Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143.36 Кб
Скачать

5. Жалпы ұлттық өнім (жұө)

ЖҰӨ дегеніміз -елдің аумағында және одан тыс жерлерде ұлттық өнім өндірушілердің өндірген тауарлар мен қызметтерінің құнының сомасы оған шикізат пен материалдар құны қайталанып қосылмайды.

ЖҰӨ ге, жеке және қоғамдық тұтынуға түскенде өндіріс процесін біржола қалдырып кететін немесе өндіріс саласына инвестициялық тауар ретінде ғана қайтып келетін ( машина, құрал-жабдықтар, т.с) өнімдер ғана жатады.

ЖҰӨ есептеудің мақсаты: а) қоғамдық экономиканың жағдайын бақылау, б) экономикалық циклдің ағымдағы фазасын анықтау, в) мемлекеттік саясат құру болып табылады.

ЖҰӨ статистикалық органдармен БҰҰ әдістемесі бойынша есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Халықаралық статистикада ЖҰӨ есептеудің екі негізгі әдістерін қолданады :

  1. Шығындар бойынша немесе өндіріс бойынша;

  2. табыстар бойынша немесе түсімдер бойынша;

Табыстары бойынша ЖҰӨ ге- негізгіөндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясы ( тозуы) ( с1 ), материалдық өндіріс саласындағы таза өнімді ( v+m) , мұндағы v - өндірісте жұмыс жасайтындардың еңбек ақысы, m - кәсіпорынның табысы ( пайда, рента) және сыртқыэкономикалық қызметтен түскен табыстан(m) тұрады.

ЖҰӨ = с1+( v+m) +m

ЖҰӨ көмегімен біздің елдің өзге шетелдермен салыстырғанда экономикалық даму деңгейі мен үлестірімділігін тікелей салыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болды.

Шығыстар бойынша ЖҰӨ- берілген жылы тауарлар мен қызметтер сатып алуға жұмсалынған шығындар көмегімен анықталады.

Шығыстар бойынша ЖҰӨ = с1+( v+m) +m табысы бойынша секілді формуламен анықталады, айырмашылығы тапқан табысының қандай мақсаттарға бағытталғаны көрсетіледі.

с1 - экономикаға инвестиция түрінде бағытталған амортизациялық табыстар;

v+m , тауарлар мен қызметтерді тұтыну шығындары

m - елдегі тауарлар мен қызметтердің таза экспорты , экспорт мен импорт арасындағы айырмашылықпен анықталады.

ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ есептеу іс жүзінде қорытынды көрсеткіштер жүйесіне қосымша 1988 жылы енгізілді. ЖҰӨ нің ЖҚӨ нен айырмашылығы, еңбек құралдары мен жартылай шикізаттар құны қайталанып есепке қосылмайды. Қайталап есептеуді алып тастауға ЖҰӨ қосылған құн бойынша көрсеткіші мүмкндік береді.

Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткеруді есептеудің мысалы (доллар)

Таблица № 12-3.

Экономикалық процестің стадиясы

Ара уақыттық баға немесе түпкі өнім бағасы

Қосарланған құн

есептеу

сомасы

1. Қой шаруашылығының фирмасы

Арауақыттық өнім -60

60-0

60

2. Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы

Арауақыттық өнім- 100

100-60

40

3. Тігін фабрикасы

Арауақыттық өнім -125

125-100

25

4. Сырт киімнің көтерме саудасы

Арауақыттық өнім -175

175-125

50

5. Сырт киім бөлшек саудасы

Түпкі өнім-250

250-175

75

Жалпы құны (сатылған сомасы) - 710

Барлығы: 250

Кестеде байқалғандай, барлық арауақыттылық өнім мен түпкі өнім құны 710 долларды құраса, қайталанған есеп-шот -460 доллар, ал қосарланған құн -250 доллар.

Жалпы ұлттық өнімді номиналды және нақты деп айырады.

Номиналды ЖҰӨ нақтылы немесе ағымдағы бағамен өлшенеді.

Нақтылы ЖҰӨ көрсеткіші инфляция есептеуімен анықталады.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ = ------------------------

Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында АҚШ-да ағымдағы бағада 5570 млрд. Доллар құрады, ал тұрақты бағада – 4254 млрд бдоллар болды. Баршаға белгілі жай , егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4 пайыздан асса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ-нің нақты өсімі 4 пайыздан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды.1

Номиналды және нақты ЖҰӨ негізінде ЖҰӨ дефляторы баға өсімінің есебінен ЖҰӨ өскендігін көрсетеді. ЖҰӨ дефляторының ЖҰӨ баға дефляторы деп аталуы , келесі тәсілмен анықталады:

Номиналды ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторы = -------------------------- .

Нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет тенденциясы элиминацияланады.

Баға индексі дегеніміз- тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруі. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленуі. Әртүрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады.

ЖҰӨ дефляторының есеп-шотын есептеуде нарық қоржыны тек тұтыну тауарларын ғана емес ,сондай-ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық тауарлар да қосылады.

Ағымдағы жылғы нарық қоржының бағасы

Ағымдағы жылғы баға индексі = ----------------------------------------------- х 100.

Базистік жылғы нарық қоржының бағасы

Жалпы ұлттық өнім

- -

Амортизациялық шегеру

Сыртқы экономикалық операциялар сальдосы

= =

Таза табыс

Жалпы ішкі өнім

-

Жанама салықтар

=

Ұлттық табыс

12-1 сурет. ЖҰӨ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің бір-бірімен өзара байланыстары.

Толық жұмыстылық кезіндегі өндірілген ЖҰӨ ,яғни фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ-ді әлеуетті деп атаймыз.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім ( ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация

Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз. (трансферттік төлемдер – аз кірісті жанұяларға мемлекеттің субсиді)

Орнықталған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған –наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына қоршаған ортаның жай-күйі ,қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы еңгізіледі. ЖҰӨ есеп-шотын есептеу де бұл параметрлер ескерілмейді.

Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға еңгізген американ экономистері В.Нордхаус пен Дж.Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

ТЭӘ = ЖҰӨ + КЭ + ӨҚК + Д - Э

мұндағы ТЭӘ - таза экономикалық әл-ауқаттылық,

ЖҰӨ- жалпы ұлттық өнім,

КЭ - көлеңкелі экономика,

ӨҚК - өзіне-өзі қызмет көрсету,

Д- демалыс,

Э- экология

Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды. (12-2 суретті қараңыз)

ЖІӨ

NX

Шетелден түскен таза түсімдер

Амортизация

G

Жанама салықтар

I

ЖІӨ

ТҰӨ

Ұлттық табыс (ҰТ)

Пайыздық және ренталық табыс

Пайда

C

өз бетінше айналысатындар-дың табысы

Жалдамалы жұмысшыларға төлем

ЖҰӨ-нің құрылымдық шығындары

Жалпы ішкі өнімді анықтау

Жалпы ішкі өнімді анықтау

Таза ұлттық өнімді анықтау

Ұлттық табысты анықтау

Ұт-ғы өндіріс факторының үлесі

12-2 сурет. Ұлттық есеп-шот: қысқаша баяндау2.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]