Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Глава 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.04 Кб
Скачать

3. Қазіргі циклді дамудың ерекшеліктері.

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындайды. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленеді. Мұндай құбылыстар 1974-1975 –ші және 1980-1982 –ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды.

Дағдарыс кезеңі сыйпатында жаңа құбылыс – инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталады.

Қазіргі кезеңде, ҒТР жағдайында , әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда.

Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар- прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар –көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалумен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы құрылымдық дағдарыс деп аталады. Циклдық теорияны жасауда айырықша орынды Николай Дмитрийұлы Кондратьев (1892-1938 жж) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді.

Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұған басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады.

Мәселен, Н.Д.Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырды. Ол қоғамдық өндірістің технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.

14-2 кестесі

Н.Д.Кондратьевтің ұзын толқындары.

Өрлеу

Құлдырау

1789-1814 жж.

1814-1849жж

1849-1873 жж

1873-1896жж

1896-1920жж

4. Циклдер классификациясы.

Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критерий қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бұл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы критериийлерге сәйкес циклы классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған: 4

Қысқа мерзімді циклдар,ұзақтығы 4 жыл, күш қозғалысы тауар массасы мен оған сұраныс арасындағы сәйкестендірілмеген жинақ болады. Бұның авторы ағылшын экономисі Джозеф Китчин .

Орта мерзімді цикл, ұзақтығы 8—ден 12-кі жылға дейін., яғни өнеркәсіпті цикл деп аталды. Қозғаушы күштері -өндірістегі ұдайы негізгі капитал. Бұл циклдің авторы неміс экономисі карл Маркс және француз экономисі Клемент Жугляр.

Құрылыс циклі, ұзақтығы 17-ден 18 жыл аралығы, тұрғын үй құрылысындағы тербелістің қозғаушы күші. Авторы американ экономисі Симон Кузнец.

Ұзақтолқынды цикл, ұзақтығы 40-60 жыл. Қозғаушы күші – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикальды өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы. Авторы орыс экономисі Николай Кондратьев.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]