюктурасы жедел көрсете алады:

-кәсіпорындар арасында өзара ақпаратпен алмасу қажеттілігі туындайды:

  • ондай мәлімет беру сан алуан тауарлар жинағын ұлғайтады.

Бүкіл әлемде бар мәселе қатты толғандыруда: бүгін және ертең қандай басқару қажет?

Бұл мәселе барлық азаматты толғандыруда: Ақпараттық дәуірге енген шет елдерді де және нарықтық қатынас дәуіріне алғашқы енген елдерді де. Бастықтар көп болған не болу мүмкін? Қандай бастықтар керек ? Көшбашшы ма әлде жетекші ме? Егер сен лидер болсаң, онда басқаша жетекшілік жасағаның дұрыс. Бүгін адамдарды қалай басқаруға болады ?

Дәстүрлі емес басқару жүйесіне қажеттілік себептерінің әртүрлі болғанымен, оның маңызы біреу-ақ: батыста да, бізде де және ТМД елдерінде басқарудың дәстүрлі ескі тәсілі жаңа өндірістік қатынастарға сай келмейді.

Олар дәстүрлі, қолайсыз, жалпы, жаппақ көпшілік өндірістен қол үзе бастаса, біздің дәстүрлі, қолйсыз, жоспары, нұсқаулы басқару жүйесіне бас тартудамыз.

АҚШ –да өндірістегі 250 млн. тұрғынына 10 млн. менеджер болса, бұрынғы Одақ барлық басқару жүйесінде 288 млн. тұрғынға 18 млн. басқарушы болған. Сөйтіп, бұрынғы мемлекет бюджетін өте ауыр салмақ түскен.

Қазақстан Республикасында 2003 жылдың басында 15 млн. тұрғынға шамамен миллионға жуық басқарушы келген.

Қазіргі өндірістің бұрынғы дәстүрлі, икемсіз, жалпы, жаппай көпшілік түрлерінен айырмашылығы-оның жоғарғы икемділігі, жоғарғы ептілігі өнімнің ұсақ сериясы және арнайы жоғарғы деңгейі, өнімнің тұрақты жаңалануымен сипатталады.

Осыдан келіп дәстүрлі басқару түрлері-түпкілікті тұтынушы жеткілікті ескермей, жаппай көпшілік өндірістің жалпы көрсеткіштерге бағытталуы-бүгін өзі ақтамай отыр. Айта кететін нәрсе әдетте жоспарлы-нұсқаулы жүйеге жаппай, ірі, икемсіздеу өндіріс тән болады. Ол жоғарыдан нұсқаулы, жоспарлы тапсырмаларды беру арқылы басқарылады. Осындай автоматтылыққа құрылған организмдер кәсіпорында дағдылы түрде өзінің қызметін атқарады.

Нарықтық қатынасқа көшу, мемлекеттің толық тәуелсіздігі өзін-өзі басқару тәсіліне ерекше мән беруді талап етеді.

Бәсекелестік күресте өмір сүру үшін кәсіпорынды дәстүрлі емес жаңаша басқаруды үйрену керек. Әсіресе тауарды шығаратын әрі оны өткізумен айналысатын адамдарды басқара білген жөн.

Нарық кезінде кәсіпорын мамандарында көптеген жаңа қам-қарекеттер пайда болды: тауар нарығын, капитал нарығын, жұмыс күші нарығын және т.б білу қажеттілігі. Бұрын мұндайға сұраныс болған емес және онымен ешкім айналысқан жоқ.

Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде басшыға жаңа технологияны білу ғана емес, сонымен қатар басқару тәсілін меңгеру қажет. Алайда, ішкі ортаны басқару (бұл басқарудың дәстүрлі аясы, бірақ дәстүрлі емес басқаруды қажет етеді) тәсілін ескеріп қана қоймай, сыртқы ортаны басқару тәсілін-бұл біздің кәсіпорын басшыларына (жетекшілеріне) жаңа, тіпті белгісіз, басқарушылық қызметтің дәстүрлі емес аясын –білген абзал. Оны барынша тануды тоқу үшін көптеген нәрселерді білу қажет-ақ-құрылымды, қызметтің атқарылуын, тәсілдерді және менеджмент технологиясын меңгеру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]