- •Алматы, 2013
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.7. Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер
- •1.8. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны мекен-жайы:
- •2.Бағдарлама
- •2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.5. Пәннің реквизитіне дейін және реквизитінен кейін
- •2.6.Пәннің қысқаша мазмұны.
- •2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •III семестр
- •2.8. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тапсырмалары
- •2.9. Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •2.10. Оқыту және сабақ беру әдістері
- •2.11. Студенттердің білімдерін бағалаудың критерийлері және ережелері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Емтиханның іі сатысының – тәжірибелік дағдыларды қабылдаудың бағаларының критериі
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырғандағы балдық-рейтингтікжүйесі
1.8. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы Алматы қаласыТөлеби көшесі, 88; №3 оқуғимараты, 4-қабат
Телефон 87272925025
Ішкі тел.: 173; 7056
e-mail bioelkaf@mail.ru
1.9. Пәннің саясаты оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге талаптары медициналық жоғары оқу орындарында оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәрісдан (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 2 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
Егер студент ОСӨЖ кезінде жақсы жауап берсе, тәжірибелік сабақтың бағасына 5 балл қосымша қосылады, егер үздік жауап берсе онда 10 балл қосылады.
Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген деканаттың рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.
Топтардағы талас тудырған мәселелерді кафедраның оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісімен ашық түрде талқылау.
Кафедра мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.
2.Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын, сонымен қатар адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболизм ерекшеліктері мен оның реттелуі негізіндегі химиялық үрдістерді молекулалық деңгейде зерттейтін іргелі ғылым.
Жасуша, тін және мүшелердің тіршілігінің негізінде жататын негізгі метаболикалық үрдістерді білу болашақ дәрігерге олардың патологиялық жағдайларда бұзылу себептерін түсіну үшін қажет.
Биологиялық химия пәнін оқу барысында алған білімдер болашақ дәрігерге анағұрлым ақпараттық биохимиялық әдістерді таңдауға, оларды аурудың диагнозын сауатты интерпретациялауға және емдеу тиімділігін бақылауға көмектеседі.
Бағдарлама статистикалық, динамикалық және функционалдық биохимияның іргелі бөлімдерін қамтиды, сонымен қатар «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған арнайы сұрақтары қарастырылады.
Биологиялық химияны оқу үшін химиядан, молекулалық биология мен медициналық генетикадан, анатомиядан, гистологиядан, медициналық биофизика мен физиологиядан алған білімдері қажет.
2.2. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде негізгі метаболиттік үрдістердің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуі, адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболитттік үрдістердің өту ерекшеліктері, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика және емдеу тиімділігін бақылау үшін қолдана білу туралы біртұтас ұғым қалыптастыру.
