Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Глава 15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.63 Кб
Скачать

4. Шарашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік қызметтің тәсілі ретінде

Нарықтық экономиканың аралас әлеуметтік- бағытталған екі секторлық ортасы- өзіне мемлекеттік әрі мемлекеттік емес кәсіпоырндарды ендіріп, кәсіпорынның (фирма) шаруашылық қызметінің екі түрін қолға алады: шаруашылық және коммерциялық есеп.

Шаруашылық есептің принциптері:

Біріншіден, шаруашылық есептің бөлінбейтін бөлшегіне шаруашылықтың өз бетінше жұмыс жасауы жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпоырндар жайлы» Жарлығына сай, мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылығын өз бетінше жүргізуге құқық берілген.

Екіншіден, кәсіпорын өзін-өзі сақтау принципін жүзеге асырады.

Үшіншіден , қазіргі кезде мемлекет меншігіндегі кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыруы қажет. Бұл мемлекеттік кәсіпорын ұжымының басты міндеті болып саналады. Нарықтық жағдай ресурстардың төлемділігін байқатады. Ендігі жерде ұжым өзі тұтынатын нәрсенің барлығына да төлеуі қажет. Тек материал, энергия және ірі жабдықтарға ғана емес , енді кәсіпорын бұрындары тегін немесе азғана төлем төлеген нәрселерге де: жұмыс күшіне, жер, су, пайдалы қазбалар және басқада табиғи ресурстарға төлейтін болды.

Төртіншіден, өндірістегі оңды нәтижелер үшін мемлекеттік марапаттауды күтпей-ақ ( бұрын мұны мемлекет атқарған) өзін-өзі марапаттау принципіне көшуде.

Бұл толық шаруашылық есептің коммерциялық жақындасуына алып келеді.

Жедел басқару құқығы арқасында құрылатын қазыналық кәсіпорындар ( мемлекеттіктің бір түрі) толық емес шаруашылық есепте болады, сөйтіп тек өзі өндірген өнімді ғана өз бетінше өткеруіне рұқсат етіледі, қалғанын мемлекет анықтайды.

Қазақстан экономикасының әкімшілік- әміршілдік модельден нарықтық қатынасқа көшуі шаруашылық есеп сауалын қарастыруға жаңаша көзқарасты талап етті. Мұндай көзқарасты қысқаша былай тұжырымдауға болады: әртүрлі меншіктегі кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі шаруашылық есептің коммерциялық есепке ауысын талап етеді. Егер шаруашылық есептегі кәсіпорынның алдында негізінен өндірістік- өткізу міндеті тұрса, коммерциялық есеп жағдайында кәсіпорын алдындағы міндет- тек өндірістік өткізу ғана емес, сонымен қатар қаржылық сатып-алу және маркетингтік қызмет көрсету болып табылады.

Коммерциялық есеп жағдайында кәсіпорын қызметінің құрылымы түбегейлі түрде өзгереді, себебі тұтынумен қатаң тапсырыс байланысының үзілуінен өзінің тауар өткізу кепілдігі болмайды және олардың басқа өндірушілер таауарына бағыт бұруы мүмкін. Демек кәсіпорын өзінің қызметін жаңа факторды ескере отырып жоспарлауы қажет, ол бүгінгі талаппен айтар болсақ- нарықтық тәуекел болып табылады.

Коммерциялық есеп кәсіпорын қызметінің жоспарлау мағынасын жаңалай түседі. Бұл процес коммерциялық есеп жағдайында бес « Ө» ні қамтиды:

  • өзінің дербестігі

  • Өзін- өзі басқару

  • өзін-өзі өтеу

  • өзін-өзі қаржыландыру

  • өзін-өзі мадақтау.

Яғни, бір ғана өндірістік бағытты қамтып алмай, сондай-ақ оның дербес жұмыс істеуін қамтиды.

5. Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу.

Батыстың экономикалық теория мектептерінде кәсіпорын табыстарын талдағанда мынандай экономикалық категориялар қолданылады:

  • жалпы ( жиынтық ) табыс, өзінің өнімін өткеруден алынған;

  • орташа табыс, өткерілген өнмі бірлігіне есептелінген;

  • шектелген табыс, қосымша өнімді сату арқылы жалпы табыстың ұлғаюы.

Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік- бағытталған нарықтық экономика жағдайында бұрыңғы мемлекеттік экономикада қолданылған экономикалық категориялар сақталды: өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы және таза табыс, пайда, рентабельділік , рентабельділік деңгейі

Осы экономикалық категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторында ғана емес, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттік емес кәсіпорын секторында да қолданылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы өндіріс шығындарын есепке алу әдістемелігі дамыған нарықтық экономикадағы Батыс елдеріндегі фирмалардың шығындар есептеу әдістемелігінен айырмашылығы бар. Қазақстан Республикасындағы шығындарды есептеу әдістемелігін қолдана отырып, төмендегідей кемшіліктеріне тоқталамыз:

- біріншіден, жіберіп алынған мүмкіндіктер шығындары есепке алынбайды; айқын емес шығындар есепке алынбайды, экономикалық және бухгалтерлік шығындардың бөлек есебі жүргізілмейді;

-екіншіден, шекті шығындары есептелмейді, бұл шекті табыспен салыстыруға мүмкіндік берер еді.

-үшіншіден, трансакциялық шығындар есепке алынбайды.

Қолданыстағы шығындар жүйесі нарықтық сипатқа ие емес.

Егер, батыс елдерінде, бәсекелес нарықтық орта жағдайындағы фирмалар шығындарын төмендетуге ұмтылыс жасаса, Қазақстан экономикасындағы кәсіпорындар, соның ішінде бірінші кезекте табиғи монополия қызметін ұсынушылар өзіндік құнмен манипуляция жасауға ұмтылады, ол бағаның өсуі үшін сылтау болар еді.

Бұған тоқсан сайын монополияға қарсы комитетке келіп түсіп жатқан электр энергиясына, газға, жылу энергиясына, байланыс қызметтеріне, автомобиль, темір жолы, әуе көлігі қызметтеріне тарифтерді көтеру жөніндегі толассыз өтініштер айқын дәлел бола алады.

Ұжымдық пен жеке кәсіпоырндағы пайда меншіккерге жатады және оның жарғысына сай бөлінеді.

Өзінің меншікті шығынын есептей алмай, кез келген меншік түріндегі кәсіпоырынға өзінің табысын анықтау мүмкін емес. Оған- шикізат пен материал шығындары жағар май, электроэнергия, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, еңбек ақы және әлеуметтік қажеттілік шығындары жатады.

Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді.

Өзіндік құн- бұл өнімді дайындаудағы ақшалай шығынның жұмсалуы.

Өз өнімінің құны мен шығындар ( өзіндік құн) арасындағы айырма кәсіпорынның таза табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның таза табысы ретінде пайда жүзеге асып отырады. Таза табыс кәсіпорынның алған (тапқан) табысының бір бөлігі ғана емес.

Кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады.

Кәсіпорынның жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материалдық шығынды алып тастағанға тең. ( 15-4 кестені қараңыз ) . Жалпы табыстан әлеуметтік қажеттілікке : зейнеткерлік қор, әлеуметтік және медициналық сақатндыру қоры, тұрғындардың жұмыстылық қорына керекті нәрселер жіберіліп отырады. Жіберілу мөлшері бекітлген заңдылықтар нормасымен негізгі және қосымша жалақы сомасынан жүзеге асады.

№15-4 кесте

Шығын мен табыс құрылымы

Өткерілу көлемі

Материалдық шығындар

Жалпы өнім

Еңбек ақы

пайда

Кәсіпорын шығындары (өзіндік құн)

Таза табыс

Енді мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорын- мысалында пайданың бөлінуін қарастырамыз.

Пайданы бөлудің екі варианты бар: бірінші вариант – толық шаруашылқ есептің бірінші моделі бойынша, келесісі- шаруашылық есептің екінші моделі бойынша.

№ 15-5 кесте

Кәсіпорындағы пайданың бөлінуі.

Табыс салығы

Қосалқы салынған құнға салық

(ҚҚС(

Жер қойнау-

ын пайдала-натындарға

салық

Несие үшін пайыз

Экономикалық ынталандыру қоры

Резервтік

өндірісті дамыту

Әлеу-меттік

мәдени

шара-лар

Материал-дық

сыйақы

(сақтық

Қоры)

Шаруашылық есептің бірінші моделінде шаруашылық есеп табысы қалыптасады

Шаруашылық есептің екінші моделінде біркелкі еңбек ақы қоры қалыптасады

Еңбек ақы Экономикалық

қоры + ынталандыру

қоры

Еңбек ақы Материалдық

қоры + сыйақы қоры

Олардың бірі-бірінен айырмашылығ мынада : шаруашылық есептің бірінші моделінде – шаруашылық табысы ретінде қалыптасады, сөйтіп ол өзіне жалақы қоры мен экономикалық ынталандыру қорын ендіреді. Осы аталған соңғы қор мына құрамнан тұрады: өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік – мәдени шаралар қоры және материалдық сый ақы қоры.

Шаруашылқ есептің екінші моделі біркелкі ақы төлеу қоры ретінде қалыптасады. Ол өзіне ақы төлеу қоры мен материалдық сыйақы қорын қосып алады ( 15-5 кестені қараңыз) .

Коммерциялық шаруашылық есепке көшкен мемлекеттік емес кәсіпорындарда табысты бөлу модельсіз негізде жүргізіледі.

Коммерциялық есептеу негізінде жұмыс атқаратын барлық жеке, ұжымдық, акционерлік, шетелдік, аралас кәсіпорындар табысты бөлу процесіне мемлекеттің араласуына жол бермейді. Бұған дейін олар бюджетке төлем беріп, несиені қайтарып қояды. Олар еңбек ақы, жұмыскерлерді сыйақымен марапаттауға , дивидендті төлеуге және өндірісті дамытуға табыстың бір бөлігін бағыттауды өз бетінше анықтай алады.

Мысалы, коммерциялық есептеу жағдайында тарифтік ставка мен тарифтік коэффицентті , сондай-ақ лауазымдық айлықты бекіту кәсіпорынның өз шешімімен қабылданады. Мемлекеттік тарифтік жүйе кәсіпорын үшін жұмысты тарификациялау процесінде тек бағыт беруші болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда - әртүрлі квалификациядағы жұмыскерлердің минималды жалақысын анықтайды.

Кәсіпорынның (фирма) рентабельділігі- бұл жұмыстың тиімділігі. Өндіріс рентабельділігі мен өнім рентабельділігін ажырата білу керек.

Пайда (жалпы)

Р 1 = ---------------------------------------------------------------------- х 100 .

Өндіріс қорлары мен айналмалы қаржының құны

Өндіріс қорлары мен айналмалы қаржының құны өнім рентабельділігі пайда мөлшерінің өткерілген өнім өзіндік құнының мың тенгеге шаққандағысын көрсетеді.

Пайда ( өткерілгеннен түскен)

Р 2 = ---------------------------------------------------------------------- х 100 .

Өнімнің өзіндік құны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]