Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
97.28 Кб
Скачать

17-тақырып. Басқару теориясы және менеджмент

1. Менеджмент ғылым ретінде. Басқарушылық ойлар теориясының эволюциясы

Менеджмент-бұл басқару теориясы және нарықтық экономиканың қажетті элементі болып табылады.

Басқару теориясы ғылым ретінде XIX-ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше дәуірді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқарушылық ойдың алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915жж) американ инженері, басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізуді алғаш рет айтқан болатын. Ол кезде бұл ғажайып жаңалық сияқты көрінді. Кейінірек оның еңбектері мойындала бастады және ғылыми басқарудың классикалық мектебінің негізін қалады.

Ф. Тейлор «Фабриканы басқару» (1903ж), «Ғылыми менеджменттің принциптері» (1911ж) деген еңбектерінде кәсііпорынды басқаруды өнер ретінде қарастырып, онда нені жасауды дәл білу және оны арзан ең әрі жақсы тәсілмен қалай жасауға болатынын» қарастырды. Оған қол жеткізу үшін Ф.Тейлордың ойынша, төмендегідей кейбір басқарудың шешімдерін жүзеге асыру қажет: мақсатты таңдау және оған жету жолы, нәтижені бақылаудың тәсілін дайындау. Ф. Тейлор өзінің еңбектерін басқаруды ұйымдастыруды тек кәсіпорын деңгейінде қарастыруға арнады.

Осы мектептің өкілі француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925жж) болған. Ол практикалық тәжірибені жинақтау негізінде төмендегідей қорытындыға келген: «басқару-кәсіпорынның ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу» сөйтіп алғашқы рет мемлекеттік басқаруда оны ғылыми ұйымдастыру принципін қолдаудың мүмкін екендігіне ой салды.

А. Файоль басқарушылық міндеттерін кәсіпорынның техникалық, қаржылық және басқа мәселелерімен қарағанда ерекше зерттеу облыстары ретінде оқшауланады.

Басқарушылық ой ХХ ғасырдың 40-шы жылдың аяғы мен 50-ші жылдың басында кезекті қарқын белең алды. Ол «адамдық қатынастар» мектебінің пайда болуымен байланысты еді. Бұл бағыт психология мен социология адамдардың мінез-құлқы жайлы ғылым жетістігін басқару жүйесінде қолданумен айқындалады. Басқару теориясында «адамдық қатынастар» яғни «мінез-құлқы» жайлы ғылым жетістігін басқару жүйесінде қолданумен айқындалады. Басқару теориясында «адамдық қатынастар» яғни «мінез-құлық» мектебі пайда болды. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі –Элтон Мейо (1880-1949жж) болды. Осы ілім формалық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс саудалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.

Басқарушылық ойдың жаңа (1950-1960жж) даму дәуірі қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқарушылық ғылым» мектебі өмірге келді.

Басқарушылық теориясының 70-80-ші жылдардың қарсаңында жаңа мектебі қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» мектебі болатын. Жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық –басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескерді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шншімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқарушылық ойлар теориясында осы мектептерді менеджмент теориясы мен практикасын дамытуда негізгі деп атау қабылданған.

Басқарушылық теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы, басқарушылық теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустириальды революцияның бастауы.

«Мінез-құлық» мектебі-«адамдық қатынастар» мектебінің пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүние жүзілік соғыстын нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

«Басқарушылық ғылымдар» мектебінің тууы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаю әсеріме, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады. 1

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Басқарудың – американдық, жапондық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. Әлемдік шаруашылықтың дамуы өзінің әсерін қазіргі менеджментті интернациялауға ықпал етуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]