
- •Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирма) қызметі мен мінез-құлқы.
- •3. Нарықтық тәуекелділік, оның түрлері.
- •4. Шарашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік қызметтің тәсілі ретінде
- •5. Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу.
- •Ұғыну қажет терминдер:
- •Мәнжазба, хабарлама мен баяндама тақырыптары.
- •Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер.
ІІІ бөлім.
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және ұлттық кәсіпкерлікке қабілетілік шартындағы микроэкономика.
15- тақырып. Кәсіпорын- микроэкономика
обьектісі және басты субъект.
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және
кәсіпорынның( фирманың) ұйымдық нысандары
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарварг университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж) мән берді. Ол былай деп жазды: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй ( 1767 – 1832 ж ж) былай деген : «Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ( 1650 – 1734 жж ) ендірді. Бұл ұғымға , ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бірі-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік –тек қана табыс әкелетін қызмет емес, ол новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда « кәсіпкерлік қабілеттілік » деген ұғым бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейды. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той- думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі , олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауға оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал, егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда «кәсіпкерлік қызмет» термині қолданылады.
Кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұжымдық болуы мүмкін:
жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
коммандитті - аралас жауапкершілік ( біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен ) ;
қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жаупкершілік мойына алынады;
өндірістік және тұтыну кооперативтері ;
консорциумдар;
акционерлік қоғамдар.
Қазақстан Республикасының заңнамалары негізінде кәсіпорындар мемлекеттік және қазыналық болып бөлінеді. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі- оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде , мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық- толық емес шаруашылық есеп ( 4 параграфты қараңыз ) .
Кәсіпорын ( фирма) кәсіпкерлік қызмет қызмет өндірістік буынының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір- бірінен өзара айырмашылығы бар: « фирма » термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін.
Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін өндірісті жатқызамыз.
Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
жеке кәсіпорындар, азаматтар меншігіне негізделген;
кәсіпорындар, ұжым меншігіне негізделген;
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін.
акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негізіндегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
№ 15-1 кесте.
Кәсіпкерлік қызметтің негізі ұйымдық түрлерінің
артықшылығы мен олқылығы
Кәсіпкерліктің түрлері |
Артықшылығы |
Олқылығы |
1. Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар |
Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі |
Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі |
2.Серіктестіктер |
Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестерімен келісу кезіндегі шектеулілігі |
Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы |
3. Акционерлік қоғамдар |
Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі |
Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Ксәіби мүмкіндігі. |
мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
құрылтайшылар мүлкінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.
Қазақстан Ресупбликасы « Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» және « Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы » Заңдарында кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерінде болу мүмкіндігі айқындалған.
Казіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп . тек қана АҚШ-ның өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп соның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.
Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет. ( № 15-2 кестені қараңыз)
№ 15-2 кесте
Кәсіпкерлікті қызметті белгісіне қарай
нысаны мен түріне классификациялау
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша |
Шаруашылық қызметінің сипатына қарай |
Салалық қызметі бойынша |
Меншік нысаны бойынша |
Картелдер Синдикаттар (консорциумдар) Трестер Концерндер Концерн- конгломераттар Холдинг- компониялар Акционерлік қоғамдар (корпорациялар) Кооперативтер Серіктестіктер |
Өндірістік Саудалық Делдалдық Банктік Сақтандырулық Инвестициялық Иновациялық Инжинирингтік Венгурлік (тәуекелділік) Консалтингтік Аудиторлық Трастолық |
Өнеркәсіп Ауыл шаруашылығы Сауда Байланыс Көлік Қаржы- несиелік Мәдениет Өнер Білім Ғылым Денсаулық Сақтау Тұрғын үй шаруашылығы |
Мемлекеттік Қазыналық Ұжымдық Жалгерлік Кооперативтік Акционерлік Жекелеген Аралас (біріккен) Мемлекеттік кооперативтік пен бірге Ұжымдық жекеменшік бірге Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирма) қызметі мен мінез-құлқы.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қоысмша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
Өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
Алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әркетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
Жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық коньюктурамен, бәсекелестік орта жағдайымен , сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да факторымен есептесуі керек;
Кәсіпкерлік қызмет, мемлекеттік экономикадығы кәсіпорында кездеспеген. Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін , олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады.
Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдарды соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін ынталандыру мен мотивация құрылады.
Осыдан, туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:
нарықтық ортада кәсіпорынның бәселестік қабілеттілігін қолдау.
Бәсекелестік- бұл қатал нарықтық бәсекелестік жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың) қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Бұл бәсекелестік ортада өмір сүрудің негізгі шарты
Ірі кәсіпорындар экономикалық қуаттылығы мен өндірістік ауқымы есебінен ұтады. Ал, шағын кәсіпорындар ,бұған қарсы, өзінің экономикалық әлсіздігін кәсіпкерлік иілгіштігімен өтем жасайды. Мамандандырылған кәсіпорындар өздерінің икемделу мүмкіндігімен ұтады. Жаңашыл-кәсіпорындар өздерінің алғашқылық артықшылықтарын падаланады.
Сондай-ақ, өтпелі кезеңде кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілігін қолда көп жағдайда кәсіпорынның ( фирманың) басшысының көрегенділігі мен компетенттілігіне байланысты.
Осыған сәйкес, кәсіпорын ( фирма) басшысының көрегенділігі мен компетенттілігіне байланысты менеджменттер жүйесінде батыс экономистері бәсекеге қабылеттіліктің төрт деңгейін ажыратып берді :
Бәсекеге қабылеттіліктің бірінші деңгейі ( басшының әрекетіне призма арқылы) .
Бұл жағдайда кәсіпорын басшылары бәсекелестеріне ешқандай тосын сый даярлап отыруды ойлмайды, тек қана өнім өндірудегі өздерінің орнын ғана көреді, яғни "Ал, бізге бәрібір! " қағидатымен жұмыс жасайды.Сол себептен кәсіпорын бәсекеге қабылетсіз болып қала береді.
Бәсекеге қабылеттіліктің екінші деңгейі.
Екінші деңгейдегі кәсіпорын басшылары "Барлығын да солардағыдай жасау ! " қағидатымен , өздерінің өнімдерінің бәсекелес кәсіпорындарда енгізілген стандарттарға сай болуына ұмтылады. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай қағидат, осындай кәсіпорындардың өздерінің бәсеклестерін өмір бойы қуып жете алмайтын дәрежеге жететіндігін көрсеетеді. Себебі, бәсекелес кәсіпорындар қашан бұл кәсіпорын өндірісте олардың технологиялық деңгейіне жетеді деп күтіп отырмай, алға кете береді.
Бәсекеге қабылеттіліктің үшінші деңгейі.
Бұл деңгейдегі кәсіпорындар өздерінің салалары бойынша өндірісте жалпы стандарттар шегінен аздап шығып отыруға ұмтылады, салалық бәсекелестерінен аздаған артықщылықтары болуына ұмтылыс жасайды. Үшінші деңгейдегі кәсіпорындардың ұраны "Бәсекелестерден барлығы да артық болуы тиіс".
Бәсекеге қабылеттіліктің төртінші деңгейі.
Бұл деңгейдегі кәсіпорындар тек өндіріс саласында ғана емес, басқаруда, ұйымдастыруда, тиімділік пен үнемділікте, оперативтілікте, өнім мен технологияны, техниканы жаңалауда да алда болуға ұмтылады. Олар өзге фирмалардың тәжірибелерін көшіріп алуға тырыспайды, қата өндірістің кез келген аспектісінде әлемдегі кез келген бәсекелестікке ұмтылып, ең қатал стандарттарды ұсынады.Бұндағы ұран "Қажет болмағанның өзінде барлығын да бәсекелестерден артық жасау!"
Үшінші және төртінші бәсекеге қабылеттілік деңгейіндегі кәсіпорындарға жатады, дамыған Батыс елдері *****
Қазақстан Республикасы Преидентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабылетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабылетті экономика үшін, бәсекеге қабылетті халық үшін " атты Қазақстан халқына Жолдауында қйоылған міндеттер мен тапсырмаларға сәйкес Қазақстан кәсіпорындары бәсекеге қабылеттіліктің нақ осы деңгейіне ұмтылуы тиіс.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа кәсіпорындар тағы екі қызмет атқаруы қажет:
ішкі ортаны басқару қызметі, менеджмент жүйесін қолдана отырып.
сыртқы нарықтық ортаны басқару қызметі, қазіргі заманғы маркетинг жүйесін қолдана отырып.
Жоғарыда аталып өткен қызметтердің барлығын қолдану кәсіпорынға нарықтық ортадағы өзінің мінез-құлқының сипатын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның ( фирманың) нарықтық ортада қызмет жасауы белгісіздік пен тәуекелге байланысты.
Сондықтан экономикалық ғылымдағы 2000 мінез құлық теорияларынан кәсіпорындардың назары тәуекелділік жағдайындағы кәсіпорындар мінез құлқы теориясына айрықша боылп отыр.