Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007 Дондаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.41 Кб
Скачать

Бұйрықты немесе өкімді орындау

Ресей Федерациясының 1996 жылғы қылмыстық кодексінде ресейлік қылмыстық құқықта алғаш рет бұйрықты немесе өкімді орындау сияқты іс-әрекеттің белгілі бір жағдайларда қылмыстылығы мен жазаға жататындығы болмайтындығы туралы мән- жайдың қылмыстық – құқықтық мазмұнын былайша анықтайды:

  1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілген үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.

  2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау барысында қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

Айта кетерлігі, бұйрықты орындау арқылы зиян келтіруді реттеудің қылмыстық-құқықтық қағидлары халықаралық қағидалары халықарлық қылмыстық құқыта екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен құрылған басты неміс әскери қылмыскерлерінің істері жөнінде Нюрнберг халықаралық трибуналының құрылуы және жұмыс істеуіне байланысты қисындастырылғын болды. Бұл процессте қорғаныс жағы әскери қылмыскерлер тиісті іс-әрекеттерді не өз бастығының бұйрығы немесе өз үкіметінің өкімі негізінде жасады деген шешімді алға тартты. Бұған саятын болсақ, әскери қызметкерлер өздері үшін міндетті бұйрықтарды орындаудан бас тартылуына мүмкіндіктері болмаған, ендеше, олар әділеттсіз сотталып отыр деген желеу бой көрсетеді. Бірақ, Нюрнберг трибуналы мұндай түсініктемені сырып тастап, былай деп анықтады: қылмыстық бұйрықтың бар болуй жазаны жеңілдетуге себеп ретінде қарастырылуы мүмкін блғандығымен, орындаушыны жауаптылықтан босатпайды. Еуропалық бірқатар елдердің қылмыстық заңдары да осы соқпақпен кетті. Мәселен, Францияның 1992 жылғы Қылмыстық кодексіне сәйкес, «егер мұндай әрекет көрінеу заңсыз болған жағдайлардан басқа кездерде заңды билік орнынң бұйрығы бойынша әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылық арқаланбайды» (125-4-бап). Тап осындай қағидалар (рас, бірқатар нақтыланған түрінде) РФ жаңа Кодексінің бұйрықты орындау жөніндегі шамаларының негізінде бой көрсеткен.[11. 471б].

РФ ҚК 42-бабына орай, бұйрықты немесе өкімді орындау кезіндегі жасалған іс-әрекеттің құқыққа сйымдылығының мынадай шарттары бар :

Бұйрықты немесе өкім егер олар белгіленген тәртіппен және тиісті норманы сақтай отырып бірлсе, онда бағынышты адам үшін міндетті болып табылады.

Бұйрықты немесе өкім заңды болуы керек. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде қасақана қылмыс жасау бұйрықты орындаушыны да және әлгіндей бұйрықты немесе өкім берген адамды да қылмыстық жауаптан босатпайды. Берілген бұйрық немесе өкімнің көрінеу заңсыздығы орындаушының олардың қылмыстығын түйсінетіндігін білдіреді. Мәселен: РФ-ның «Милиция туралы» 1991 жылғы Заңына сәйкес, милиция қызметкерлерібелгілі бір жағдайларда арнайы құралдарды(резеңке таяқшалар, көзден жас ағызатын газ және т.б.) қолдануға құқылы. Олар бұл құралдарды рұсат етілмеген митинг немесе шерулерге кезінде көпшілікті тәртіпке шақыру үшін пайдаланады, бірақ оқ ататын қарулар қолдануға болмайды. Сол үшін мұндай заңсыз бұйрық берген бастық та, оны орындаған бағынышты қызметкер де жауапқа тартылады.[12. 473б].