Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жазадан босату.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

Қр қылмыстық құқығы бойынша жазадан босату Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері........................................................5

2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі..................................................11

3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату....................13

4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату ...........................15

5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.........19

6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату.............19

Қорытынды ...........................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................25

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР қылмыстық заңы бойынша жазадан босатуды жан-жақты зерттеу. Біздің елімізде XX ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс-жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел алдында жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы Қылмыстық кодексі қылмыстылық пен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында манызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасандықтардан және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысындағы таптық көзқарас, бір жақты ұстанымдардан бостан болды.

Жаза тағайындау институты бұрында қолданыста болып келген ҚР 1960 жылғы ҚК-мен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза тағайындаудың барлық мәселелеріне арналған баптардаң редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жаңаша түзілді.

Қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгілі бір санаттағы қылмыс жасаған адамға тиімді бола отырып мемлекет атынан болатын әлеуметтік сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңілірек болуы тек қана соттың құзыретімен жүзеге асады деп айтуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша жазадан босатуды, жазадан босатудың түрлерін зерттеу.

Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық-атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.

Жазадан босатудың материалдық негізі сотталған адамға оның денсаулығына қатысты, немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты немесе кінәлінің түзелуі үшін жазаны толық өтеуінің қажет еместігі болып табылады.

Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау (ҚК-тің 63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан босату институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста болады [1].

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі алдыңғы заңдармен салыстырғанда, белгілі бір қылмысы үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты ұғымына талдау жасай отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қостады.

Курстық жұмыстың міндеттері. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша жазадан босатудың мынадай түрлерін қарастырдық:

  • жазадан босатудың түсінігі мен негіздері

  • рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі

  • ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

  • жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату

  • жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.