
- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді.Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:
Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.
Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай.
Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады.
Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Нарықтың «көрінбейтін қолы» – Адам Смит (қазіргі экономиканың негізін салушылардың бірі) ұсынған және экономиканың өзін-өзі реттеуі тетігін білдіретін аталым. Смиттің тұжырымдауынша, нарықтық экономикада жекелеген тұлғалар өз мүддесін басшылыққа ала отырып, бейнебір көрінбейтін қолмен бағытталып отырады және жалпы қоғамның мүдделерін еріксізден жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады.
А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген . «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес , өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады . Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т . б . мөлшерін анықтау болып табылады .
Жер бетінде классикалық экономика аталарының бірі атанған Адам Смит енгізген “көрінбейтін қол” теориясы 170 жылдай уақыт салтанат құрып келген еді. Дегенмен қоғамның даму барысында бір идеяны екінші бір идеяның, бір жаңалықты екінші бір жаңалықтың бекерге шығарып отыратыны секілді, соңғы жетпіс жылдың аясында бұл теорияға да сынық түсті.