
- •Қажетті қорғану
- •Аса (мәжбүлік) қажеттілік
- •Орынды тәуекел
- •Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
- •Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру
- •Бұйрықты немесе өкімді орындау.
- •Қажетты қорғану
- •Күштеп немесе психикалық мәжбурлеу
- •Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру
- •Орынды тәуекел
- •Бұйрықты немесе өкімді орындау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген . Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот тергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Немесе бір топ бандиттер сақтық банкісіне шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге пышақ кезеу арқылы қорқытып, сейфтегі ақшаны тонап кетеді. Міне, осында келтірілген мысалдардағы жүргізушінің немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені олар іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз еріктерінен тыс, іс-әрекеттерін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.[5 . 136б].
Күштеу — бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданылып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмайды.[1. 20б].
36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің екі түрі — психикалық мәжбүрлеудің, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сактаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық және күштеп мәжбүрлеулер туралы болып отыр . Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті таңдай алу мүмкіндігі бар, яғни қылмысты істеуге немесе істемеуге. Мәжбүрлеудің осы екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген жағдайда олардың әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болған жағдайда ғана қылмыс болып табылады, ал зиян аз болса, ондай іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің 34-бабында көрсетілген аса қажеттілік ережесі қолданылып, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылады.[5. 140б].
Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру
Қазақстан республикасының 2001 жылғы 16-наурыздағы «Қазақстан Республикасының заң актілеріне ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар»
Заңымен ҚР Қылмыстық Кодексіне әрекеттегі қылмыстылықты жоятын мән-жайлары – «Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру» (ҚР ҚК 34-1-бабы) енгізілді.[1.35б ].
Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес істеген әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірілген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) істеген қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай – ақ, егер құқық қорғу мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәндә болмаса және егер оларды болғызбауғ ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс істеуге кінәлі адамдарды әшкерлеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру болса, қылмыс болып табылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне не денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін әрекет істеген адамдарға қолданылмайды.
ҚР ҚК 34-1-бабының бірінші бөлігінде көрсетілгендей, жедел -іздестіру шаралары субьектілердің екі тобымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін:
1) мемлекеттік органдардың уәкілеттік берген қызметкерлерімен;
2) осы органдармен қызметтес және осындай органдардың тапсырмасы жүктелген адамдармен.
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 6-бабына сәкес, қазіргі кезде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы бар органдарға мыналар жатады :
а) ішкі істер органдары
ә) ұлттық қауіпсіздік органдары
б) әскери барлау органдары
в) қаржы полициясы органдары
г) Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі.[7.325б].
ҚР ҚК 34-1-бабында көрсетілгендей, жедел-іздестіру шаралары қылмыстың жолын кесу, әшкерлеу, ашу немесе тергеу мақсатында ғана жүргізілуі тиіс. Сондықтан, егер, адам басқа мақсатта әрекет істейтін болса, онда онің мұндай қылықтары әрекеттегі қылмыстылықты жоятын мән-жайлар деп танылмайды.
Осыларға байланысты жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырудың үшінші заңды шарты, ҚР ҚК 34-1- бабына сәкес, осындай шараларды өткізудің мақсаты-қылмысты болдырмау, әшкерлеу, ашу немесе тергеу болып табылады.
Атап өту керек, жедел-іздестіру шараларынжүзеге асыру мұндай шаралар қатысудың әртүрлі нысандармен жасалған қылмыстарға қатысты жүргізілгенде ғана ірекеттегі қылмыстылық болдырмайтын мән-жайлар деп танылатын болады. ҚР ҚК 34-бабында қылмысқа қатысудың төмендегідей нысандары анықталғаны бклгілі:
- адамдар тобы ;
- күні бұрын сөз байласқан адамдар тобы;
- ұйымдасқан топ;
- қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым).
Қылмыстық заңнамалар жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға тек топ болып жасаған қылмыста ғана жол береді. ҚР ҚК 34-1- бабының мазмұнына қарай жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруды жеке адамның істеген қылмысында әрекеттегі қылмысында әрекеттегі қылмыстылқты жоятын мән-жайлар ретінде қолдану мүмкін емес. Сөйтіп, жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян тек құқықтық қорғалатын мүдделерге ғана зиян келтіреді екен.
Егер жедел - іздестіру шараларын жүзеге асырушы адам құқықтық қорғалатын мүдделерге топтасқан қылмыстылық келтірген зиянға қарағанда көбірек немесе оған тең зиян келтіретін болса, онда бұл адамның әрекетінде қылмыстылықты жоятын мән-жайлар бар деп тануға болмайды.[8. 185б].