Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007 Дондаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.41 Кб
Скачать

Бұйрықты немесе өкімді орындау.

ҚР ҚК 37-бабында өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде әрекет істеген адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайтыны анықталған.[1. 12б].

Бұл мән-жайларда заңнамалық реттеуде алғаш рет орын алып отыр.

Атап өту қажет, өзәнәң құқтық табиғатында бұйрықты орындау қылмыстық әрекет болып табылмайтыны белгілі. Кейде бұйрықты орындау заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірумен байланысты болғандықтан қылмыстық бұйрықты орындау мен қылмыстық емес бұйрықты орындау деп бөлуге тура келеді.

Жалпы мағынада бұйрық пен өкім – синонимдер. Бұйрық – бұл билік органының (бастықтың) ресми өкімі. Бұйрық беру құқығы тиісті биліктік өкілеттігі бар лауазымды адамдарға ғана беріледі. Бұйрық немесе өкім – бастықтың еркін көрсетуі. Бұйрықтың немесе өкімнің міндеттілігі, оның заңдылығына адамдардің бағыныштылығы, оған деген сенімі олардың орындалуына деген негіз қарастырылады. Бұйрық, егер ол лауазымды адамның құзыреті шегінде берілген болса, міндетті түрдегі кұшке ие болады. Бұл ұйым мен мекеменің қалыпты қызмет істеуінің кепілі болып табылатын бастық пен оның қарауындағы адамдардың арасындағы қызметтік қарым-қатынастан туындайды. Бұйрық немесе өкімнің заңи куші оның атқарылу әрекетіне қарағанда күштірек.[5.138б].

Бұйрық пен өкімді орындау кезіндегі істелген әрекеттің заңды екенін анықтау үшін бұйрық пен өкімге міндетті талаптар ұсынылады. Соған байланысты бұйрық немесе өкім төмендегідей блу керек:

1) белгіленген тәртіппен берілуі тиіс (жоғары тұрған бастықтан бағыныштыға) ;

2) тиісті үлгіде бекітілген болуы керек (жазбаша немесе ауызша);

3) үлгісі бойынша да (барлық реквизиттері болуы керек), сол сияқты шын мәні бойыншада (қолданыстағы заңға қайшы келмеуі керек) заңды болуы керек.

Осы шарттар бар болғанда, заңсыздығы кейін анықталған бұйрықты немесе өкімді орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Берілген бұйрықтың нәтижесінде келтірілген зиян үшін қылмыстық жауапқа оны берген адам тартылады. Мысалы, егер директор өщдерінің жеке бас араздқтарына байланысты бір қызметкерді жұмыстан шығарып жіберсе,онда ол ҚР ҚК Еңбек туралы заңды бұзу 148-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа, оның жұмыстан шығарылуын бекіткен кадырлар бөлімнің бастығы емес, директордың өзі тартылады.[8. 205б].

Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау арқылы адамның әрекет істеуі бұйрықты орындаған адамды да, бұйрықты берген адамды да қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Бұл жағдайда адам, бұйрықтың немесе өкімнің заңсыз сипатта екенін білуі тиіс, бірақ солай бола тұра да ол оны орындайды, ендеше ол сөз жоқ қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.Мысалы, ұйым басшысы бухгалтерге қаржы құжатына жалған дерект енгізу жөнінде өкім береді. Егер бухгалтер мұндай өкімді орындайтын болса, онда қылмыстық жауаптылыққа екеуі де – басшы мен бухгалтер тартылады. Егер бухгалтер басшының талабын орындамаса, онда тиісті негіздің болуына байланысты, басшы жауапқа тартылады. Заңсыздық бұл жерде бұйрық берген адамның тиісті тәртіпті сақтамауынан туындайды.

Заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындаудан бас тарту қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда заң шығарушы заңсыз бұйрықты орындамаған адамның қауіпсіздігін анықтайтын кепілдік белгілейді.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе атап өту керек, бқйрықты немесе өкімді орындау адамды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату белгілерін анықтайтын дербес институт болып табылады. Алайда, бқл мән-жайлар заңды реттеуге кейінгі кезде ғана ие болып отыр, сондықтан да ол заң әдебиеттерінен әлі кең орын ала қойған жоқ. Осыған орай ғалым - заңгерлер алдағы уақытты осы мәселені тереңірек зерттеп оның құқық қолдану қызметінде кең қолдау табуына қосар деген ойдамын.[5. 139б].

ШЕТ ЕЛДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЯТЫН МӘН ЖАЙЛАР

Аса қажеттілік

РФ ҚК 39-бабының 1 - бөлігіне сәйкес, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.[13. 25б].

Аса қажеттілік — әрдайым біреуінен туындайтын зиянның алдын тек екіншісіне зиян тигізу арқылы алуға болатын құқықпен қорғалатын екі мүдденің қақтығысы. Мысалы, куә адам қатты ауырып жатқан туысқанын тастап кете алмағандықтан сотқа келмеді делік. Сотқа келмеудің өзі өз алдына қылмыс құрамын құрайды (куәнің түсінік беруден бас тартуы). Бірақ, бұл құқықтық міндетті орындау нақты жағдайда бір мезгілде құқықпен қорғалатын екінші мүдде — адамның өмірі немесе денсаулығына елеулі зиян әкелетіндігін білдіреді. Жағдай құқық қорғайтын екі мүдденің қайшылығын (коллизиясын) туындатып отыр: безбеннің бір жағында әділ заңдылық мүдделері, екінші жағында адамның өмірі мен денсаулығы тұр. Бұл тығырықтан шығудың төркіні құқықпен қорғалатын мүдделердің ешқайсысына да зиян келуіне жол бермеуде жатыр. Бірақ, мұны, жоғарыда айтқандай, екінші бір мүддеге зиян келтіру жолымен ғана жүзеге асыруға болады. Аса қажеттілік жағдайының туындау түрлері әрқилы болып келеді, осыған байланысты қылмыстық заң оны қылмыстық-құқықтық тұрғыда реттеуді арнайы қарастырады. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерде іс-әрекеттің қылмысты болуы мүмкін емес (оларда Қылмыс құрамы болмайды).[9. 156б].

Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің заңды екендігінің (құқыққа сыйымдылығының) шарттары төнген қауіптің алдын алуға да, сондай-ақ одан қорғануға да қатысты.

Аса қажеттілік туындайтын қауіптілік бар болуы керек. Аса қажеттілік кезінде қауіптіліктің бастапқы және соңғы сәттерін белгілеген жөн. Бастапқысы құқықпен қорғалатын мүдденің тікелей қауіптіліке келтіруімен байланысты және де бұл мүддені қорғау кезінде сәл де болса кеміту оған удәуір әкелуі ғажап емес. Осыған орай өткен қауіптілік те, алдағы қауіптілік те аса қажеттілік жағдайын туындатпайды.[12. 462б].