Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007 Дондаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.41 Кб
Скачать

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру

РФ ҚК 40-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.[13. 28б].

Күштеп мәжбүрлеу жөніндегі мәселе іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жай ретінде қылмыстық жауаптылықты негіздеу туралы мәселемен тығыз байланысты. Алдында аталып өткендей, қылмыстық жауаптылықтың негізіне кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет емес, тек ерікті болып табылатын іс-әрекет жатқызылады. Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам езінің іс-қимылдарына ие бола алмай қалған жағдайда, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды да, мұндай жағдайларда жасалған іс-әрекет қылмысты болып табылмайды. Мәселен, мұражайда әлдекімді қағып кетіп және ол құлап бара жатып сондағы қымбат бағалы вазаны сындырып алса, оның бөтен мүлікті қасақана (РФ ҚК 167-6.) немесе абайсызда жою не оны бүлдіру (РФ ҚК 168-6.) құрамдары жоқ.[11. 456б].

РФ ҚК 41-бабының 2-бөлігі күштеп мәжбүрлеу нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргендігі үшін тиісті тұлғаның жауаптылығы жөніндегі мәселені шешеді. Мұндай жағдайда (күштеп мәжбүрлеу кезінде адам өз әрекеттерін билей алатын мүмкіндігін сақтаған болса) мәселе аса қажеттілік ережелеріне сай (РФ ҚК 39-6.) шешіледі. Егер психикалық мәжбүрлеу кезінде (немесе адам өз әрекеттеріне жауап бере алатындай мүмкіндікті сақтаған күштеп мәжбүрлеу тұсында) келтірілген зиян алды алынған зиянмен салыстырғанда аздау болса, оның іс-әрекеті қылмысты болып табылмайды. Мәселен, нотариус әлдекім табан астында өлімге душар етемін деп қорқытқандықтан заңсыз пәтер сатып алу құжаттарын куәландырады. Бұл жағдайда нотариустың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.

РФ ҚК 41-бабының 2-бөлігі күштеп мәжбүрлеу нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргендігі үшін тиісті тұлғаның жауаптылығы жөніндегі мәселені шешеді. Мұндай жағдайда (күштеп мәжбүрлеу кезінде адам өз әрекеттерін билей алатын мүмкіндігін сақтаған болса) мәселе аса қажеттілік ережелеріне сай (РФ ҚК 39-6.) шешіледі. Егер психикалық мәжбүрлеу кезінде (немесе адам өз әрекеттеріне жауап бере алатындай мүмкіндікті сақтаған күштеп мәжбүрлеу тұсында) келтірілген зиян алды алынған зиянмен салыстырғанда аздау болса, оның іс-әрекеті қылмысты болып табылмайды. Мәселен, нотариус әлдекім табан астында өлімге душар етемін деп қорқытқандықтан заңсыз пәтер сатып алу құжаттарын куәландырады. Бұл жағдайда нотариустың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.[10. 165б].

Орынды тәуекел

1996 жылғы РФ ҚК орынды тәуекел ету сияқты іс-әрекеттің қылмыстылығын жоқ деп табатын ресейлік қылмыстық құқық үшін жаңа мән-жайды қарастырған. РФ ҚК 41-бабының 1-тармағына сәйкес, қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшінорынды тәуекел еткенде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Бұл жағдайдың Кодекске енгізілуі ғылым мен техниканың қазіргі уақытта жылдам үрдістеп дамуы кезінде бұрынғыдан гөрі жиірек адам өміріне келтіруге немесе айтарлықтай материалдық зиян тигізуге орынды тәуекел етуге бару қажеттілігі туындайды.[13.29б].

Бұл тұрғыда қылмыстық заң бір жағынан даму жолындағы кедергіге айналмайтындай болуы керек те, ал екінші жағынан тәжірибе жүргізушінің кінәсі болса, қылмысты жауаптылық жалпы негіздерінің көлемінде оның жеке жауаптылығы есептен шығарылмауы қажет. Орынды тәуекел ету кәсіби іс-қимылдың кез келген саласында кездесуі мүмкінболғандықтан кәсіби тәуекел ету болып табылады.

Қылмыстық заң тәуекел етуді мына шарттар қадалағанда орынды деп таниды:

Біріншіден, тәуекел ету тек қана әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін жүзеге асырылады(адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, елеулі материалдық шығындарға жол бермеу және т.б.) құқыққа сиымды болып табылады. Екіншіден, тәуекелді орынды деп тану үшін аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-әркетпен немесе әрекетсіздікпен қол жеткізілмейтін болуы талап етіледі(РФ ҚК 41-6.2-6).

Орынды тәуекел етудің аса қажеттіліктен айырмашылығы: аса қажеттілік кезінде төнген қауіпті қайткенде жоймаса, ол қоғамға қауіпті зардаптардың туындауына әкеп соғады, ал тәуекел еткенде, мұндай зардаптардың туындауы тек мүмкін ғана болады. Сонымен қатар, аса қажеттілікке өарағанда орынды тәуекел еткендегі зиян алды алынған зияннан гөрі көбірек блуы мүмкін. Үшіншіден, тәуекелге бел буған адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге келтірілуі мүмкін зиянды болдырмаудың барлық қажетті шараларын қолдану керек (РФ ҚК 41-6. 2-6.).

РФ ҚК 41-бабының 3-тармағына сәйкес, егер тәекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа немесе күйзеліске ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.[12. 210б]