Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143.36 Кб
Скачать

12 Тақырып. Ұлттық экономика , ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері.

1. Ұлттық экономика-экономикалық жүйе ретінде және оның мақсаттары.

Ұлттық экономика күрделі қызмет атқаратын макроэкономикалық жүйелерден тұрады : аумақтық ұлттық шекара аясындағы өндіріс және материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтердің ұдайы өндірісі жүйесі .

Ұлттық экономика бұл күрделі, ірі, көпсалалы шаруашылықтар, оған төмендегідей салалар жатады : өнеркәсіп ( 3 пункттегі 3 "Қоғамдық өндіріс" тақырыбын қараңыз), ауылшаруашылығы, құрылысы, көлік, байланыс, сауда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, ағарту, ғылым, өнер мен мәдениет.

Әрбір сала өндіріске немесе қандай да бір материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерге мамандандырылған көптеген кәсіпорындарды біріктіреді (3 тақырып "Қоғамдық өндірістің құрылымы" 4 параграфын қараңыз).

Өзінің аумақтық ұйымдарының сипаты бойынша ұлттық экономика экономикалық аудандарға, өнеркәсіп кешендеріне және өнеркәсіп тораптарына бөлінеді. Өзінің мамандандырылу сипаты бойынша экономикалық аудандар жер шаруашылық, мал шаруашылықтық, өнеркәсіптік,мұнай-газдық, тау-химиялық, аграрлы-өнеркәсіптік және т.б. бөлінеді.

  • Ұлттық экономиканың макроэкономикалық мақсаттары :

  • -экономикалық өсім;

  • экономикалық тұрақтылық;

  • өндіріс пен тұтыну, тұтыну мен жинақтау арасындағы экономикалық теңгерімділік;

  • кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес;

  • әрбір тілек білдірушіге кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз ету;

  • ұлттық және экономикалық қауіпсіздік;

  • сауда балансы теңдігін қолдау ( экспорттың импортқа теңдігі, одан әрі экспорт > импорт );

  • экономиканың өңдеу салаларында дамудың басып озуын және құрылымдық салалық қайта құруды білдіретін экономиканың шикізаттық сипатын жою,

  • индустриалды- инновациялық сипаттағы стратегияны дамыту;

  • бәсекеге қабылетті ұлт және бәсекеге қабылетті экономика құру,

  • жақын болашақта жаңа индустриалды елдер қатарына кіру;

  • ДСҰ ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымына) кіру.

2 . Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде болуы

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады.

Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі (ҰЕЖЖ) әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы –тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэконмикалық нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф. Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «Экономикалық кесте» (1758ж) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф. Кенэ Францияның XVIII-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.

Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823жж) «Саяси экономияның басталуы және салықты салу» (1817ж), Т.Р. Мальтус (1766-1834жж) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі» (1798ж), К. Маркс (1818-1883жж) «Капитал» (1867ж) сияқты жұмыстарында қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835-1882жж) пен Л. Вальрас (1834-1910жж) белгілі үлес қосты.

Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж.М.Кейнс (1883-1946жж) пен С. Кузнец (1901-1983жж) айтарлықтай еңбек сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті .Сондықтан ұлттық өнімі құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қолтық айналыса бастады. Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913 ж) еңгізді.

Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде баслып шықты. Қазір барлдық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды.

Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрд бейнеленген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол , алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамды матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар- ұлттық өнім , тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ҚӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады.

Экономикалық әдебиетте және шаруашылық практикасында қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда екі ұдайы көзқарасты бөліп қарайды. Жиынтық қоғамнық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚӨ) болып аталады.

Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]