Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143.36 Кб
Скачать

6. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттік экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

б) айнамалы өндірістік қорлар;

в) материалдық резервтер мен сақатндыру қоры;

г) айналым қоры;

д) тұрғындардың мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар табиғи түрде есептелінеді.

Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс құрал-жабдығына- (еңбек құрал-сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар) ;

б) Тұтыну заттары (тамақ, киім, тұрғын-жай және т.б) ,

в) өзінің туу тегіне қарай – қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал-сайманына, шикізат, материал мен тұтыну құрал-жабдығы қорлары) ;

г) табиғи ресурстар (жер,су байлығы, орман және т.б).

Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамымаса ,онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар.

Елдегі материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрыңғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған табиғи ресурстар қоры енеді-пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б.

Бұдан басқа, ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай экспонаттары және т.б. алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз. Оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады.

Ол өз бойына халық шарувашылығының өндірістік және өндірістьік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді, олар процесс кезінде қалпына келген өндіріс құралдарын иегеру арқылы материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін.Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан машина, станоктар немесе бекіту процесінде олар әлі негізгі қорлар бола алмайды және тек іске қосылған кезге ғана негізгі қорға айналады.

Халық шаруашылғының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады. (денсаулық,сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және т.б) Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі тұтыныстары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығ резервтік қорының құрамына өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларды, халық шаруашылығы кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б. жою үшін резервтелген.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1/5 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй-жихазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қора, омарта, ауыл шаруашылығы құрал-саймандары- негізгі өндірістік қор болып табылады.

Бұрынғы мәліметтке қарамастан АҚЩ мен бұрынғы ҚСРО ұлттық байлық құрамы белгілі бір қызығушылықты көрсетеді., пайызбен

12-5 кесте

АҚШ

КСРО

Барлық ұлттық байлық ,оның ішінде:

Негізгі өндірістік қорлар

32,4

44,2

Негізгі өндірістік емес қорлар

48,8

21,7

Тұрғындардың үй-мүлкі

15,7

18,8

Басқалары

3,1

15,3

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге қарасақ, ұлттық байлықтың басты элементіне негізгі қорлар (өндірістік және өндірістік емес ) жатады және олардың үлесіне елдің ұлттық байлығының көп бөлігі келеді.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да –ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б –қамтуы қажет. Шын мәнінде, ақпарат әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі болып табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық әлеуетін толық іске асыруға болады- кәсіпкерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Ксәіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттың құны шексіз, сатылуы да мүмкін, дер кезінде өткерілмегендіктен уақыт бойынша құнын жо,алтады. Мысалы, АҚШ-да жыл сайын фирма ғылыми-техникалық ақпаратты қорғау үшін орташа 10-15 млрд доллар шығын жұмсайды. Сондықтанда ақпарат өндірістің негізі болып табылып, кез келген экономикалық жүйені дамытады және оның өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық байлық өзінің аса маңыздылығына қарамай-ақ, оны біліп-бағымдайдың мәселесі әлі кезге дейін қоғам тұтынысынан, экономиканың басқада жұмыстарын жасау мәселері деңгейінен қолып отыр. Ұлттық байлықтың теориялық мәселелерін жасаудың кенже қалуына байланысты , оны болжау мен есептеудің көптеген практикалық сауалдары шешілмей отыр.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсарумен, табиғи байлықты рационалды игерумен, қоғамның барынша қоршаған ортаны сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]