Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Глава 14.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.04 Кб
Скачать
  1. Экономикалық цикл. Циклдың кейнсиандық, неокейнсиандық және монетарлық тұжырымдамалары.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Фазаның бірінші (бастапқы) циклі - өндіріс құлдырауының дағдарысы

Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып , несие- ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастады.

Экономикалық циклдің келесі фазасы депрессия ( «depressio» - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу ) . Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі фаза- тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың келесі фазасы- өрлеумен алмасады.

Өрлеу фазасы өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады , қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді (14-1 суретті қараңыз).

Экономикалық өнеркәсіп циклі. Циклдар фазасы

Өрлеу Дағдарыс Депрессия Тірілу Өрлеу Дағдарыс

14-1 сурет. Дағдарыс фазалары.

Нарық жағдайында өндіріс қөзғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар.

Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған.

Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша ,цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекті тиімділік» ) пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» -мәселесін американ экономисі –Пол самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бетбұрыс жасайды.

Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері неокейнстіктерден айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді.

Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша , дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған, бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.

Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет циклдікке қарсы бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.

Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша , нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық- жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады.3

Дж.Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]