Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.2- силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
147.44 Кб
Скачать

2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- дәрігерлерді даярлаудағы биологиялық химияның ролі туралы ұғым қалыптастыру;

- тірі ағзалардағы белоктардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері және биологиялық функциялары туралы түсінік беру;

- энергияны трансформациялаудың, заттар алмасуының және метаболиттік үрдістердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру;

- ағзаның маңызды мүшелері мен тіндерінің молекулалық деңгейлері мен ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

- ауруды диагностикалауға және метаболизм бұзылыстарын түзетуге арналған қазіргі кездегі биохимиялық әдістер туралы ұғым қалыптастыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, витаминдердің, т.б. құрылысын, қызметтерін және қасиеттерін;

- қоректік заттардың негізгі топтарының (белоктардың, липидтердің және көмірсулардың), витаминдердің, минералды заттардың және судың метаболизміндегі ролін;

- метаболиттік үрдістердің негізгі реакцияларының жүруінің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуін;

- энергияның трансформациялануы, энергия алмасуының бұзылу механизмдерін;

- маңызды мүшелер мен тіндердің қызметіндегі молекулалық механизм ерекшеліктерін;

- алмасу үрдістері мен физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін болатын салдарларын;

- қалыпты жағдайдағы және патологиялық кездегі адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарының негізгі биохимиялық константаларын.

Жасай алуы тиіс:

- негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;

- метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдануды;

- биологиялық белсенді заттардың тапщылығы кезіндегі биохимиялық үрдістердің және олардың реттелуінің бұзылу ерекшеліктерін болжай алуды;

- ферменттердің структуралары мен мөлшерінің бұзылуы кезіндегі метаболизм бұзылыстарын болжай алуды.

Дағдыларды игеруі тиіс:

- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы көмірсулар, липидтер және азотты алмасудың интермедиаттарын анықтаудың экспресс әдістерін;

- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттердің активтілігін анықтау әдістерін жүргізу.

2.5. Пәннің реквизитіне дейін және реквизитінен кейін

Пәннің реквизитіне дейін: химия,

молекулалық биология және медициналық генетика,

медициналық биофизика.

Шектес пәндер: гистология - І,

қалыпты физиология – І,

микробиология.

Пәннің реквизитінен кейін: патологиялық физиология - І,

фармакология – І,

клиникалық зертханалық-құралдық диагностика.

2.6.Пәннің қысқаша мазмұны.

Белоктардың функциялары, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың өкілдері. Ферменттер, жалпы қасиеттері, әсер ету механизмі, фермент активтілігіннің реттелуі, ферменттердің жіктелуі, ферменттердің жеке класстары. Витаминдер: суда және майда еритін витаминдер, биологиялық ролі, авитаминоздар. Энергия алмасуы. Көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы. Заттар алмасуының өзара байланыстары. Гормондар. Қан (плазма, қан жасушалары), зәр биохимиясы. Су мен минерал заттар алмасуы және олардың реттелуі. Тіндер (бұлшықет, жүйке, дәнекер, сүйек) мен мүшелердің (бауыр, бүйрек) биохимиясы.

Пәнге сағаттардың бөлінуі

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

СӨЖ

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

ОСӨЖ

135

5

40

45

45

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]