Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-06-12. Силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.93 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Қоғамдық-ізгілендіру пәндері, психология мен педагогика

кафедрасы

С и л л а б у с

Пән: «Құқық негіздері»

Пәннің коды: КN 2109

Мамандығы: ( 5В110200) «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі: 90/2

Курсы және оқу семестрі: 2 курс; 4 семестр

Ақтөбе 2013ж.

Силлабус ( студенттің жұмыс бағдарламасы) № 6 АХ бойынша Қоғамдық-ізгілендіру пәндері, психология мен педагогика кафедрасында жасақталған.

Автор(лар): аға оқытушы Г.Ж.Набиева

_______ _______________2013 кафедра отырысында талқыланды

№____Хаттама

Кафедра жетекшісі,т.ғ.к., доцент _____________________ Б.С.Сүлейменов

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1.Набиева Гульфайруз Жанбырбаевна- аға оқытушы

Қоғамдық жұмыстар ,кураторлық қызмет атқарады

Телефон 56-80-62; 21-45-59; 8-702-425-96-82

2. Сагидуллина Маншүк Болатовна- оқытушы

Қоғамдық жүмыстар, кураторлық қызмет атқарады

Телефон 8775429185

3.Байтақова Айсын Мүрсінқызы -оқытушы

Телефон 56-80-62; 21-54-07; 8 – 701-368-42-51

Байланыс ақпараты: Ақтөбе қаласы, .Маресьев көшесі ,68, бас ғимарат,

6 қабат, тел: 56-80-62; 21-45-59; 8-702-425-96-82;21-54-07; 8 – 701-368-42-51

8775429185

Пәннің саясаты - пәнді оқу процесінде студенттерге қойылатын талаптар. Төмендегі бөлімдерді қамтитын пәннің саясаты силлабуста көрсетіледі:

  • Оқу процесін ұйымдастыру

  • Оқу процесін ақпараттық қамтамасыздандыру

  • Аудиториялық және СӨЖ сабақтарын өткізуге талаптар

  • Студенттерге қойылатын талаптар

Оқу процесін ұйымдастыру

  • кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • оқу процесін өткізу формасын жетілдіреді;

  • Оқу бөлімі мен офис тіркеушісімен бірге оқу кестесін бейімдейді ;

  • Студенттерді барлық оқу-әдістемелік құжаттардың формаларымен қамтамасыздандыру;

  • Қызметкерлер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;

  • Қосымша білім алуға мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.

Оқу процесін ақпараттық қамсыздандыру

- силлабустар, жолсерік- анықтамалар, семинар , СӨЖ, ОСЖ сабақтарына

арналған әдістемелік нұсқаулар кафедрада және кітапханаларда электронды

тасымалдаушы құралына студенттер беріледі;

- сабақтардың кестесі, кеңестер беру және кафедраның қарауы бойынша

басқа да ақпараттар кафедраның ақпараттық көрінеді;

- студенттерді рейтингтік бағалары жөнінде уақытылы хабарлау.

Аудиториялық және сөж сабақтарын өткіузге талаптар

  • барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар методикалық нұсқаулықтармен қамсыздандырылуы қажет;

Студенттерге қойылатын талаптар

- семинар және дәріс сабақатарына қатысуға міндетті;

- киім үлгісі;

- еңбек тәртібін сақтау;

- оқу процесін ұйымдастыру туралы нұсқауға сәйкес айыптық санкциялар

- студенттердің ғылыми жұмыстарға, студенттік конференцияларына қатысқаны үшін кафедраның қарауына қарай қосымша бонустар

1.КІРІСПЕ

«Құқық негіздері» пәнін оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу,оқушылардың әлемдік танымын қалыптастыру,қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру,ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде:қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік-құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси-құқықтық жолдарын анықтау, субьективтік құқықтар мен субьективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

Оқу пәнінің мамандарды дайындауға маңызы мен ролі. Құқық негіздері болашақта іздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін, еңбекке құқығын жүзеге асыру, қоғамның және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға, оқушыларға заң білімдерін кешенді нысанда меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет пен құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтар мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын, алған білімінің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімінің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу.әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау.Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі,сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық-құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және циклінің басқа мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Құқық негіздері әлеуметтік- гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты.Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі обьектісі-әртүрлі қоғамдық қатыннастар.

Құқық негіздері қоқамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде,мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамның құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси,тарихи,философиялық,әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]