
- •14 Тақырып. Экономикалық дамудың циклдік теориялары.
- •Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары
- •Экономикалық цикл. Циклдың кейнсиандық, неокейнсиандық және монетарлық тұжырымдамалары.
- •Экономикалық өнеркәсіп циклі. Циклдар фазасы
- •3. Қазіргі циклді дамудың ерекшеліктері.
- •4. Циклдер классификациясы.
- •Меңгеру қажет терминдер:
14 Тақырып. Экономикалық дамудың циклдік теориялары.
Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады.
Экономикалық дағдарыс- бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану үйлесімсіздігін жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстың арасындағы негізгі сәйкестікті ( пропорция) бұзады.
Қазіргі нарықтың маркитингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда,онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі: сату Т-А болса, сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпте болмауы да мүмкін- ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты.
Мысалы: Егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақита өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен есептесе алмайды және т.б. Бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін.
Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болды.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы үйлесімсіздіктің тұрақты пайда болуын байқатады.
Егер осы үйлесімсіздіктер ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс аясында да ұсыныс мастабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден- бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те атайды.
Экономикалық дағдарыс проблемалырымен әлемнің көптеген белгілі ғалымдары айналысты, оның ішінде :
Неміс экономисі Карл Маркс (1818-1883 жж)
Француз физик- экономисі Клемент Жугляр (1819-1908 жж)
Ағылшын экономисі Джозеф Китчин (1861-1932 жж)
Австралия экономисі Йозеф Шумпетер (1883-1950 ж.ж)
Француз экономисі Альбер Афтальон (1876-1956 ж.ж)
Орыс экономисі Николай Кондратьев (1892-1938 жж)
Американ экономисі Саймон Кузнец (1901-1983 жж)
Әлі күнге бұл адамзаттың шешілмеген проблемасы болып қалуда.
Экономикалық дағдарыстың динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы құбылыс 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған : 1825, 1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891. Ал, ХХ-шы ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін қысқара бастады: 1900, 1907, 1917, 1921, 1929-33, 1937-38.
Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981.
Экономикалық дағдарыстар аса тереңдемейтін болды, бірақ жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен Еуропа елдерінде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы америка континентіне ауысты- оның ішінде АҚШ-да (14-1 кестесін қараңыз)
14-1 кесте.
ХХ-шы ғасырдағы АҚШ- өндірісіндегі дағдарыстар.
Жылдар |
Өндірістің құлдырауы |
|
Құлдырау тереңдігі, % |
Құлдырау ұзақтығы, айлар |
|
1948-1949 |
-7,9 |
11 |
1953-1954 |
-8,2 |
13 |
1957-1958 |
-12,6 |
9 |
1960-1961 |
-4,8 |
9 |
1969-1970 |
-8,0 |
14 |
1973-1975 |
-14,5 |
17 |
1979-1980 |
-8,1 |
12 |
1981-1982 |
-12,4 |
16 |
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ие болса, экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен жергілікті , бір елде пайда болып және тоқтатылып, олар келесі елде әртүрлі уақытта басталып, дамыды.
Мәселен, ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы 3-4 жылда байқалды.
Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан сәйкессіздікті бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана - өндірістік қорпларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.
«... Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкерістер кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты қояр нәрсесі-кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді». 1
Өндірістің және оның негізгі капиталының жаңару мерзімі –бұл кезекті дағдарыстың материалдық негізін жасау мерзімі болып табылады.
ТМД елдерінде 1990-ыншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды-бұл өндіруі жетпеген дағдарыс.
Себеп КСРО-ның құлауына байланысты бұрыңғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіруі жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарттары КСРО –ның құлдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса бастаған, дәлірек айтсақ 70-ші жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде жанар-жағар және шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық , картоп, көкөніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғындар саны шамамен 20 пайызға артты.
Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және тұрғындардың ақшалай табысының кәдімгідей өсуімен байланыстырылады. Тіпте 1990-шы жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17 пайызға өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді қанағаттандыра алмаған сұраным 238 млрд. рубльге жетті. 2
Қазақстан жалпы одақтық халық шаруашылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан, бұл жерде де өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндіріснің қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамасыз етілмеді. Қанағаттандырылмаған сұраным республикада 1990-шы жылы 16,5 млрд. Рубльден асып кетті немесе 76 пайыздан астам жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетуді құрады.
Өндірістің құлдырауы соңғы 1993-1995 жылдары жалғасып , 1990-шы жылдағы деңгейден 40 пайызға жетті.
Экономиканың көтерілуі мен күтімі 1998 жылдан бастап көріне бастады. (13 тақырыпты қараңыз)