- •Қр қылмыстық құқығы бойынша жазадан босату Мазмұны
- •1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері
- •Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі
- •3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
- •5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адмға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады» [1].
Жаза – мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган – сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан басқару органдарының атынан қолданылады.
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табыладытын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыраға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін аырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиалық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан мемлекеттік наградаларынан айыру.
2. Сотталған адамды маттериалдық жағынан айыруға байланысты жзалар; түзеу жұмыстары, аыппұл, мүлкін тіркілеу;
3. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға бойланысты жаза түрлері, өлім жазасы бас бостандығынан айыру, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерінің топтастырудың бұданда басқа жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа болінеді: Біріншісі топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрін айтамыз [2].
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында [3]:
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-тің 65-68-баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізденуі қажет, - деп атап көрсегілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартлай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның белігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кенінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану занға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қытлмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайындл ғана қолданылуы қажет.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жа-уаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауатылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қыл-мыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін [4].
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
